2.Қоршаған ортаның мінезқылыққа тигізетін әсері Мінезқылық – бұл жануар ағзасының қоршаған ортаның өзгерістеріне
жауабы, яғни ағза мен тіршілік ортасының өзара байланысы. Мінезқылық реакциясы бейімделгіш болып келеді және түр мен
түршелердің өмір сүруіне ықпал етеді. Мінезқылық – бұл жануарлардың
қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін функция. Этология мінезқылықтың мынадай түрлерін зерттейді: азықтық, ата-аналық
және әлеуметтік мінезқылықтар, жануарлардың орын ауыстыруы, себепті
мінезқылық факторлары, онтогенездегі мінезқылық эволюциясы және дамуы,
жануарлардың түрлік ерекшеліктері мен мінезқылқы.
Этологияның қолданбалы мағынасы мінезқылықтың ең қолайлы шарттарын
анықтау, жануарларды қолданудың жүйелерін жобалау мен жағымды
мінезқұлықтың құрылу әдістерін қолдану болып табылады.
Мінезқылықтың жағымды жақтары өндірістің экономикалық тиімділігін
арттырумен қатар ағза мен қоршаған ортаның ара қатынасын үйлестіріп. Бұл
жерде тұқым қуалаушылықтың өзгеруі, онтогенез, қоршаған орта жағдайы мен
ағзаның физиологиялық жағдайының негізінде мінезқылықтың реттелуі жайлы
сұрақ туындайды. Мінезқылықтың өзгеруінің себептерін оқып білмей этологияда
тәжірибе жүргізуге болмайды.