47. Науқастардың ауырсынуды сезінуінің сыртқы белгісіне не жатады?
тежелген күй
тамақ ішуді тоқтату
терең әжімдердің пайда болуымен маңдайының тырысуы
сөйлесуден бас тарту
шектен тыс тітіркену
48. Науқас 52 жаста, "Асқазанның қатерлі ісігі" диагнозымен онкологиялық бөлімшеде ауруханалық емделіп жатыр. Мейірбикелік тексеру кезінде жалпы әлсіздікке, тәбетінің болмауына, ет тағамдарына жиренуте, ауық-ауық болатын құсуға, эпигастрий аймағында тамақ ішкеннен соң күшейе түсетін көрнекті ауырсынуға, сасық иісті кекіруге, ішінің қампиғанына, дене салмағының азайғанына шағымданады Сөйлесу кезінде науқас адинамиялық, айналасындағылармен қиын байланысқа түседі, томаға-тұйық және жабырқаңқы, себебі өлімнен қорқу сезімін сезінеді. Төменде берілгендердің қайсысы басым мәселе болып табылады
метеоризм
тәбетінің болмауы
Дене салмағының азаюы
эпигастралды аймақтағы көрнекті ауырсыну
кекіру
49. Ауруы жазылмайтын науқастарда жиі болатын психологиялық мәселеге не жатады?
мазасыз күй
эмоциялық ступор
психиканың бұзылуы
тұлғалық бұзылу
мінез-құлқының бұзылуы
50. Науқас 46 жаста, онкология бөлімшесіне эпигастрия аймағындағы тұрақты түрдегі сыздап ауырсынуға шағымданып түсті, ауруын басатын дәрілер жағдайын жақсартпайды, тәбеті нашарлаған, жүрегі айниды, құсады, дене температурасы субфебрильді, соңгы айда 6 кг-ға жүдеген. Тексеру кезінде жалпы жағдайы ауыр, температурасы 38,1°С, тері жабындары бозарған, жер түстес реңкте. Науқастың қатты жүдеу кеніл аудартады. Эпигастрий аймағын пальпациялау кезінде күрт ауырсыну және құрсақтың алдыңғы қабырғасы бұлшықеттерінің ширығуы байқалады Төменде берілгендердің қайсысы мейірбикелік іс-шараның басым мақсаты болып табылады.
ауырсыну қарқынының әлсіреу
жағдайының нашарлау қатерін анықтау
клиникалық дизгноз қою
науқас үшін жоғары калориялы диета құрастыру
жақын туысқандарымен әңгімелесу
51. Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен асқынған ЖИА жөнімен ауруханаға емделуге жатты. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне, жүрек қығуына әлсіздікке тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Ентікпесі көлденең жатқанда күшейе түседі, соның себебінен нашар ұйықтайды. Осы мәселе кезінде қандай біріншілікті с-шара мейірбикелік күтіп-қарау жоспарына кіреді?