1. Әлемдік саясат ұғымы және халықаралық



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата15.12.2023
өлшемі205,42 Kb.
#137976
1   2   3
Байланысты:
f61c02bc898165

Аймақтық ұйымдар
Аталмыш ұйымдар белгілі бір 
аймақта қатар орналасқан мемлекеттердің түрлі экономикалық, 
саяси, әлеуметтік мүдделеріне байланысты құрылған бірлестіктер 
мен одақтарды біріктіреді. Олардың ішіндегі ең танымалдары:
- Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы
(ЕҚЫҰ - ОБСЕ). Оның тарихын 1972 жылы маусымда Брюссель 
қаласында Еуропалық ұйымға мүше мемлекеттердің ортақ 
мәселелерін шешу жөнінде өткен Ассамблеясынан бастауға 
болады. Бұл жиында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі 


қағидалары жарияланып, жалпы еуропалық кеңес шақыру 
жөнінде мәлімдеме қабылданды. 1972 жылы 22 қарашада 
Еуропаның 33 елі және АҚШ пен Канада өкілдері Хельсинкиде 
көп жакты келіссөздерді бастады. Қатысушы елдердің 15-і НАТО, 
7-уі Варшава Шарты үйымының мүшелері, 12-сі бейтарап 
мемлекеттер болды. Келіссөздерге қатысушылар 1973 жылы
шілдеде қорытынды нұсқаның мәтінін жасап, оны «Көкшіл 
кітап» деп атады және кеңес үш кезеңмен өткізілетін болып 
келісілді.
Бүгінгі таңда ұйымға 57 ел мүше болып кірген. 1992 жылғы 
қаңтардан бастап Қазақстан аталған Ұйымның қатысушысына 
айналды. 2010 жылы Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ саммитіне 
56 ресми өкілге және 8 бақылаушы мемлекеттер қатысып 
Қазақстан төрағалық етті.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 
(ШЫҰ) 2001 жылы 
маусымда Шанхай қаласында құрылды. Ұйымға Қытай, Ресей, 
Қазақстан, 
Қырғызстан, 
Түрікменстан 
және 
Өзбекстан 
мемлекеттері мүше.
Мақсаты - Орталық Азия ішкі және сыртқы қауіптеріне төтеп 
бере алатын жүйені құру. 
Бұл ұйым алғашқыда алдына қойылған Қытай және онымен 
шектесетін КСРО-ның бұрынғы республикалары арасында 
шекаралық түзету міндеттерін негізінде толық шешті. Қатысушы 
– елдермен көп жақты қатынастардың маңызды позитивті тәжірибе 
жиналды. ШЫҰ кіретін әрбір ел, ұйым оларға өздерінің 
индивидуалды міндеттері мен проблемаларын шешу үшін 
ұжымдық рычагтарды қолданудың үлкен мүмкіндіктерін береді 
деп санады. 
Сондай-ақ, аймақтық ұйымдар қатарына ОИС (Ислам 
Ынтымақтастығы Ұйымы), АСЕАН (Тынық мұхит аймағы 
елдерінің ұйымы), ОАГ (Араб елдері мемлекеттерінің Ұйымы), 
ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) т.б. жатқызуға болады.

Document Outline

  • 1. Әлемдік саясат ұғымы және халықаралық
  • қатынастар жүйесі. Геосаясат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет