1. Әлем. Галактика. Метагалактика. Жұлдыздар


Табиғаттағы су айналымының сұлбасын сызып, талдау. Оның географиялық қабықтағы маңызын түсіндіру



бет19/26
Дата24.04.2022
өлшемі70,23 Kb.
#32039
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
81. Табиғаттағы су айналымының сұлбасын сызып, талдау. Оның географиялық қабықтағы маңызын түсіндіру.

Біздің мекен етіп жатқан ғаламшарымызға оның тіршілігі үшін де судың маңызы өте зор, ерекше. Табиғатта су баяу жылынады және баяу суиды. Осы қасиеті арқылы ол жердегі климатқа әсер ете алады. Одан бөлек күннен түскен жылу арқылы буланған су да, табиғат тепе-теңдігі үшін, тіршіліктің үйлесімділігі үшін аса маңызды. Оны ғылыми түрде су айналымы деп атаймыз. Іске асырылу процесіне тоқталар болсақ, буға айналған су ауаға, яғни атмосфераға барып суынады да, одан бұлттар пайда болады. Олар өз салмақтарын көтергенше, су буын жинақтаи береді. Міне осы уақытта егер оларға ешқандай сыртқы күштер әсер етпесе, бұлт сол қалыптасқан жеріне (мұхит, теңіз, өзен, т.б) жаңбыр не қар күйінде қайта түседі. Ал кей жағдайларда бұлттарға жел әсер етіп, оларды бір жерден екінші жерге айдап әкеп тастауы мүмкін. Осы жағдайда буға айналған су тек мұхиттарға ғана емес, құрлыққа да жауады. Алайда су қайтіп баяғы қалыптасқан жеріне қайтып келеді. Бұл деген жер бетіндегі су үнемі айналымда жүреді деген сөз. Айналым кіші( мұхит бетінен буланған судың қайта мұхитқа қосылуы)және дүниежүзілік (буланған судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа ауысуы) болып екіге бөлінеді. Жалпы, су айналымы тек гидросфера бөліктерін біріктіріп қоймайды, ол барлық қабат, сфераларды және тірі ағзаларды байланыстырады. Оның әсерінен олардың арасында жан-жақты күрделі өзара әрекеттер жүреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет