1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата22.12.2016
өлшемі1,21 Mb.
#158
  1   2   3   4   5   6   7

 

1.Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері: 

-

 



Магистратураға түсушілердің теориялық білім деңгейін бағалау. 

-

 



Тарихи  процесстердің  себеп-салдарлық  байланыстарын  және  тарихи  процесстердің  түсіну 

тереңдігі орнату. 

-

 

Магистратураға  түсушілердің  тарихи  және  тарихнамалық  деректері  туралы  білімінің 



деңгейін  ашып көрсетуі. 

-

 



тарих  ғылымының  қазіргі  заманғы  теориялық-әдістемелік  тәсілдерін  анықтау  үшін 

магистратураға түсушілердің түсініктемелерін ашу. 

-

 

фактілер  және  өмірбаянын,  тарихи  процестерді  талдай  білуін,  объективтілікке  ұмтылуын, 



презентация логикасын, сауаттылығын, жазу дағдыларын анықтау. 

 

2. Емтихан өткізу формасы және ұйымдастыру 



Жазбаша емтихан 

 



билеттер құрастыру және таратылатын материалдардың дайындалуы (керек болған 

жағдайда); 

 

сараптама жүргізу. 



 

3. Балдық 4,0-3,67 , Әріппен А - А-, % жүйемен 95-100 - 90-94 

Магистратураға  түсушілер  оқытушының  барлық  сұрақтарына  нақты  жауап  беруі  тиіс.  Пән 

бойынша  қойылған  сұрақтарға  толық  жауап  алынады.  Монологтық  әңгіме  тудыру  үшін  еркін 

сөйлеуге  үйрету;  логикалық  ойлау  арқылы  нақты  жауап  беруге  дағдыландыру.  Пәнді  меңгеру 

үшін пәнаралық байланысты игерту. 

Балдық 3,33 -2,67, Әріппен В+В,В- ., % жүйемен 85-89.80-84,75-79 

Терминологиялық  аппараттарды  игеру;  тақырыптың  маңыздылығын  ашып  көрсету;    тақырып 

бойынша  қорытынды  жасауға  үйрету;  дәлелді  жауап  беруге  дағдыландыру;  Егер 

Магистратураға түсушілердің жауабында 1 қате 

кетсе бұл жауаптың толық еместігін көрсетеді.  

 Балдық 2,33 -2,0,1,67-1,33,1,0., Әріппен С +,С, С-, D+, D, D-.,% жүйемен70-74, 65-69, 60-64, 



55-59, 50-54 

Егер толық емес жауап болса, бұл қателік болып саналады.  Магистратураға түсуші белгілі бір 

тақырыптың  себебі  мен  салдарын  толық  аша  алмаса,  онда  қорытынды  да  нақты  болмайды. 

Магистратураға түсушінің сөйлеуінен үнемі түзету қажет етіледі. 



Балдық 0., Әріппен F.,  % жүйемен 0-49 

Сұрақ бойынша жауап білім деңгейін көрсетеді. Фрагментарлық нақты емес жауаптың болуы, 

магистратураға  түсушінің  пәнге  қатысты  сұрақтарға  жауап  таппауы  қорытынды  жасауға 

нақтылығын жоғалтады. 

 

4.  Емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі 

Ежелгі  және  ортағасырлардағы  Қазақстан  тарихы,  Қазақстанның  жаңа  және  қазіргі 

заман тарихы, Қазақстан тарихының тарихнамасы мен дерекнамасы, Дүние жүзі тарихы  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ  ОРТА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. 

 

1.1.  Тас  ғасыры.  Палеолит  дәуірі  (ерте  тас  ғасыры).  "Тарихқа  дейінгі"    ұғымның 

ғылымға  енгізілуі.  Адамның  пайда  болуы  (антропогенез).  Африка  және  Азия 

территорияларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар (олдувей ескерткіштері, синантроп 

адамы).  Қазақстан  палеолитінің  зерттелу  тарихы.  Ежелгі  адамдардың  Қазақстан 

террриториясын  қоныстану  уақыты.  Х.Алпысбаев  жетекшілігімен  Оңтүстік  Қазақстандағы 

Қаратауда  ашылған  ежелгі  палеолиттік  тұрақтар  (атауы,  хронологиясы).  Төменгі  палеолит 

ескерткіштерінің  табылуы.  А.Г.Медоевтың  Батыс  Қазақстан  мен  Балқаштың  Солтүстік 

жағалауына жүргізген жұмысының маңызы. Орталық Қазақстанда жүргізілген зерттеулер және 

Ж.Таймағамбетовтың  басшылығымен  зерттеген  экспедиция  нәтижелері.  Ерте  тас  ғасыры 

тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері. 

Мезолит  (орта  тас  ғасыры).  Дәуір  ерекшеліктері.  Қазақстандағы  мезолит  дәуірінің 

ескерткіштері. Табиғат жағдайлары мен еңбек құралдарының әсерінен шаруашылықта болатын 

өзгерістердің  археологиялық  деректермен  дәлелденуі.  Садақ  пен  жебенің  пайда  болуы.  Тас 

еңбек құралдары: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нұра, Ертіс өзендері жағалауларынан 

табылған мезолиттік археологиялық ескерткіштер. 

Неолит  (жаңа  тас  ғасыры).  «Неолит  революциясы».  Дайынды  иемденуден  өнім 

өңдіруші  шаруашылық  түрлерінің  қалыптасуы.  Мал  шаруашылығы  мен  егіншіліктің  пайда 

болуы.  Қазақстандағы  неолит  тұрақтары.  Қара  үңгір  тұрағы.  Батыс  Қазақстан 

территориясындағы Келтеминар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Атбасар мәдениеті. Торғай 

жырасындағы  Мақанжар  мәдениеті.  Энеолит.  Ботай  мәдениеті.  (В.Ф.Зайберттің  зерттеулері). 

Аңшылық.  

Неолит дәуірінде тас өңдеу технологиясының дамуы. Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, 

кесуді,  тесуді  үйренуі.  Рулық  құрылыстың  тууы.  Матриархаттық  рулық  қоғамның  дамуы.  Ер 

адамдар  үстемдігінің  артуы,  матриархат  орнына  патриархаттың  келуі.  Неолит  өнерінің 

көптүрлілігі: саз балшық ыдыстардағы өрнектер, жартастағы суреттер.  



Қола  дәуірі  (б.з.б.  ХҮІІІ-ҮІІІ  ғғ.).  Дәуір  ерекшеліктері.  Қазақстан 

тайпаларының  шаруашылығы  мен  тұрмысындағы  өзгерістер.  Металлургия  мен  мал 

шаруашылығының  дамуы.  Малды  бағып  өсіру,  жайылымдық  жерлерді  пайдалану, 

көшпелі  мал  өсірушілікке  ауысу.  Мүлік  теңсіздігі,  жеке  отбасының  пайда  болуы,  

тайпалык үстем топтың бөлініп шығуы.  Қазақстандағы қола дәуірінің хронологиялық шеңбері, 

кезеңдерге  бөлінуі  және  мәдениеттері.  Андронов  мәдениеті  алғаш  табылған  жері  таралу 

аймақтары.  Орталық  Қазақстандағы  Андронов  мәдениетінің  даму  кезеңдері  Беғазы-Дәндібай 

мәдениеті.  К.В.Сальниковтің  кезеңдерге  бөлуі.  Археологиялық  ескерткіштер,  тасқа  салынған 

суреттер (петроглифтер). Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас, ежелгі қалашық Арқайым 

т.б. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген адамдардың қоғамдық құрылысы.  

Керамика.  Қола  қорыту  өндірісінің  жоғары  дәрежесі.  Қолөнершілер  мамандығының 

бөлінуі. Дін. Жерлеу салты. 



 

1.2. Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік 

құрылымдар 

Сақтар  (б.з.б.  ҮІІ-ІІІ  ғғ.).  Ерте  темір  дәуірі.  Көшпелі  мал  шаруашылығына  жаппай 

көшу. 


Еуразия 

кеңістігінде 

сақ-скиф 

қауымдастығының 

орналасуы. 

Қазақстан 

территориясындағы  сақтар  мен  савроматтар.  Сақтардың  тайпалық  одақтарына  қатысты 

жазба  мәліметтер:  «Тарих  атасы»  Геродот,  Страбон,  Ксенофонт,  Птоломей,  Ахаменидтік 

(ежелгі  парсы)  сына  жазбалар.  Сақтардың  тарихын  оқып  үйренудегі  ежелгі  ирандықтардың 

қасиетті  кітабы  «Авеста».  Сақ  одағындағы  тайпалар  және  олардың  орналасу  ареалы: 

тиграхауда,  парадарая  сақтары,  массагеттер,  Батыс  Қазақстан  аймағын  мекендеген  сармат-

савроматтар.  

Сақтардың  тарихын  зерттеудегі  археологиялық  ескерткіштер.  Бесшатыр,  Тасмола 

мәдениеттері, Шілікті обалары. «Алтын адам» табылған Есік қорғаны және оны зерттеуге үлес 



қосқан  ғалымдар.  З.Самашевтің  басшылығымен  жүргізілген  экспедицияның  нәтижелері  (Берел 

қорғаны). Сақтардың этномәдени ареалы. Сақтар өнеріне тән аң стилі, петроглифтер Б.з.д. 1-ші 

мыңжылдықтың  ортасында  сақтар  территориясынан  өткен  керуен  жолы  және  оның 

байланыстырған аймақтары. Сақтардың саяси тарихы. Көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. 

Ассирия, Мидия, Парфия, Иранмен байланысы. Парсы патшалары Дарий, Кирмен соғыстары. 

Александр Македонскийдің сақ жеріне жорықтары. 



Ғұндар  және  үйсіндер.  Ежелгі  қытай  тіліндегі  тарихи    еңбектер  «Ши  цзы», 

«Хоуханьшу».  Ғұндар  мен  үйсіндердің  тегі  туралы  мәселе.  Ғұндардың  саяси  тарихы. 

Шаруашылығы. Қоғамдық құрылысы. Әскер өнері. Мәдениеті. 

Үйсіндердің орналасқан жері. Шығу тегі туралы жазба мәліметтер. Үйсін мемлекетінің 

құрылуы және территориялық аймағы. Үйсін мемлекетінің қоғамдық-саяси құрылысы, жоғарғы 

билеушісінің  титулы.  Үйсін  мемлекетінің  астанасы.  Тұрмысы.  Мәдениеті.  Үйсіндердің  ғұн, 

қаңлы және қытайлармен ара-қатынасы. Үш бөлікке бөлінуі.  



Қаңлылар.  Қаңлылар  туралы деректер. «Кангюй» терминінің тарихи деректерде алғаш 

айтылуы.  Қаңлылардың  орналасқан  территориялық  аймағы.  Қаңлы  мемлекетінің  құрылуы, 

орталығы,  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік  құрылымы.  Саяси  тарихы.  Қалалары  мен  қоныстары. 

Шаруашылығы. Қолөнері. Мәдениеті. Сауда. Басқа елдермен қарым-қатынасы. 



 

1.3. Қазақстан территориясындағы ертеортағасырлық мемлекеттер  

(ҮІ-ХІІ ғғ. түрік кезеңі) 

Түрік  қағанаты  (552-603  жж.).  Еуразиядағы  тұңғыш  көшпелі  империя.  Түркілердің 

шығу  тегі  туралы  деректер  мен  зерттеулер.  ІІІ-Ү  ғғ.  Орталық  Азиядағы  саяси  жағдай.  Түркі 

ақсүйектерін  құраған  Ашин  руы.  «Түркі»  этнонимі.  Солтүстіктегі  «Жылқылар  патшалығы». 

Түркілердің Алтайға қоныстануы. Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары.  Түркілер Жужань 

империясының  құрамында.  Бұмын  қаған  және  Түркі  қағанатының  құрылуы.  Батыс  Вэй 

патшалығымен жасырын одақтастық. Анахуаньға қарсы күрес. Шығыс саясаты. 

ҮІІ  ғ.  Мұқан  қағанның  тұсында  Түрік  қағанатының  күшеюі.  Естемістің  батысқа 

жорықтары.  Түрік  қағанатының  Орталық  Азияда  саяси  үстемдікке  жетуі.    Таспар  қаған 

тұсындағы  қағанаттың  күшеюі.  Византиямен,  Иранмен  және  Қытаймен  қатынасы.  582-603 

жылдар аралығындағы жұт, билік үшін қырқыс. ҮІ ғасырдың соңында қытайлықтардан жеңіліс 

табуы. Қағанаттың әлсіреуі, Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуі.  

Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Территориясы, тайпалары. Саяси тарихы. Жегуй 

және Түн-Жабғы қағандар тұсында қағанаттың күшеюі. Ішкі құрылымы: «он оқ бұдұн». Батыс 

Түрік қағанатының астанасы. Соғдылықтар Батыс Түркі қағанаты өмірінде. Дулу және нушиби 

тайпалары  арасындағы  күрес.  Қытай  шапқыншылығының  Батыс-Түрік  қағанатының  құлауына 

әсері. Батыс Түрік қағанатындағы дағдарыс және оның ыдырауы. Әулеттердің ауысуы. 

Түргеш  қағанаты  (704-756  жж.).  Түргеш  қағанатының  құрылуы.  Үш-Елік  қаған  және 

түргештердің Батыс Түрік мемлекеттігін қайта қалпына келтіруі. Суяб қаласы қағанаттың саяси 

орталығы.  Ішкі  құрылымы:  қара  және  сары  түргештер,  тұтықтарға  бөлінуі.  Қағанаттың  Сақал 

тұсындағы нығаюы, оның жүргізген шаралары. Шығыс түркілерінің түргеш мемлекетіне басып 

кіруі,  қағанаттың  уақытша  құлдырауы.  Қапағанның  батысқа  жорығы  туралы  Орхон 

жазбаларының  мәліметтері.  Сұлу  (Сұлұқ)  қағанның  билік  құрған  кездегі  Түргеш  қағанаты. 

Түргештердің Орта Азиядағы Таң әулетімен, арабтармен күресі. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. 

Қытай шапқыншылығы. 751 ж. «Атлах шайқасы». Сары және қара түргештер арасындағы күрес. 

Қағанттағы саяси дағдарыс.  Түргеш қағанатының құлауы. 

Қарлұқ  мемлекеті  (756-940  жж.).  Қарлұқ  тайпаларының  шығу  тегі  туралы  жазба 

деректер.  Қарлықтардың  746  жылы  Алтай  және  Тарбағатайдан  Жетісуға  орналасуы.  Қарлұқ 

мемлекетінің  құрылуы,  оның  сыртқы  саясаты.  Қарлұқ  бірлестігінің  құрамына  енген  тайпалар. 

Қарлұқтар  мен  оғыздар.  Ұйғыр  қағанатымен  күрес.  Қарлұқ  билеушілерінің  қаған  лауазымен 

қабылдауы.  Саманилерге  қарсы  күрес.  Испиджаб,  Тараз  қалаларын  алуы.  Қарлұқтардың 


мұсылман  дінін  қабылдауы.  Қарлұқтар  мен  қарахандар  әулеті.  Қарлұқтардың  шаруашылығы, 

сауда-саттық қатынастары. Қалалар және Жібек жолы.  



Қарахан  мемлекеті  (942-1210  жж.).  «Қарахандар  әулеті»  туралы  ғылыми  көзқарастар. 

Әулеттің  этникалық  негізін  салған  яғма,  шігіл  тайпалары.  Сатұқ  Боғрахан  –  Қарахандар 

әулетінің негізін салушы. Территориялық аймағы. Қарахандар мемлекетінің астаналары Қашғар 

және Баласағұн қалаларының мемлекет тарихындағы орны. Қарахандықтардың саяси билігінің 

Мәуереннахрға таралуы. Селжұқтармен, хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыстары. 

Үкімет  құрылысының  иерархиялық  жүйесі.  Қарахан  мемлекетінде  Мұса  ханның  тұсында 

исламды мемлекеттік дін етіп жариялануы.  

Қарахан  мемлекетінің  ішкі  құрылымы.  Жер  иеленудің  сойырғал,  уакф  (вакф), 

коммендация  түрлері.  Салық  жүйесі.  Иқта.  Мемлекеттің  Батыс  және  Шығыс  қағанаттарға 

бөлінуі.  Қағанаттағы  дағдарыс.  Салжұқтардың  көтерілуі.  Қарақытай  шапқыншылығы. 

Қарахандар мемлекетінің құлауы  

Қимақ  қағанаты  (ІХ  ғ.  соңы  –  ХІ  ғ.  басы).  Қимақ  тайпалары  туралы  араб-парсы 

тарихшыларының  мәліметтері.  Қимақтардың  шығу  тегі,  орналасуы,  этникалық  құрамы.  Қимақ 

мемлекетінің  құрылуы.  Қимақ-қыпшақ  тайпаларының  конфедерациясы.  Қағанаттың  сыртқы 

саяси  жағдайы.  Қоғамдық  құрылысы,  шаруашылығы,  қалалары.  Көрші  тайпалардың 

басқыншылығы, қағанаттың әлсіреуі. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың 

құлауы. 


Оғыз  мемлекеті  (ІХ  ғ.  соңы  –  ХІ  ғ.  басы).  Оғыз  тайпалары  туралы  жазба  деректер. 

М.Қашғари  оғыздар  жөнінде.  Оғыздардың  печенег  тайпаларын  Сырдария  аңғарынан,  Арал 

жағалауларынан  ығыстыруы.  Оғыз  мемлекетінің  құрылуы.  Янгикент  қаласы  мемлекеттің 

астанасы.  Қоғамдық-саяси  құрылысы.  Оғыздардың  тайпалық  құрамы  және  екі  фратрияға 

бөлінуі  (бұзықтар  және  ұшықтар).  Оғыз-қыпшақ  қатынастары.  Оғыз  тайпаларының 

шаруашылығы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері. «Кітаби Қорқыт». Селжұқтармен күрес және 

өзара қырқысудың күшеюі. Оғыз мемлекетінің құлдырауы мен құлауы. 

Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). Қимақ мемлекетінің мұрагерлері Қыпшақ тайпалары 

туралы  араб-парсы,  қытай,  европалық  (комондар),  орыс  деректерінің  мәліметтері.  Оғыздарды 

Сырдариядан  ығыстыру.  ХІ  ғ.  қыпшақтардың  орналасуы,  олардың  батысқа  және  оңтүстікке 

жылжуы. «Дешті Қыпшақ» термині. Қыпшақ хандығының құрылуы (ХІ-ХІІІ ғғ). Шығыс Дешті-

Қыпшақ  хандарының  шыққан  әулеті.  Қыпшақтардың  тайпалық  құрамы  және  иерархиясы. 

Қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті арасындағы байланыстар. Мемлекеттің екі бірлестікке 

бөлінуі.  Рулық-тайпалық  құрамы.  Қыпшақтардың  қазақ  және  басқа  түркі  халықтарының 

қалыптасуындағы рөлі. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. 

Шаруашылығы. Тілі. Мәдениеті. Монғол шапқыншылығы. Қыпшақ хандығының құлауы. . Әл-

Ідірісидің «Кіші картасы» («Қыпшақ даласы» туралы мәліметтер).  



Қарақытай  мемлекеті  (1128-1213  жж.).  Шығыс  Қарахан  қағанатын  қарақытайлардың 

басып алуы. Елүй Дашы. Қарақытайлардың саяси ықпалының Мәуереннахрға тарауы. Қоғамдық 

құрылысы және шаруашылығы. Қарақытай мемлекетінің құлауы. 

Найман,  керей  ұлыстары  (Х-ХІІІ  ғғ.).  Найман,  керей  тайпалық  одақтары  жөніндегі 

деректер.  «Моңғолдардың  құпия  шежіресі».  Қытай  дерегі  –  «Юань-Ши».  Рашид  ад-Диннің 

«Жылнамалар Жинағы» - ХІҮ ғасырға дейінгі түркі моңғол халықтарының жазба түрінде және 

жадта  сақталған  тарих  айту  дәстүрлерінің  көрінісі.  Найман,  керейлердің  бастапқы  орналасқан 

жері, олардың тегі мен тілі жөніндегі тарихнамалық мәселе. Х ғ. Керей мемлекетінің құрылуы. 

Найман тайпалық одағының қалаптасуы.  

Найман,  керейлердің  тұрмысы,  шаруашылығы,  ертефеодалдық  мемлекеттік  құрылымы. 

Көрші  халықтармен  өзара  қатынастары.  Саяси  тарихы.  Шыңғыс  хан  бастаған  моғол 

мемлекетінің құрылуы және бұл жағдайдың найман, керейлердің тағдырына ықпалы. 

 

 

 

 


1.4. ҮІ-ХІІ ғғ. Түркі халықтарының мәдениеті. 

 

Түркі  дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген халықтар туралы жазба, археологиялық  және 

этнографиялық  деректер.  Феодалдық  қатынастардың  қалыптасуы,  дамуы.  Қоныстар  мен 

қалалардың  өсуі.  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісудағы  қала  мәдениеті  дамыған  аймақтар:  Сыр 

бойы,  Шу  және  Талас  өңірі,  Жетісудың  солтүстік-шығысы.  Қала  мәдениетінің  дамуындағы 

түркі-соғдылық  синтез.  Б.з.б.  ІІ  ғ.  қалыптасқан  Ұлы  Жібек  жолының  сауданың  күре  тамыры 

ретіндегі қызметі. Ұлы Жібек жолының қазақ жеріндегі тармақтары. Қалалар - саяси өмір, сауда, 

қолөнер және мәдениет орталығы. Қалаларға сипаттама. Материалдық мәдениеті. 

ҮІ-ХІІІ ғ. басы аралығындағы түркі халықтарының рухани мәдениеті. Наным-сенімдері, 

әдет-ғұрыптары. Тәңірге сену, оның көріністері. Түркілердің басты құдайы. Түркілердің отбасы, 

бала қамқоршысы және әйелдік бастау құдайы.  

Түркі жазуының пайда болуы және оның маңызы. Түркі жазуының ескерткіштері, оның 

таралу аймағы, зерттелуі. Түрік әдеби "Күлтегін" ескерткішінің авторы. Түркі сына жазбасының 

оқылуы  және  жарыққа  шығуы.  Ежелгі  түркі  алфавитінің  белгілері.  Көпшілікке  танымал  түркі 

жазба  ескерткіштерінің  орналасқан  жері.  Тоныкөк,  Күлтегін  және  Білге  қаған  құрметіне 

қойылған құлпытастар, оларға сипаттама.  

Ислам  дінінің  түркі  халықтарының  өміріне  ене  басталуы.  Түркі  елдерінің  араб 

халифатымен байланысының артуы. Ислам мәдениеті және оның негізі болған Құран Кәрім мен 

Хадистердің түркі халықтарының өміріне тигізген ықпалы. 

ІХ-ХІІ  ғғ  түркістандық  ғалымдар  мен  ойшылдар:  Аристотельден  кейінгі  Шығыстағы  екінші 

ұстаз Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары.  

Орта ғасырлық ақын және исламды таратушы, Яссауидың ұстазы.  Қожа Ахмет Яссауи, 

Сүлейман  Бақырғали  және  т.б.  олардың  қалдырған  мұралараның  маңызы  мен  ортағасырлық 

мәдениетте алар орны.  

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі, Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрік» 

еңбегі,  Өтміс  қажының  «Шыңғыс-намэ»  еңбегі.    «Кодекс  Куманикус»,  «Ақсақ  құлан». 

«Тоныкөк»,  «Күлтегін»  ескерткіштеріне  сипаттама.  XIII  ғ.  Кетбұға,  XIY-XY  ғғ.  Сыпыра 

жыраулар. 



 

ҚАЗАҚСТАН ОРТАҒАСЫРЛАРДА  

2.1. Қазақстан монғол шапқыншылығы дәуірінде (ХІІІ ғ.) 

 

 

Алтын Орда (1243 – ХҮ ғ. ортасы). Монғол тайпалары жөніндегі жазба дерек мәліметі, 

олардың түрлері. Шыңғыс ханның Монғол мемлекетін құруы, оның саяси-әкімшілік құрылымы. 

Шыңғыс  ханның  «Ұлы  Жасағындағы»  «Жасақ»  және  «Білік».  Шыңғыс  ханның  билік  құрған 

жылдары.  Алғашқы  жаулап  алу  соғыстары.  Шыңғыс  ханның  Шығыс  Түркістан  мен  Жетісуды 

басып  алуы.  Монғол  әскері  және  Хоремшахтың  армиясы  Қазақстан  жерінде  алғаш  кездесуі. 

1218  ж.  «Отырар  оқиғасының»  Шыңғысханның  Мәуереннахрға  жорығын  жеделдетуі.  Хорезм 

шах мемлекетін талқандау Орта Азиянының жаулануы. Дешті Қыпшақты бағындыру. Қазақстан 

территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енуі. Монғолдардың жаулап алған елдерді 

ұлыстарға  бөлуі,  ол  ұлыстардың  территориясы,  этникалық  құрамы.  Қазақ  жерлері  монғол 

хандары  құрған  ұлыстар  құрамында.  Жошы,  Шағатай,Үгедей  ұлыстарының  территориялық 

аймағы.  

Жошы Ұлысы, оның ішкі әкімшілік құрылымы. Ұлық Ұлысының Монғол империясынан 

бөлінуі.  Ұлық  ұлысында  жоғары  әскери  қолбасшының  міндеті.  Моңғол  әскерін  ұстау  үшін 

жиналатын  «Тағар»  салығы.  Жошы  ханның  қайтыс  болуы  және  оның  мұрагері.  1235  ж. 

монғолдардың  Шығыс  Еуропаға  жорығы  туралы  шешiмінің  қабылдануы.  Батыйдың  Бұлғар, 

Орыс, солтүстік Кавказ елдерін бағындыруы. Шығыс Еуропаға шабуылы.  

Алтын  Орданың  құрылуы  (1243).  Алтын  Орданың  Моңғол  империясынан  оқшаулануы. 

Алтын  Орданың  территориясы,  құрамындағы  халықтардың  этникалық  және  басқа 


ерекшеліктері.  Шаруашылығы,  оның  түрлері,  діні,  тілі,  мәдениеті.  Саяси  құрылымы.  Хандық 

билік.  Басқару  жүйесі.  Алтын  Орда  тарихындағы  1312  жыл.  1321  жылғы  Өзбек  ханның 

жүргізген  ақша  реформасы.  Мұрагерлік  жол.  Алтын  Ордадағы  салық  жүйесі.  Әскерінің 

құрылымы. XII-XIV ғғ. мемлекет құрудағы ең басты тұрақты бөлу принципi. 

Өзбек  және  Жәнібек  хандар  тұсында  Алтын  Орданың  күшеюі.  ХІҮ  ғ.  60-70  жж. 

«дүрбелең кезең». Куликова шайқасы. Тоқтамыс хан (1380-1395) тұсындағы Алтын Орда. Билік 

үшін  ішкі  қырқыстар.  Тоқтамыс  хан  мен  Әмір  Темір  әскерлері  арасындағы  шайқастар  (1395). 

Алтын  Орданың  ыдырауы.  Қазан,  Қырым,  Аштархан,  Әбілхайыр  хандықтарының,  Ноғай 

Ордасының бөлініп шығуы.  

 

2.2. ХІҮ –ХҮ ғғ. монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан территориясындағы 

ортағасырлық мемлекеттер. 

Орда  Ежен  ұлысын  құраған  Ақ  Орда  және  Көк  Орда  мемлекеттері.  Орда  Ежен  ұлысы, 

территориясы мен тайпалық құрамы. Ұлыстың алғашқы саяси орталығы. Саяси орталықтың Сыр 

бойына  ауыстырылуы,  оның  себептері,  салдары  және  маңызы.  Сығанақ  –  астана.  Сасы  Бұқа, 

Ерзен хандар саясаты. Ақ Орданың Алтын Ордамен қатынасы. Мүбәрәк хан «бүлігі». Шымтай 

хан  (1344-1361).  Алтын  Ордадағы  «дүрбелең  кезең»  және  Ақ  Орда.  Ұрыс  ханның  тұсында  Ақ 

Орданың  Алтын  Ордадан  тәуелсіз  хандық  болып  жариялануы.  Ақ  Орданың  Алтын  Орда 

құрамына  енуі.  Барақ  хан  (1423-24-1428)  тұсындағы  Ақ  Орда.  Ақ  Орданың  күйреуі.  Ақ    Орда 

тарихының Қазақстан тарихында алатын орны.  

Көшпелi Өзбек мемлекетi (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хандығы. Территориясы 

және этникалық құрамы. Әбілқайырдың Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы 

қалалар үшін күрес. Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі (1457 ж.). XV ғ. ортасында Әбілқайыр 

(“Көшпелі  өзбек”)  хандығындағы  саяси  жағдайдың  шиеленісуі.  Жәнібек  пен  Керей 

сұлтандардың көшіп кетуі (1459 ж.) Хандықтың ыдырауы. 

Ноғай Ордасы (Маңғыт үйі) – ХІҮ ғ. – ХҮ ғ. Едігенің Ноғай Ордасының негізін салуы. 

Ноғай  Ордасының  территориясы  және  ірі  тайпасы.  Ноғай  Ордасының  орталығы.  Ноғай 

Ордасын  билеушілер.  XIV-XV  ғғ.  Ноғай  Ордасындағы  «Қырымның  қырық  батыры»  эпостық 

жыры.  Ұлыс  билеушісі.  Ноғай  Ордасының  көрші  мемлекеттермен,  Қазақ  хандығымен  қарым-

қатынасы. Ноғай Ордасының ыдырауы. 

Моғолстан  мемлекеті  (ХІҮ  ғ.  ортасы  –  ХҮІ  ғ.  басы).  Шағатай  ұлысының  солтүстік-

шығыс бөлігінің ерекшеліктері. 1348 ж. Моғолстан мемлекетінің құрылуы. Дулат тайпаларының 

Моғолстанның  саяси  өмiрiндегі  рөлі.  Тоғылық-Темір  ханның  сыртқы  саясаты,  Мауреннахрды 

жаулауы. Алмалық қаласы Моғолстанның астанасы. Моғолстанның қоғамдық-саяси құрылымы. 

Хан  кеңесі  (мәжіліс).  Әмір  Темір  және  Моғолстан.  ХІҮ  соңы  –  ХҮ  ғ  басындағы  Моғолстан. 

Мұхаммед ханның тұсында Әмір Темірден тәуелсіздік алуы. Уәйіс, Есен-Бұғы хандар саясаты. 

Жергілікті  түркі  тайпалары  және  хандар  билігі.  Жүніс  хан  тұсындағы  Моғолстан.  ХҮ  ғ 

соңындағы  ыдырау  процестері.  Сұлтан  Махмұт  және  Сұлтан  Ахмет  хандар  саясаты. 

Моғолстанның  ыдырауы.  Моғолстанның  қазақ  хандығы  мен  қазақ  халқының  қалыптасуына 

ықпалы.  




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет