1. Эссе: Менің мотивациям


«Қазіргі қоғам құндылықтары» Эссе



бет3/3
Дата19.04.2023
өлшемі17,36 Kb.
#84230
1   2   3
3. «Қазіргі қоғам құндылықтары» Эссе
Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті. Сөйлеу мәдениетінің адам қарым-қатынасындағы рөлі. Алайда,бір мақсат, бір мүдде үшін адамдардың бірлесіп өмір сүруі, яғни қоғам болып үйлесуі рухани және материалдық құндылықтарға негізделеді. Адамгершіліктің өлшемі саналатын рухани құндылықтарға отбасы, махаббат, достық, өзін өзі тану, дін, дәстүр жатады. Ал үй, жақсы жұмыс, қаржылық еркіндік сияқты материалдық игіліктер тұлғаның әлеуметтік мәртебесін қалыптастырады. Сондай-ақ бостандық, адамның қадір-қасиеті, теңдік және ынтымақтастық, демократия және заңның үстемдігі – қоғамның маңызды құндылықтары.Қоғамның игілікке ұмтылып, алға жылжуы үшін дәстүрлі құндылықтар мен жаңғырған құндылықтардың тепе-теңдігін сақтау қажет. Мәселен, отбасы, ата-аналар мен балалар арасындағы байланыс, үлкенге құрмет, тағы басқа құндылықтар мен бәсекеге қабілеттілік, шет тілдерін меңгеру, инновациялық ойлау сияқты қасиеттерді қатар алып жүру керек.
Отбасы – тұлғаның қалыптасуында ең маңызды құндылық. Бұл құндылық дәстүр мен ұстанымдарын сақтай отырып, екінші жағынан жаңғырту үдерістеріне үйлесу керек-ақ. Қазір қоғамда отбасының жаңа форматы, ерлер мен әйелдердің жаңа рөлі, жаңа нормалар мен ережелер қызу талқыланып жатыр. Отбасы институтының болашағы қалай болмақ, қоғамның қандай форматтары өзгермейді, қазіргі қоғамға қалай бейімделу керек, қандай дәстүрлі құндылықтарды сақтау маңызды? Осы сұрақтарға жауап іздеу бүгінгі таңда өте өзекті болып тұр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет