1. Әлеуметтік топтар дегеніміз не?



Дата28.04.2023
өлшемі55,51 Kb.
#87643
Байланысты:
социология

«Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік топтағы адамдарды қолдау мен олардың мүдделерін қолдау мен жетілдірудің жолдарына сіздің көзқарастарыңыз»



Жоспары:
1. Әлеуметтік топтар дегеніміз не?
2.Ол топтарға қандай көмек көрсетілуі тиіс
3.Еліміздегі ондай топтарға қандай жағдай жасалуда
4.Қорытынды
Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қатысты мемлекет ұсынатын қандай да бір мүмкіндіктер мен қызметтер туралы ұсынылған ақпарат та толық емес. Азаматтардың өзі бұл жағдайды қалай шешіп жүргенін, олардың ақпараттық жағынан қаншалықты хабардар екенін, тиісті көмекті қандай көлемде және қаншалықты сапалы алып жүргенін түсіну де қиын.Әлеуметтік жағынан әлсіз топқа белгілі бір жағдайларға байланысты үйінен, асыраушысынан немесе еңбек ету қабілетінен айырылған (туғаннан болмаған) азаматтарды жатқызады.Кіріс тұрғысынан алғанда, әңгіме өмірлік жағдайының қиын болуына байланысты кірісі төмен немесе ешқандай ақша табуға мүмкіндігі жоқ азаматтар туралы.Халықтың әлсіз әлеуметтік топтарына қатысты саясат әр категория тұрғысынан алғанда әртүрлі, ол бірнеше бағыттан тұрады. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін төлем бар, оның өзі бірнеше деңгейден тұрады. Бұған қоса, білім беру және тұрғын үй саясатында белгілі бір жеңілдіктер бар, бірқатар медициналық қызмет түрі тегін көрсетіледі, бірқатар алым мен салықтан босатылады.Халықтың әлсіз әлеуметтік тобына жататындардың ішінде белгілі бір категориялар мемлекеттің тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тек үй алып қана қоймай, өздеріне мейлінше қолайлы үйді таңдауға құқылы, ол үйдің арнайы құралдар мен жүріп-тұруға бейімделген болуын да талап ете алады. Мүгедектерге тиесілі қызмет түрлері тізімінде толыққанды өмір сүру үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету де бар.Жетім балалар да кәмелеттік жасқа толғаннан кейін үй алуға құқылы.
Елімізде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына көмектің бірнеше түрі (көпбалалы аналарға арналған жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, кепілдендірілген әлеуметтік топтама, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдер, тұрғын үй көмегі, тұрғын үй сертификаты және қайырымдылық көмектер) көрсетілетіні белгілі. Әлеуметтік көмектер көрсетудегі негізгі ұстаным — шынайы мұқтаж азаматтарға көмектесу.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Халық табысын арттыру бағдарламасында азаматтар кірісін көтеруге бағытталған нақты шаралар қарастырылған.
Әлеуметтік саладағы өзекті мәселелердің бірі – аз қамтылған отбасылардың жағдайы. Біз күнкөріс деңгейі кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетеміз. Мүгедектігіне, асыраушысынан айрылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидатына негізделген. Барлық жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі – азаматтар) өмірдегі қатерлі жағдайлар туындаған кезде еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгедей көзделмесе, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады. Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтері мен еңбекақы жүйесінде өзара байланыс болмауының салдарынан жұмыс істейтін халықтың табыс деңгейі мен әлеуметтік төлемдер арасында тиісті байланыс болмай отыр. Нәтижесінде, жұмыс істейтін халықтың бір бөлігі әлеуметтік жүйеге үлесі болмаған азаматтардың алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен де аз жалақы алады.
Жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда аударымының мөлшеріне қарай қосымша қорғаудың шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйесі республикада жоқ.
Азаматтың еңбек үлесі ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінде ішінара ғана ескеріледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі – қартайған шақтағы қамсыздандырудың қатысушылар арасында ынтымақтасусыз, жинақтау қағидатына негізделген жүйеге қатысуға пәрменді ынталандыратын бірден бір түрі.Әлеуметтік қорғаудың іске асыруға ұсынылып отырған жүйесі:
Әділ – әлеуметтік қорғау құқығын іске асыру алушылар үшін жеңіл, қол жетерлік болуы тиіс. Мемлекет кепілдік берген ең төменгі жәрдемақылар көлемі бірдей әлеуметтік қатер туындаған кезде еңбек өтілі мен жалақысына байланыссыз төлемдердің кең деңгейін ұсынуы тиіс. Сонымен бір мезгілде, қосымша қорғау деңгейі әрбір нақты адамның қатысуының ұзақтығы мен мөлшеріне байланысты болуы керек;
Әрбір азаматтың мемлекетке тәуелділігін емес, оның жеке жауапкершілігін ынталандыруы тиіс. Тұтастай алғанда, барлық еңбекке қабілетті азаматтар өзінің жеке басының болашағы мен өз отбасының әл-ауқаты үшін жауапты болуға ұмтылуы тиіс;
Пәрменді – жәрдемақылар атаулы болуы тиіс, яғни оны алуға құқығы бар және оған аса мұқтаж адамдарға беріледі;
Тиімді, яғни ашық және жақсы басқарылатын, шығыны аз және қарапайым болуы қажет. Жүйенің негізгі компоненттері икемді реттелуі қажет;
Қол жетерлік, яғни белгілі бір мерзім ішінде халықтың барынша толық қамтылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Осы айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік қатерлер негізінде қорғаудың мынадай элементтерін қамтитын әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастыру көзделіп отыр:
Барлық азаматтарға әлеуметтік қатерлерге қарай бюджет қаражатының есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер беру;
Алғашқы кезеңде міндетті әлеуметтік сақтандыруды жұмыс берушілер есебінен және келешекте еңбеккерлерді де аударымдары есебінен жүргізу;
Ана мен баланы кең ауқымды әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдықтарының бірі болады. Келешекте әлеуметтік қорғау жүйесінің жетілдірілуі барысында әлеуметтік қорғауға мұқтаж қатерлер тізбесі кеңейтіледі. Мәселен, демографиялық процестердi қолдау мақсатында бала туу мен оларды тәрбиелеу әлеуметтiк көмекке мұқтаж жағдай ретiнде қаралады. Қолдау көрсету ретiнде бала туғанда бiр жолғы жәрдемақы және жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына қосымша жәрдемақы беру енгiзiлетiн болады.Атаулы әлеуметтiк көмек мұқтаждықтың нақты өлшемдерi негiзiнде халықтың ең аз қорғалған топтарына ғана берiлетiн болады. Бұдан басқа, адамдардың белгiлi бiр топтарына – соғыс ардагерлеріне, мүгедектерге және көп балалы аналарға қосымша қорғау көрсетуге бағытталған арнайы бағдарламалар әзiрленедi. Аз қамтамасыз етiлген азаматтарды әлеуметтiк қорғау
Жаңа жұмыс орындарын ашу және жалақының мөлшерiн көбейту арқылы кедейлiктiң азаюына қол жеткiзiледi. Атаулы мемлекеттiк әлеуметтiк көмек азаматтарға ақшалай және заттай, сондай-ақ ақы төленетiн қоғамдық жұмыстар беру түрiнде көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек беру тетігін де, табыс деңгейін бағалау әдістемесін де жетілдіру жалғастырылады.
Заттай нысандағы әлеуметтiк көмек еңбек етуге қабiлетсiз азаматтарға: балаларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге ғана берiледi. Еңбек етуге қабiлеттi халыққа әлеуметтiк көмек қоғамдық жұмыстарды, қайта оқыту бағдарламаларын қаржыландыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы да көрсетiледi. Қоғамдық жұмыстардағы ақы деңгейi азаматтардың бұған ұзақ уақыт қатысуын ынталандырмай, тұрақты жұмысты белсендi іздеуге итермелейтiн болады.
Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерiн ұстау сияқты институционалдық көмектiң дәстүрлi нысандарымен қатар белгiлi тұрағы жоқ азаматтар үшiн үй-жайлар, әлеуметтiк қонақ үйлерiн, аз қамтамасыз етілген адамдар үшiн асханалар ашу сияқты және т.б. атаулы түрлерiн де дамыту көзделуде. Әлеуметтiк институттар арқылы заттай көмек түрiнде жәрдем беру оны жинақтамайтын, ауыстырмайтын немесе қайта сатпайтын жерлерде қолданылатын болады.
Әр адамның тағдыры әртүрлі, сол себепті бірі стандартты жақсы қамтылған өмір сүріп жатса, бірі ауыр жағдайды басынан өткізіп жатады, мұндай сәтте осы сияқты адамдарға көмекті Мемлекет беруге міндетті, себебі халықтың әл ауқаты мен өмір сүру жағдайына өздерінен кейін мемлекет жауапты. Елдің өркендеуі алдымен халқының жағдайына байланысты шешіледі. Егер біз бақуатты елге айналғымыз келсе ел ішіндегі оьбасыларға аяқтан тұруға, ел қатарлы өмір сүрулеріне қол ұшын созуымыз керек. Мемлекет алдымен халықтан құралады. Сондағы халықтың тұрмыс тіршілігі арқылы бағаланады.
Бәрінің жағдайы бірдей жақсы бола бермейді, мұндай отбасылар қазір аз емес, себебі өмір сүру, жақсы жалақы алатын жұмыс табу өте қиын, аз қамтылған отбасылар мен көп балалылар үшін қазіргі экономикалық жағдай өмір сүруге қиналады. Сол себепті олардың ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті көмек берілгені дұрыс деп ойлаймын

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет