1 емтихан билеті қазақстандық білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары



бет3/9
Дата15.06.2023
өлшемі1,23 Mb.
#101487
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жанар апай емтиханы 23-24

3. Есеп
21 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Жаңартылған оқу бағдарламасының басымдылықтары.
2. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кері байланыс. Мектептегі үштік.
3. Есеп
22 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Оқу үдерісін жоспарлау. Жұмыс жоспары. Типтік жоспарлары.
2. Оқулықпен, интернет ресурспен жұмыс. Жиынтық бағалау
3. Есеп
23 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Зерттеулік жұмыстың дәлелдеуі. Конференциялар, математикалық викториналар.


Зерттеу тақырыбын дәлелдеу жорамалданған зерттеудің ғылыми дәлелді өзектілігінен тұрады, сонымен қатар мынадай жалпы қисынды – мазмұндық алгоритммен қарастырылады: мәселенің маңыздылығы – әлеуметтік сұраныс – тәжірибенің сұранысы – ғылымның сұранысы – мәселенің зерттеліп, дайындалуы – зерттеу идеясы – зерттеу стратегиясы – зерттеу тактикасы.
Жұмыстың тақырыбы оның негізгі мәселесінің мазмұнын көрсетеді және онда соңғы нәтижелер мен зерттеу нысанасы көрініс табады. Зерттеу тақырыбы айқындығы, нақтылығы, сыйымдылығы, ықшамдылығы, құрылымдылығы (байланыстылығы мен тақырыптылығы, яғни бірлік және мазмұндық тұтастығы), мәнерлілігіне сай талаптар негізінде құрастырылады. Зерттеу тақырыбының (бөлімдері, параграфтары) мазмұнына және алынған тақырыпқа сай келмеуі ғылыми қателік болып есептелінеді. Тақырып өз сипаттамасында зерттеуші ізденісінің соңғы нәтижесін көрсетіп тұруы керек.
Педагогикалық зерттеуде шындыққа жету үшін, болатын нәрсені ойда түйіндеп, оны іске асыру жолдары мен алынатын нәтижелері болжанады. Болжам – ғылыми зерттеудің тірек көзі. Болжам құра білу өте күрделі. Болжам жетекші идеямен бірге туындайды және мәселенің мәнін түсіну барысында дамиды. Алғашқы жұмыс болжамы уақытша бар фактіні жүйеге келтіру үшін қолданылады. Ал, ғылыми немесе шынайы болжам ауқымды материал жинақталғаннан кейін жасалады, ол логикалық тұрғыдан қорыту, кейбір түзетулер арқылы ғылыми теорияға айналады. Алғашқы жұмыс болжамы мен ғылыми болжам арасындағы ерекшелік салыстырмалы нәрсе. Қарапайым тұспалдан болжамның ерекшелігі тұжырымдалады. Бұлар – ұсынылған болжамның фактіге сәйкес келуі, оны тексеруге болатындығы, ауқымды құбылыстарға қолдануға болатындығы, мүмкіндігінше қарапайым болуы. Болжам екі немесе үш бөліктен тұрады: бірінші - кейбір қағидаларды ұсыну, онан кейін оны логикалық және практикалық жағынан дәлелдеу.

Математикалық кітаптарға қызығушылықты арттыруда, математикалық конференциялар, үйірмелік сабақтар, жиналыстар жүргізуде маңызды орын алады. Мысалы: «Маған осындай да бір кітаптың несі ұнайды?», «Мен қандай қызықты математикалық кітап оқыдым?». Қандай конференцияларда математикалық кітаптардың (мақалалардың) мазмұны бойынша қандай викторина ұйымдастыруға болады.


Оқушылардың басым бөлігінің математика пəніне қызығушылығының артуы ең алдымен үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты болмақ. Үйірме жұмысында оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен жəне көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарын жандандырады. Баланың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені де дұрыс. Мектептегі математика пəнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түріне — үйірме жұмыстары жатады. Математикалық үйірме оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық oй-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға математикалық білімінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет