4- дәріс. ЕББҚ бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерінің сипаттамасы. ЕББҚ бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау
Жоспар
1. Ерекше білім беру қажеттіліктердің әрқайсысының сипаты
2. Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің деңгейлері
ЕББҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі
3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;
5) оқыту формасын таңдау;
6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
8) арнайы психологиялық- педагогикалық көмек
9) педагог-ассистентің көмегі;
10) әлеуметтік – педагогикалық көмек.
1. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту.
Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі:
- мектеп кеңесінің шешімімен;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен.
Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше
анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады. мұндай шешімнің негізі ҚР "Білім туралы" заңының 47 – бабы, 2-тармағы - "ұйым кеңесінің шешімімен жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқыту" болып табылады. Дегенімен, мектеп кеңесінің шешімімен қысқартылған бағдарлама бойынша оқыту тек белгілі бір кезеңге (2-3 оқу тоқсанынан артық емес) қолданылатын уақытша шара болып табылатынын атап өткен жөн.
Психикалық және дене дамуының бұзылымы бар баланы арнайы сыныпта оқыту үшін бұзылым түрі бойынша ҚР «білім беру» заңына [5, б.19, 3т.], ПМПК-нің тұжырымдамасына, ата-анасының (заңды өкілдерінің ) келісіміне сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.