Сабақ Бөлім: І бөлім. Кеңістік пен уақыт Педагогтің тегі, аты



бет1/19
Дата18.10.2023
өлшемі1,18 Mb.
#117905
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
11 кл Әдебиет ҚМЖ 2023-2024 ж


Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 1-сабақ



Бөлім:

І бөлім. Кеңістік пен уақыт

Педагогтің тегі, аты,
әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 11



Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

О.Бөкей «Атау кере» повесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;
11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау;



Сабақтың мақсаты

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін анықтай алады; әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындай алады;



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;



Атау кере





Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айқындайды. «Атау кере» сөзінің мағынасына талдау жасайды.



Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!



Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы



Сабақтың
ортасы
6 минут

5 минут
7 минут


6 минут



7 минут

Қысқаша конспект
Оралхан Бөкей (28.09.1943–17.05.1993) — жазушы-драматург, журналист, ҚР мемлекеттік сыйлығы, ҚР Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты.
Жазушы, драматург Оралхан Бөкей өзінің мектеп бітіру кешінде: «Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін ... жазушы болуды армандаймын. Адам арманын алдына мақсат етіп қойса, оған жетуге тиісті. Мен де мақсатыма жетемін деп сенемін», – деген екен.
Өр Алтайдың өжет ұлы сөзінде тұрды. Көркем сөздің хас шебері атанып, әйгілі жазушы болды. Бүгінгі сабақта жазушының «Атау-кере» шығармасымен танысатын боламыз.
«Атау-кере» – сөзі ашынғанда, болмаса шарасыздықта ғана айтылатын зілді, ауыр ұғым, адам жанын жаралайтын ауыр сөз.
Адам қоғамдық та, рухани да құбылыс болғандықтан, қоғам дамуындағы өзгерістер адам санасына ықпал етпей қоймайды. Романның «Қауіпті будан» деген екінші аты жазушының өз мұңы ғана емес, халық трагедиясынан да сыр шертеді.
Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысы Еріктің Алтай басындағы омартадан Бек-Алқадағы туған ауылына келуінен басталады. Ауыл адамдарының өзін жатсына қабылдауы ауыр тисе де, сыр білдірмейді.
Еріктің сатушы келіншек Бекзатпен кездесуі, екеуінің арасындағы жағдаятты автор баяндау арқылы дамытады.
Араққа салынып, азғындап кеткен маскүнемнің кластасы әрі курстасы Таған болып шыққаны, Еріктің оны тегін жұмыс күші есебінде айдаладағы жалғыз үйіне алып келуінен оқиғаның байланысы көрінеді.
Анасы Нүрке, әйелі Айна, табиғат-ананың ықпалымен Тағанның маскүнемдіктен айыға бастауы Ерікке ұнамайды.
Нүрке – Нюра Фадеевнаның өмірден өтуі оқиғаны шарықтау шегіне жеткізеді.
Еріктің көкбас сонаға айналып, елес-қыздың қолынан ажал құшуынан кейін оқиға өз шешімін табады.
Құрметті оқушы, Оралхан Бөкейдің бұл туындысы бірде роман, бірде повесть деп беріліп жүр. Ғалымдардың пікірінше, жазушының өзі туындыны повесть деп атаған.
Повесть – эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеден күрделірек жанр. «Әдебиет теориясының негіздеріне» сүйенсек, «Гоголь повестің аса құнды қасиеттерін — мазмұны мөлдір шындықтан туатынын, оқиғасы адам мінезін ашуға ғана қызмет ететінін, идеясы жалаңаш емес, тереңде жататынын, көркемдік дәрежесі биік болатынын саралап айтқан».
Повесть – эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть әңгіме мен роман аралығындағы прозалық жанрға жатады. Көлемі мен мазмұны тұрғысынан осылай бағаланғанымен, кейде көлемі романнан ауқымды повестер де кездеседі.
Түйіндей келе, «Атау-кере» шығармасының жанры повесть екеніне төмендегідей дәлелдер келтіре аламыз:
Біріншіден, эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеге қарағанда күрделі шығарма;
Екіншіден, повесть мазмұнындағы ең өзекті мәселе бас қаһарманның өмірі десек, шығарма көркемдік дәрежесі биік туынды ретінде мойындалған;
Үшіншіден, 150 беттен тұратын орта көлемді шығарма;
Төртіншіден, кейіпкерлер саны әңгімеден көп, романнан аз.

Оралған Бөкейдің қысқаша өмірбаяны. 5-бет оқулық (оқу)


Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Жазушы шығармасында адамдар өмірін қандай тіршікпен салыстыра баяндайды?
2. Повесте қандай мәселелерді сөз етеді?
3. Тағанның табиғат туралы ойлары қандай?

7-10- бет «Атау кере» повесінің «Ормандағы отбасы» бөлімін оқу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет