1. Электрондық үкімет дегеніміз не?



Дата15.12.2023
өлшемі10,2 Kb.
#138452
Байланысты:
Икт бакылау сурактары


1. Электрондық үкімет дегеніміз не?

Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға
кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де – осы механизм.


2. Электрондық үкіметтің функциялары қандай?


*
* Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер: олардың нөмірлері мен қолданылу мерзімі;
* Тіркелген мекенжайы және туған жері;
* Жүргізуші куәлігінің нөмірі мен санаты, егер ол бар болса, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі;
* Неке қию туралы мәліметтер: тіркелген күні мен орны, жұбайының/зайыбының Т.А.Ә. және ЖСН, жұбайының қыз кезіндегі тегі;
* Әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді алушының мәртебесі (бар болған жағдайда);
* Мүліктің, жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер (бар болған жағдайда): оның мекенжайы және кадастрлық нөмірі;
* Егер бар болса, заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметтер;
* Автомобиль туралы деректер;
* Қызмет түрлері бойынша лицензиялардың болуы;
* Борышкерлер тізілімінде болуы немесе болмауы;
* Медициналық ұйымға тіркелу туралы ақпарат: емхананың атауы, учаскелік дәрігердің Т.А.Ә., тіркелген күні және тіркелген учаскенің нөмірі;
* Дара кәсіпкердің мәртебесі (бар болған жағдайда);
* Балалар туралы мәліметтер: аттары, ЖСН-рі, туған күндері (сіздің балаңыздың ЖСН-ін АХАЖ ақпараттық жүйесіне қосу үшін баланың актілік жазбасында ата-анасының ЖСН-рі болуы тиіс);
* Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар бойынша мәліметтер;
* Балабақшаға кезек нөмірі
* Тұрғын үйге кезек туралы мәліметтер;
* Өтелмеген әкімшілік айыппұлдардың болуы немесе болмауы;
* "E-Қызмет" АЖ мемлекеттік қызмет мәртебесі туралы мәлімет.

3. Электрондық үкімет сайтына қалай өтініш беруге болады?


E-otinish порталы арқылы қалай өтініш беруге болады:


1. Авторизациядан өту және «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (көрсетілетін қызметті алу үшін eotinish.kz сайтында тіркелген болуыңыз тиіс немесе бір реттік тіркелуіңіз тиіс).
2. Мемлекеттік органдарға өтініш беру.
3. Ұсынылған нысанды толтырыңыз.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) ЭЦҚ өтінішіне қол қойылсын және мемлекеттік органға жіберілсін.
5. Орындалуын қадағалаңыз

4. Электрондық үкімет сайты қандай қызметтерді ұсынады?


Электрондык укімет кызметі байланысымен камтамасыз


ету, акпараттык-коммуникациялык технология
аясында білім денгейін арттыру мен жергілікті апараттык тенсіздік бойынша уйымдастыру;е-укімет инфракурылымынын базалык компоненттерін калыптастыру жене
мемлекеттік органдардын акпаратык
инфракурылымын оптимизациялау;
Электрондык укіметтін акпараттык
инфракурылымын коргауды камтамасыз ету.

5. «Жоғары білім туралы құжаттың телнұсқасын алу» қызметін алудың шарттары қандай?


Еgov.kz арқылы:
- Ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметті табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
- Бірінші қадамда өзіңіз туралы мәліметтерді, қайта қалпына келтіретін құжаттың түрін таңдаңыз;
- Оқу орны жайлы мәліметтерді ұсынылған нұсқалардан "қосу" батырмасын басу арқылы көрсетіңіз;
- Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
- Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріп отырыңыз.
Есіңізде болсын
- Бұл қызмет түрін электронды алу үшін сіз міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз керек.


6. Виртуалды кеңесшімен қалай байланысуға болады?


1414 нөміріне тегін қоңырау шалу үшін пайдаланушы egov.kz порталына өтіп, төменгі оң жақ бұрыштағы «Виртуалды кеңесші» виджетін басу керек. Қалқымалы терезеде құлаққап түріндегі белгішені басып, қоңырау шалу керек.


7. Қызықтыратын сұрақтар бойынша қандай сандармен кеңесуге болады?


1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы
8. Жоғары білімнің телнұсқасын алу үшін қандай құжаттар тізімі қажет?
1.
2. Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғары оқу орны басшысының атына көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің (көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырылған сенімхат) өтініші;
3. көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
4. тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет