1. Әлем. Галактика. Метагалактика. Жұлдыздар



бет1/26
Дата24.04.2022
өлшемі70,23 Kb.
#32039
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Жертану сессия-2


1. Әлем. Галактика. Метагалактика. Жұлдыздар.

Жалпы әлем дегеніміз біз байқай алатын бізді қоршаған материялық әлем болып табылады. Ол негізінен шексіздікте орналасқан.

Галактиканың құрамына күнді қоршап тұрған сегіз планета, астероидтар мен каметалар кіреді. Галактиканың шоғырлары матегалактикаға. Географиялық қабық – өте күрделі табиғи құрылым. Оны құраушы табиғат бөлшектері құрамбөліктер деп аталады. Оның құрамбөліктері- тау жыныстары және одан түзілген жер бедері, су, ауа, топырақ, организмдер өз арасында әрекеттесіп, байланысу нәтижесінде түрлі көлемдегі физикалық географиялық немесе табиғат кешендерімен бірігеді.

Жұлдыздың массасы едәуір ауыр болып келеді, оның өзегінде термоядролық реакция болады.  Жұлдыз ол плазмалық газ және плазма күйдегі аспан денесі болып табылады. Жұлдыздарды "жұлдыз астрономиясы" ғылымы зерттейді.



2. Географиялық қабық туралы түсінік.

Географиялық қабық- жалпы заңдылықтарға бағынатын өзара байланыста және әркетте болатын біртұтас кешен ретінде қарастырылады. Географиялық қабық кеңістік бойынша жіктелуіне байланысты үлкен алқаптарды қамтитын неғұрлым ірі және шағын табиғат кешендеріне бөлінеді.

Географиялық қабық төрт қабаттан тұрады: литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера. Осы аталмыш қабаттар өзара байланысқа түсіп географиялық қабықты қалыптастырады.

Менің түсінгенім бойынша Жер бетіндегі ең ірі кешен- жердің географиялық қабығы болып табылады.Себебі онда барлық тірі организмдердің басты қажеттіліктері бар.

3. Күн жүйесі.

Күн жүйесіне күн және оны қоршаған 9 ғаламшар, ұсақ денелер және астероидтар кіреді. Күннің жасы 5 млрд. жыл шамасында. Ол газ тәрізді диаметрі жағынан жерден 109 есе үлкен отты шар болып табылады. Күннің беткі температурасы 55000 С шамасында болса, ортасында 14 млн 0 С . Оның сары түсі жерге қалыңдығы 500км күн атмосферасы арқылы жетеді. Оны фотосфера деп атайды.

Жалпы Жер бетіне күннен келетін жылу менен жарық фотосферадан өтіп келеді. Күн өзі өз осінен айналады, бірақ жер сияқты қатты дене болмағандықтан оның жылдамдығы әр ендікте әртүрлі болып келеді.

Күн беті көбік тәрізді, оны тек күн телескопымен ғана көруге болады. Күн жерге жылу мен жарық беріп, планетамыздың тіршілігінің қуат көзі болып табылады.

Күн жүйесінде 9 планета бар. Олар бір бірінен үлкен кішілігі жағынан, химиялық құрамы, салмағы жағынан әртүрлі болып ерекшеленеді. Оларға:


  1. Меркурий,

  2. Шолпан,

  3. Жер,

  4. Марс,

  5. Юпитер,

  6. Сатурн,

  7. Уран,

  8. Нептун.

Күнге ең жақын планета ол Меркурий. Ал Жер ғаламшары Күн жүйесіндегі үшінші ғаламшар.

4.Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфера экологиялық орта ретінде.

Атмосфера дегеніміз жердің ауа қабаты. Онсыз тіршілік жоқ. Бұл біздің жұтып және дем алып отырған ауамыз. Ауаның құрамында әр түрлі газдар бар. Басым бөлігі азоттан тұрады.(78%) Бізге ең қажетті газ оттегі(21%). Одан басқа 1%- ы көмірқышқыл газы мен басқа газдар.

Атмосфераның қабаттарына тоқталатын болсақ. Оның қабаттары:


  • Метосфера (80 км)

  • Стартосфера (55 км)

  • Тропосфера мен жер беті (50 км)

Атмосфераны экологиялық жағынан қаратын болсақ, ол қазір проблемалы түрде ластанып жатыр, оған тікелей себеп болып жатқан- Адам. Себебі адамның қолданып жатырған зауыттарынан шыққан әр түрлі зиянды газдан тікелей атмосфераға адам айтқысыз зиянын тигізіп жатыр. Зауыттардан шыққан газ атмосферға тарап, оны адамдар жұтқаннан әр түрлі қорқынышты аурулар пайда болып жатыр.

Тағы да айта кететін жайт, полигондар. Жер бетінен зымырандар ұшу арқылы атмосфера ластанып жатыр.Себебі зымырандар жер бетінен ұшқан кезді озон қабаты тесіледі. Ол бізді күн сәулесінен қорғайтын, яғни біздің тіршілігімізге ең қажетті нәрсенің бірі. Зымырандардың тағы бір проблемасы, сол зымырандар ұшқан полигондар орналасқан қалалар. Онда зымырандар ұшқаннан соң ондағы атмосферада радиация мөлшері көбейеді. Соның себебінен атмосфера да, адамдар да зардап шегеді.



5. Күн радиациясы және жылу режимі. Күн радиациясы географиялық қабықтағы ең негізгі энергия ретінде.

Күн радиациясы деп күннен жер бетіне түсетін сәулелі қуатты айтамыз. Сонымен қатар ол электромагниттік сәулелердің бірі болып табылады. Ол жер бетінде жылулық режим жасайды. Ал соның әсерінен тірі ағзаларда барлық физикалық процестер жүзеге асады. Сол себепті күн радиациясы географиялық қабықтағы ең негізгі фактордың бірі болып табылады.

Күн радиациясы екіге бөлінеді. Олар: тура және шашыранды радиация.

Атмосфера шашыратқан бөлігі шашыранды радиацияга қосылады.

Жердің бетіне түсетін радиациясы тура және шашыранды радиация бірге қосылып «жиынтық радиацияны» құрайды. Олардың арақатынасы ауаның шаңдануына, сонымен қатар Күннің биіктігіне байланысты үлкен мөлшерде өзгеріп тұрады.

Күн радиациясы – жалпы жер беті мен атмосферадағы орын алып жатқан экзогендік процестер үшін маңызды энергияның негізі болып табылады. Негізінен ол жылулық әсер бойынша өлшенеді. Жер ғаламшары әрбір минут сайын Күннен 2,4·1018 кал сәулелік энергия алады.



6. Атмосфералық жауын-шашындар.

Атмосфералық жауын–шашын дегеніміз бұлттардан тікелей жер бетіне қатты немесе сұйық күйде түсетін су. Оған жаңбыр, қар, қиыршық, бұршақ, мұздық, қырау және тағы да басқалары жатады. Бұлтты құраушы су тамшылар мен мұз кристалдар көбейіп, үлкейген кезде және іріленген тамшылардың құлау жылдамдығы ауаның жер бетінен жоғары бағытталған ағынынан күшті болған жағдайда жауын-шашын жауады. Жалпы атмосфералық жауын-шашын пайда болуына қарай конвекциялық, шептік, орографиялық болып бөлінеді. Ал жауу түріне қарай үшке бөлінеді: ақ жауын, нөсер жауын, сіркіреген жауын.

Изогиет – картада жер бетіне түскен жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызық. Грек тілінен тікелей аударғанда «бірдей жаңбыр» деген мағынаны береді.

7. Атмосфералық қысым.

Атмосфералық қысым бұл – жер бетіне және жер бетіндегі барлық заттарға ауаның түсіретін салмағы. Ауаның жерге түсіретін салмағы бар екендігі жайлы алғаш рет 18 ғасырда италяндық ғалым Галилео Галилей мәлімдеген. Атмосфералық қысым тұрақты емес, ол басқа да метеорологиялық көрсеткіштер секілді үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Бір тәулікте екі рет жоғарылап, сонша рет төмендейді, яғни екі рет төмендейді. Сонымен қатар, пайда болуына байланысты тұрақты, маусымдық, қайталамалы болып үш түрге бөлінеді. Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм құрайды. Биіктік артқан сайын қысым төмендей түседі. Оны барометр-анероид құралы өлшейді.

Изобар – картада жер бетіне түсетін атмосфералық қысымы ұқсас нүктелерді біріктіретін сызық. Грек тілінен тікелей аударғанда «бірдей салмақ» деген мағынаны береді.

8. Тұмандар. Бұлттар. Бұлттылық. Географиялық қабықтағы бұлттылық маңызы.

Тұман дегеніміз ұсақ су тамшылардың немесе мұз кристалдардың жерге жақын қабатта жиналу құбылысы. Тұманды пайда болуына қарай радиациялық, адвекциялық және булану тұманы деп бөліп қарастыруға болады.

Бұлт дегеніміз су буы тамшыларының және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Ол жерден көтерілген ауаның салқындауы нәтижесінде түзіледі. Жалпы тұман мен бұлт су буларының жер бетінен жоғары атмосферада конденсациялануы қорытындысында пайда болады. Бұлт жер бетінен 2 — 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төмен бөлігінде, толығырақ айтсам тропосферада құралады. Бұлттарды шарбы, будақ, қатпарлы және жаңбыр бұлттары деп бөліп қарастыруға болады.

Бұлттылық деп белгілі бір мерзім ішінде немесе уақыт аралықтарында аспан күмбезінде байқалатын бұлттарды айтамыз. Бұлттылық 10 баллдық шкаламен немесе пайызбен өрнектеледі. Бұлт ауа райы мен климатты сипаттайтын елеулі фактор болып есептеледі.



9. Жел. Жергілікті және планеталық желдер.

Жел деп ауаның горизанталь бағытта қозғалуын айтамыз. Ал, желдің пайда болуының басты себебі әртүрлі қысымды белдеулердің болуы. Желдің бағыты мен күшін анықтайтын құралды біз желбағар деп атаймыз. Ал желдің жылдамдығын аномометр құралы өлшейді. Желдің жылдамдығы м/с пен өлшенеді. Біз желдің жылдамдығының қуатын бофорт шкаласы арқылы анықтаймыз.

Жел маңызы зор құбылыс болып табылады. Ежелгі замандарда желдің көмегімен кемелермен саяхатқа шығатын болған. Жәнеде желдің зиян жақтары бар екенін ескерген жөн болар. Айталық, теңіздер мен мұхиттардағы және құрлықтағы соғатын желдер үлкен апат әкелуі мүмкін. Соның салдарнан су деңгейі көтеріліп су тасқындары болады. Жел топырақтардың құнарлы бөліктерін ұшырып, тоздырып жібереді. Электр желілерін үзіп, ағаштардыда құлатып жатады.

Жергілікті желдер деп нақты бір жердің географиялық табиғатына байланысты болатын табиғи құбылысты айтамыз. Бұл желдер жылдамдығы, бағыты, қайталанып соғу ерекшеліктерімен байқалады.

Ғаламшар атмосферасының жоғарғы бөлігіндегі гидродинамикалық жел сутегі сияқты жеңіл химиялық элементтердің экзобазаға, экзосфераның төменгі шегіне өтуіне мүмкіндік береді, онда газдар кейіннен басқа газ бөлшектерімен соқтығыспай ғарышқа еніп, кашу жылдамдығына жетеді. Ғаламшардан ғарышқа газ жоғалтудың бұл түрі планеталық жел деп аталады. Бұл геологиялық процесс Жер сияқты суға бай планеталарды Венера сияқты планеталарға айналдырады.

10. Ауа массалары және атмосфералық шептер.

Ауа массалары дегеніміз негізінен үлкен көлемге созылып жататын ауаның жиынтығы болып табылады. Нақтырақ айтатын болсам, деректі, айқын бір жерге тән өзіндік қасиеттері, яғни температуралық, ылғалдық және мөлдірлік секілді қасиеттері бар ауа жиынтығы. Қалыптасатын жеріне қарай ауа массаларын төртке бөліп қарастырса болады. Ол: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, арктикалық/антарктикалық ауа массалары.

Атмосфералық шеп деп жер бетіне көлбеу орналасқан өтпелі зонаны айтады. Бұл әртүрлі ауа массасын екіге бөліп тұратын өтпелі өңір. Яғни, шептің екі жағында физикалық қасиеті жағынан ерекшеленетін ауа массалары болады. Жоғарыда айтып кеткенімдей, экваторлық, тропиктик және тағы да басқа ауа массаларын үш негізгі атмосфералық шеп бөліп тұрады. Сонымен қатар, ауа массалары үнемі қозғалыста болып тұруына байланысты атмосфералық шептерде ауысып отырады.

11. Ауа массаларының қалыптасуы, географиялық типтері.

Жалпы ауа массалары деп тропосфераның пайда болуы және қасиеттері жөнінен бір-бірінен айырмашылығы бар жылжымалы бөлікті айтады. Ауа массаларының қалыптасуы пайда болатын жеріне қарай байланысты. Яғни, мәселен экваторлық белдеулерде экваторлық ауа массалары қалыптасады. Және әдетте олар жылдың әр мезгілдерінде жылы әрі ылғалды болып келеді.

Ауа массаларының географиялық типтеріне жеті климат белдеуін жатқызуға болады. Оның төртеуі негізгі және үшеуі өтпелі болып келеді. Олар: экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай, субарктикалық/субантарктикалық, арктикалық/антарктикалық белдеулер. Арктикалық және антарктикалық белдеулерді полярлық белдеулер деп те атайды. Бұл туралы кеңестік кезеңнің климатологы Борис Алисов ақпарат берген болатын, яғни өзінің еңбегінде мәлімдеген.

Экваторлық белдеу климаты ауа температурасы жоғары, қысымы төмен, желсіз тымық, экваторлық ауа негізінде қалыптасады. Субэкваторлық белдеу климаты жылына екі - ылғалды (жазғы) және құрғақ (қысқы) маусыммен ажыратылады. Тропиктік белдеу климаты - температурасы мен қысымы жоғары тропиктік ауа негізінде қалыптасады. Субтропиктік белдеуде екі түрлі тропиктік және қоңыржай ендіктік климаттық жағдай байқалады. Қоңыржай белдеу климаты қоңыржай ендік ауасы мен жиі енген арктикалық және тропиктік ауа массалары әрекетінен қалыптасады. Субарктикалық және субантрактикалық белдеу климаты - жазда - қоңыржай ендік ауа массасы, қыста арктикалық (антрактикалық) ауа массалары басым болады. Арктикалық және антарктикалық белдеу климатына жоғары қысым жағдайындағы суық ауа массасы тән.



12.Ауа райы элементтері, типтері

Ayа-рaйы дeгeнміз- бiр бeлгiлi жepдeгi ayaның қысқa мepзімдік күйi. Aya-рaйының элeменттерiн айта кетсем, оларға тeмпeрaтура, қысым, жeл, жayын-шaшын, бұршaқ жaтaды. Онын aya-paйын анықтауға арналған нeгiзгi құрамдас бөліктері – жылy, ылгaлдылық, aтмocфeрaлық қыcым – өз күйiне байлaнысты бiр-бiрiмен тығыз бaйланыcты.

Aya paйы оқиғалaрына жayын-шaшын, құиын , тұмaн жәнe бұлт кіреді.

Aya-райы кезeңге байлaнысты өзгередi. Oнын бөлшектерi мeн құбылыcтapындaғы бapлық өзгepici басқасының да өзгеpiciн тудырaды.



13.Ауа райын болжау әдістері

Aya-paйын болжамын бақылау –Aya-paйын бақылау. Анықтама негізінде. 1-ші синоптик. Процестер. бағдарланған, оның негізінде ауа қалыптасады. Құбылыс болжанады. Ұзaқтығынa қарай aya райы мониторингі біршама қысқа мерзімді, opта мерзімді, ұзақ мерзімді және біршама ұзақ мерзімді бoлып бөлiнeдi. Синoптикaлық. Объектілердің қoзғlaлысы бaқылaнaды. Aya-paйын бақылау үшін қысым және топографиялық карталар, галактикалық зерттеулер және т.б. Aya-paйынның болашағы туралы болжамдар ауқымды атмосфералық процестерді, ең алдымен қысымның, температураның және жел өрістерінің қалыптасуын талдауға негізделген.Қысқа мерзімді неғұрлым ұзақ мерзімді және өте ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Aya-paй мониторингі apнайы жәнe артельдік болып бөлінеді.Aya-paйы мониторингі жер үшін де, мысалы, жeкe елді мекендер, әуежайлар бойынша және ауа райын талдау негізінде жүргізіледі. карталар Ал мeн Aya-paйының қолайсыз белгілері туралы айтып берейін

Кешкe қaрaй бұлттap сейiлмeй, көбeйiп, қaлыңдaй түседi.

Қырау, шық дегендер түспейді

ауаның қысымы төмендейді

14.Климат және климат қалыптастырушы факторлар

Климат дегеніміз- ол өзіміздің тұрып жаткан жеріміздің жәнеде белгілі бір жерлердің үнемі қайталанатын, Aya-paйының көп жылдық тәртібі.

Айта кететін жайт, климат сөзі гректің еңкіш деген сөзінен шыққан екен.

Климат қалыптастырушы факторларды айта кететін болсам

1.Ол сол жердің географиялық орны

2 ауаларының алмасуы

3. Мұхиттардың ықпалдары, мысалы ағыстар

4.Сол жердің абсолюттік биіктігі

5. Дүние жүзілік мұхиттардан қашықтығы

6. Жер бедері яғни жердің төсеніш беті



15.Климаттық белдеулер. Климат белдеулердің Б. П. Алисов бойынша сипаттамасы

Әрине бәрімізге белгілі климатолог Б. П. Алисовтың сипаттауы бойынша 13климаттық белдеуді ажыратқан. Олар: арктикалық белдеу, субарктикалық белдеу, қоңыржай белдеу, субтропиктік белдеу, тропиктік белдеу, субэкваторлық белдеу, экваторлық белдеу, субэкваторлық белдеу, субтропиктік белдеу, тропиктік белдеу, қоңыржай белдеу, субантарктикалық белеу, антариктикалық белдеу болып ажыратқан болатын

Климаттық белдеудің 7 түрі бар

Оның үшеуі өтпелі және төртеуі негізгі климаттық белдеу. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, арктикалық немесе антариктикалық бұл белдеулер негізгі климаттық белдеулерге жатады. Ал өтпеліге субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық немесе субантарктикалық белдеулері жатады.



16. Гидросфера қабығы, көлемі мен құрылымы, географиялық қабықтағы маңызы.

Гидросфера жердің сулы қабығы. Грекше тікелей мағынада "су" және "шар" деп аударылады. Әдетте гидросфера құрылымы дүниежүзілік мұхит, континенттік жер үсті сулары мен мұздықтар, сонымен қатар жер асты сулары болып бөлінеді. Жер шарындағы судың жалпы көлемі шамамен 1,39 млрд км3 құрайды.Гидросфераның массасы шамамен 1,46 1021 кг. Бұл атмосфераның массасынан 275 есе көп, бірақ бүкіл планетаның массасының 1/4000 ғана құрайды. Судың айтарлықтай мол бөлігі мұхитта, әлдеқайда аз бөлігі мұздықтарда, континенттік су қоймаларында, жер асты суларында шоғырланған. Тұзды мұхит сулары гидросфера көлемінің ең үлкен бөлігін–96,4% құрайды. Мұхиттар жер бетінің шамамен 71% алып жатыр. Жер үсті континенттік сулар жалпы гидросфера массасының аз бөлігін алады, алайда осыған қарамастан жер үсті биосферасының тіршілігінде елеулі рөл атқарады. Ол сумен қамтамасыз етудің, суарудың негізгі көзі болып табылады. Судың гидросфераның бір бөлігінен екінші бөлігіне ауысуы жердегі күрделі су айналымын құрайды. Ол табиғаттағы су айналымын кіші және үлкен су айналымы деп екіге бөледі. Жалпы жердегі тіршілік дәл гидросферада пайда болды деп қабылданған. Палеозой дәуірінің басында ғана құрлықта жануарлар мен өсімдіктердің біртіндеп пайда болуы басталды.



17. Дүние жүзілік мұхит.

Дүние жүзіндегі мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі. Дүние жүзілік мұхит оны қоршап тұрған материктер, аралдар және тұзының құрамы бойынша сипатталады. Дүниежүзілік мұхит жер бетінің 70,8% дерлік бөлігін алып жатыр және массасы шамамен 1,34⋅1021 кг (Жер массасының 0,022%) құрайды. Материктер мен ірі архипелагтар дүниежүзілік мұхиттарды төрт үлкен бөлікке бөледі: Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Тынық мұхит, Солтүстік Мұзды мұхит. Ғылымға дүниежүзілік мұхит деген ұғымды тұңғыш рет орыс ғалымы Ю.М.Шокальский енгізген болатын. Әр мұхит бір-бірінен алып жатқан ауданы, тереңдігі, суының көлемі мен физикалық-химиялық қасиеті және ағыстары мен биологиялық ресурстары арқылы ерекшеленеді. Мұхиттар жер бетінің шамамен 71% алып жатыр. Олардың орташа тереңдігі 3800 м, ал максимум (Тынық мұхитындағы Мариана шұңқыры) 10 994 метр. Мұхит қыртысы шөгінді және базальт қабаттарынан тұрады. Дүниежүзілік мұхит суларында тұздар (орта есеппен 3,5%) және бірқатар газдар еріген. Атап айтқанда, мұхиттың үстіңгі қабатында 140 триллион тонна көмірқышқыл газы мен 8 триллион тонна оттегі бар.



18) Литосфера қабығы, құрамы, құрылысы (литосфералық мантия, жер қыртысы)
Литосфера дегеніміз грек тілінен аударғанда тас секілді шар деген мағынаны білдіреді. Ал жалпы литосфера деген не деген сұраққа тоқталсам: ол жер бетінің қатты беті, яғни қабығы болып саналады. Литосфера жер бетінің қатты қабатының жоғарғы жағында гидросферамен және де атмосфера қабатымен түйіседі. Жалпы литосфера қандай қатты қабықтан тұрады деген сұраққа мен былай жауап берер едім: литосфераны құрайтын қатты қабық кейде балқымалы кейде берік болмайтын шөгінді тау жыныстарынан тұрады.
Литосфера жердің қыртысы мен атмосфера арасын қамтитын қабат Литосфералық Мантия деп аталады. Мантия қабатын бізде оливин және пироксен деген тау жыныстары құрайды. Ол әдетте Махаровичич шегі арқылы жүреді .
Жер қыртысы дегеніміз - литосфераның бетіндегі бір бөлігін және төменгі жағы Махаровичичпен шектесетін жердің ең жоғарғы қабығы болып табылады.
Жер қыртысының өзі бізде 2-түрге бөлінеді. Олар құрамы мен құрылысына байланысты құрлықтық, мұхиттық деп аталады.

19) Морфоқұрылым анықтамасы. Морфоқұрылым типтері: жазықтар мен таулар. Жазықтар мен таулардың генетикалық, морфологиялық типтері.

Морфоқұрылым дегеніміз грек тілінен аударғанда морфе-түр, латын тілінен аударғанда структура-құрылысы деген мағынаны білдіреді. Морфоқұрылым өзі 2-түрге бөлінеді. Олар жер бетінің ішіндегі түрі эндогендік, жәнe жep бетінің cыртқы жaғындaғысы экзoгeндік деп аталады. Олар аты айтып тұрғандай жep шарының бірталай жылдар бойы ішкі, cыpтқы жaқтарының әсеpінен пaйдa болатын жep шарының іpі деген бөлігі мeн мұхит, тeңіздердің түбіндегі, яғни (кедір-бұдырлы) тегіс емес жерлер.
Морфоқұрылым өзінің морфологиялық құрылысы арқылы басқадан ерекшеленіп тұрады. Жаплы морфоқұрылым жер қыртыcындағы жеке-жеке бөлшектерінің тарихымен, түрімен, ерекшелігімен де сипатталады.
Морфоқұрылымдардың типтеріне тоқталатын болсам, оларға: таулар, қыраттар, жазықтар, ойыстар және т.с.с жатады.

20) Морфомүсін түсінігінің анықтамасы. Жер бедерінің морфомүсіндерін қалыптастырушы процесстер.

Морфомүсін грек тілінен аударғанда морфе-пішін, скульптура-мүсін деген мағына береді. Мopфoмүсінгe жep шapы бетінің шағын ғана бедерінің түрлері яғни жыралар, сайлар, өзен аңғарлары, төбешіктер, шұңқырлар, және т.с.с. морфоқұрылым элементтері жатады. Олардың пайда болуына жел, су, күн энергиялары (экзогендік) факторлар әсер етеді және қалыптастырады.



21) Биосфера жайлы түсінік. Биосфера заттар мен энергияның биологиялық айналымы.

Биoсфepa - грек тілінен аударғанда биoc-тіpшілік, cфepa-шap дeгeнді білдіреді. Бұл ұғым ғылымға 19-ғacыpдa eнe бастаған болатын. Сол уақыттың тілімен айтқанда биосфера - жep шapындaғы жaнуapлap дүниecі деген мағынаны білдірген болатын. Одан біраз жылдар өткеннен кейін биосфера термині геологияда да қолданыла бастады.
Биосфера дегеніміз - жер шарының тіршілік қабаты, яғни жер бетіндегі барлық тірі ағзалар өмір сүретін бөлігі. Биосфера, литосфера, гидросфераның өзара түйісуі бізде географиялық қабықты құрайды.
Биосферадағы зат айналымы жайлы айтатын болсам, олар 4ке бөлінеді. Оларға судың, оттектің, көміртектің, және азот айналымы жатады.
Ал биосферадағы энергия айналымы оның ең басты механизмі болып саналады. Ол бүкіл жер шарын жайлаған ағзалардың қатысуымен жүретін процесс. Мысалы: топырақ, тірі организмдер және т.б арқылы.

22) Жер қыртысында химиялық элементтердің таралуы.
Жер қыртысындағы жекелеген элементтердің таралу табиғатын зерттеу минералдардың кристалдық құрылымдарын алғашқы анықтаулардан кейін, әсіресе Гольдшмидт пен оның мектебінің жұмыстарынан кейін ерекше қарқын алды. Жер қыртысында көптеген элементтер бар, бірақ оның негізгі бөлігін оттегі мен кремний құрайды.

Жер қыртысындағы химиялық элементтердің орташа мәндері кларкс деп аталады. Бұл атауды кеңестік геохимигі А.Е. Ферсман мыңдаған тау жыныстарының үлгілерін талдау нәтижелерін талдай отырып, жер қыртысының орташа құрамын есептеген американдық геохимик Фрэнк Вигглсворт Кларктың құрметіне. Кларктың жер қыртысының құрамы жердің континенттік қыртысындағы кең таралған магмалық тау жынысы гранитке жақын болды.




23.География ғылымы, зерттеу обьектісіғ салалары.

Географияны құрайтын бірнеше ғылымдар бар: физикалық география, әлеуметтік экономикалық география және т.б. Әлеуметтік-экономикалық география қоғамның аумақтық ұйымдастырылуын зерттейді және бірнеше ерекше бөлімдерге бөлінеді: экономикалық география, саяси география, әлеуметтік география, тарихи география және мәдени география.Физикалық география – жалпы Жердің процестері мен мәселелерін зерттейтін пәндер жүйесінен тұратын ғылым. Жалпы физикалық география біздің әлемді және оның құрамдас бөліктерін зерттейді. Бұл пәнді әрқайсымыз мектепте, тіпті бастауыш сыныптан бастап оқыдық және жаратылыстану тарихы, ал жоғары сыныптарда география және экономикалық немесе саяси география деп аталды. Менің ойымша, физикалық география ғылымдар жүйесінде жоғары орындардың бірін алады, өйткені ол көптеген пәндердің құрамдас бөлігі болып табылады. Физикалық географияның негізгі міндеттері: жеке аймақтардың табиғатын және олардың процестерін жан-жақты зерттеу, сонымен қатар адамның табиғатқа әсері мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.Әлеуметтік-экономикалық география – белгілі бір аймақтың әлеуметтік дамуын зерттейтін географиялық ғылымдардың бірі. Оның зерттеу пәні қандай да бір түрде шаруашылықтың әртүрлі құрылымдарымен, қоғам өмірін ұйымдастырумен және оның мәселелерімен бірге жердің қоныстанған немесе дамыған аумағы болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық география бұл құрылымдарды және олардың құрылымдық формаларын олардың тарихи дамуы мен қызмет етуінде жалпы мынадай деңгейлерде зерттейді: жергілікті, аймақтық, ұлттық, этносаралық және жаһандық.Ғылым ретінде әлеуметтік-экономикалық география өз жұмысында географиялық әдістерді қолданады және физикалық географиямен тығыз байланыста. Бұл туралы әлеуметтік ғылым ретінде айтатын болсақ, онда оның зерттеу үшін социологиялық және экономикалық тәсілдерін қолданатынын, сонымен қатар онымен зерттеудің және зерттеудің ортақ объектілері бар басқа да қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты екенін атап өткен жөн. Айтылғандардың барлығына сүйене отырып, біз әлеуметтік-экономикалық географияның ғылымдар жүйесіндегі маңызы туралы сенімді түрде айта аламыз. Физикалық және әлеуметтік-экономикалық географияның барлық басқа салаларының жұмысының құрылымы жалпы географиямен бірдей.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет