Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқуын төмендегідей ұйымдастыруға болады:
- жалпы сыныпта (2 оқушыдан артық емес, сонымен қатар ебҚ бар әр оқушыға сыныптағы оқушылар саны 3-ке азайтылуы тиіс);
- жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында (10-12 оқушы);
- жалпы білім беретін мектептің психологиялық-педагогикалық қолдаудың арнайы кабинетінде (жеке немесе кіші топта)
ЕББҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинетінде жүргізіледі:
ЕББҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинетінде жүргізіледі:
- сабақ кестесі бойынша мамандардың сабақтан тыс жеке, қосымша сабақтары: психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың; - әр түрлі себептермен сыныпта оқу материалын меңгере алмайтын ЕББҚ бар балаларға арналған жеке оқу пәндері бойынша сабақтар.
6. Тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу.
Кедергісіз орта деп- төмендегідей даму бұзылымдары бар балалардың мектепке бару қолжетімділігін қамтамасыз етілуі:
-тірек-қимыл аппараты: -
Бала үшін жұмыс орнын бейімдеудің басқа да ықтимал нұсқалары:
Бала үшін жұмыс орнын бейімдеудің басқа да ықтимал нұсқалары:
- өзі немесе беделді оқушымен отыруы;
- соңғы партада отыруы;
- терезеден алыс (алаңдамау үшін) отыруы:
- арнайы орындықта отыру немесе биік үстелдің жанында тұру (зейін шоғырлануын жақсарту үшін)
8. Арнайы педагогикалық (логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) және психологиялық көмек
Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларға мамандардың қызметтерін ұсыну ПМПК ұсынысы негізінде жүзеге асырылады.Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі баланы тексеру (зерделеу) нәтижелері негізінде психологиялықпедагогикалық көмектің қарқындылығын (аптасына 1 - ден 3 сабаққа дейін) және сабақтардың ұзақтығын (тоқсан-жыл) анықтайды. Мамандардың жүргізетін сабақ жиілігін анықтау оқу қиындықтарының айқындылығына байланысты.
Мектептің қолдау көрсету қызметінің шешімі негізінде психолог пен логопедтің көмегі екінші және үшінші топтағы балаларға көрсетілуі мүмкін. Бұған ПМПК тексеруін қажет етпейтін эмоционалдық және мінезқұлық проблемалары бар және ауызша/ жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар балалар жатады.