16)Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру нысандары
Ғылым мен инновациялық технологиялар қазіргі әлемде экономиканы дамытудың шешуші факторлары болып табылады. Әр түрлі бағалаулар бойынша дамыған елдерде өндіріс өсімінің 70-тен 90%-ға дейінгісі Инновацияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі екен. Тек жаңа технологиялар елге өндірістің тұракты өсуін кепілдендіруі, сондай-ақ дүние жүзілік шаруашылық байланыстар жүйесіне экономиканы үйлестіру интеграциясын қамтамасыз етуі мүмкің.
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау кезеңдерге және тиісінше, ғылыми-техникалық зерттеулердің түрлеріне, соның ішінде: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге, жобалау-конструкторлық зерттемелерге, жаңа техника мен технологияны, ендірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың әдістерін енгізуге байланысты. ҒТП-ні қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары қаржыландыру көздерінің көптігі және олардың мақсатты бағыттылығы болуы тиіс.
Ғылым тұтас алғанда рыноктық қатынастарға бағдарлана алмайтын қызмет сферасына жатады: мәселен, іргелі ғылым түгелдей коммерциялық критерийлерге түсіп кетпейді, сондықтан экономиканың маңызды секторларындағы технологияны революцияландыра алатын іргелі зерттеулер мен келешектегі зерттемелерді қаржыландырудың міндетін мемлекет өзіне апады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық, инвестициялық, экологиялық, ізгіліктік және өзге бағдарламалар саласында келісілген саясат жүргізу қажет. Айтылған бағдарламалар мен жобалардың бағдарламаларын қаржыландыру орталықтандырылған қаражаттар есебінен жүргізілуі мүмкін. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыладырудың басымдығы жалпы мемлекеттік маңызы бар аса маңызды іргелі зерттеулерге, салааралық проблемалар бойынша жұмыстарға, мемлекеттік және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тапсырмаларына беріледі.
Ғылыми қызметті және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту мақсаттарында Қазақстанда «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы жұмыс істейді, оның жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайды. Қоғам қызметінің негізгі мәні елде ғылыми зерттемелерді практикалық іске асыруды қамтамасыз ететін, басымдық, бастамалық, тәуекелдік зерттелімдерді дамытуға жәрдемдесу болып айқындалған. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік етуге және оны пайдалануға құқық берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |