Кез келген ферменттің активтілігінің бірлігі (Е немесе U) – ол – 1 минутта, оптималды жағдайда, 1 микромоль субстраттың алмасуын немесе 1 микромоль өнімнің түзілуін жүргізетін фермент мөлшері; өлшембірлігі – мкмоль/мин.
Халықаралық бірлік жүйесінің (СИ) басталуымен, ферменттің активтілігі каталмен (кат, kat) өлшенеді: 1 кат – ол реакцияның жылдамдығын 1 секундтта 1 моль өңдейтін (1 моль/с) қамтамасыз ететін каталитикалық белсенділік.
Халықаралық бірліктің каталға қатынасын келесідей көрсетуге болады:
1 кат = 1 моль ´ с-1 = 60 моль ´ мин-1 = 60 ´ 106 мкмоль ´ мин-1 = 6 ´ 107 U,
немесе:
1 U= 1 мкмоль ´ мин-1 =(1/60) мкмоль ´ с-1 =(1/60) мккат = 16,67 нкат. Сонымен, ферменттің 1 U = 16,67 нкат.
Ферменттің белсенділігі 25°С темпе-ратурада, оптималды рН пен қанығу концентрациясынан үлкен субстрат концентрациясында өлшенуі тиіс.
Бұл жағдайда реакция жылдамдығы нөлінші реттік реакция болып табылады және тек фермент концентрациясына тәуелді болады.
Тәжірибелік жұмыс жасағанда ферменттердің активтілігін көрсету үшін жиі меншікті және молярлы белсенділіктерді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |