Қоршаған ортада әсерді бағалау кезінде литосферамен адамдардың негізгі қызметінің негізгі көрсеткіштерін анықтау, талдау мен бағалауды талап ететін факторлар кешенді қамтуды қажет етеді, өйткені олар экогиялық табиғи және техногенді орта жағдайларының қалыптасуына елеулі үлес қосады.
Бағалаудың маңызды факторларынан бipi сол өңірдің жер бетінің кендерінің морфологиясы (олардың барлық қасиеттері мен физикалық әсерге, сумен қатынасына, химиялық құрамына және т.б.) болып саналады. Кендердің бастапқы (алғашқы) қасиеттері әртүрлі әсерлерден соң олардың күйін анықтауға болжам болады.
Сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болатын жер асты суларына әсерді бағалаудың ерекше маңызы бар. Жер асты суларының ластанудан қорғану дәрежесін бағалауға сол территорияның геологиялық құрылымының анализі және бipiн-бipi жабатын кабаттардың бip тұтастығының бұзылмағындығы негіз бола алады.
Литосфераға әсерді бағалаудың қорытынды бөлімі жобаланушы объектінің территориясының геоморфологиялық құрылымын, рельеф түзілу динамикасын, бұл тенденциялардың объекті іске қосылуы нәтижесінде өзгеру мүмкіндігін талдау (анализдеу) болып табылады.
Бағалаудың тікелей белгілері. Көп тараған геохимиялық белгілер. Бұларды қолдану литосфера мен оның компоненттерінің (жер асты суларымен бipгe) ластағыш заттардың улылығын ескере отырып табиғи концентрациямен (фонмен) немесе ШМК-мен (ПДК), бастапқы ластануды салыстыруға негізделген.
Геологиялық ортаның өзгергіштігін интегралды бағалау. Геологиялық ортаның өзгергіштігін бағалау әдісінің бірнеше әдіс-тәсілдері бар, соның ішінде екеуін қарастырайық:
Бірінші әдіс - өзгергіштіктің компоненттік дәрежесіне қарай градациялау. Бұл ең қатарлы матрица, тік шкалаға геологиялық ортадағы анализденетін компоненттің өзгергіштігі, көлбей шкалаға бағалау критерийлері орналастырылады. Бұлардың барлығы тіке және көлбеу сызықтардың бірін-бірімен қиылысуына индекстеледі де геоортаның әp6ip компоненттің өзгергіштігін бағалау критерийіне қарай бағасы анықталады.
Екінші әдіс - өзгepгiштік пен бүлінгіштіктің салыстырмалы градациясы бойынша территорияньң өзгергіштік дәрежесінің жиынтық (суммалық) бағалау мәнін алу үшін алқаптардың салыстырмалы өзгершгіштік мен бүлінгіштік коэффициенттерін барлық қарастырылып отырған компоненттері мен критерийлерін тіркеп қосу арқылы жасалу.