Түсінік хат Қызықты математика-аптасына 1рет 32сағат Қазақстан Республикасының «Нақты 100 қадам» ұлт жоспарында білім беру жүйесінде білім, білік, дағды жиынтығын меңгерту ғана емес, білімгерлердің ақпаратты өздігімен табу, талдау, оларды жүйелеу және орынды да тиімді пайдалану біліктілігін бойына сіңіру, дүниежүзілік ақпараттық ағымдарды түсіну мен түрлендіру арқылы мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінген.Зерттеуші ғалымдардың пікіріне сүйеніп, анықтағанымыз, мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асыру баланың,оны қайта жаңғыртып көзге елестетуін, дүниетанымын дамытуда қажеттіліктерін қанағаттандырумен, таным немесе психикалық үдерістерін қалыптастырумен өзара тығыз байланыста жүргізілетініне көзіміз жетті. Олай болса, мектепке дейінгі баланы оқытудың дамытушылық қызметі өзінің мақсатымен, қызығушылығымен және орындалу тәсілдерімен ерекшеленеді. Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру оқытудың дамытушылық қызметінің мазмұнына, ұйымдастыру әдістеріне және мотивтеріне тікелей байланысты.Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында балалардың ой-өрісін, логикасын, тілін дамытуда, белгілі бір затты қабылдауын, есте сақтауын қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы ерекше.
Мақсаты:Коммуникативтік-танымдық қабілеттіліктерін,математикалық ойлауын қалыптастыру;зейін,ес,түйсік,қабылдау,шығармашылық қабілеттерін,қиялын,ойлау вариативтілігін сияқты танымдық процестерін дамыту;
-математикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;
Міндеттері: 1.Зейін,есте сақтау қабілеті,қабылдау,шығармашылық қабілет,ой-қиялы мен жан-жақты ойлау қабілеті сынды танымдық процестерді дамыту.
2.Баланың танып-білуге деген қызығушылығын күшейтуге бағытталған оқу процесіне ынтасын ояту.
3.Ақыл-ой әрекетінің талдау,синтез,салыстыру,жинақтау,жіктеу,үлгісін жасау (модельдеу),құрастыру,себеп-салдарлық байланысын анықтау сынды тәсілдерін үйрету.
4.Мектепке дейінгі жастағы балаларды математикалық терминдерді белсенді түрде қолдануға,оқу барысында алған білімі мен қабілетін пайдалануға үйрету.
5.Санау,әртүрлі топтардағы заттарға сандық және сапалық тұрғыдан баға беру,олардың арасындағы байланысты анықтауға үйрету.
6.Кеңістік пен уақытты бағдарлау,қағаз бетінде бағдарлай алу қабілетін дамыту.
7.Шамалар ,геометриялық фигкралар мен денелер туралы түсінікті нығайту.