1 Ғылым ұғымы. Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі


)Ғылым және философия. Қазіргі ғылым: негізгі ұғымдар



бет2/42
Дата29.04.2023
өлшемі111,97 Kb.
#88485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
1 ?ûëûì ??ûìû. ?àç³ðã³ ?î?àìäà?û ?ûëûìíû? ð?ë³

2)Ғылым және философия. Қазіргі ғылым: негізгі ұғымдар

Ғылым – табиғат, қоғам және таным туралы жаңа білім алудағы зерттеу нысаны. Зерттелетін материалдық нысанға байланысты ғылымды жаратылыстану, техникалық және қоғамдық деп бөледі. Дегенмен бір объекті əртүрлі ғылымның зерттеу құралы болуы мүмкін, мысалы, тірі организм биологияның, химияның, физика мен кибернетиканың зерттеу құралы бола алады.


Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір саласы.
Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.КонтЭ.ЛиттреГ.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым – адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады.
Қазіргі уақытта елдердің әл-ауқаты олардың ғылым саласының жағдайына тікелей байланысты.Қазіргі қоғамды ғылымсыз басқару мүмкін емес. Дамудың қазіргі кезеңінде ғылым қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгертеді. Бүкіл әлемде ақыл-ой жұмысымен айналысатындар санының өсу және біліксіз физикалық еңбекпен айналысатындар санының азаюы байқалады.
Ғылым адамға тікелей білім арқылы әсер етеді. Ғылыми еңбектер мен жетістіктерді зерттеу балалардың дамуына, олардың білімді тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Қазіргі білім беру үдерісінің негізінде әлемнің ғылыми көрінісі жатыр.
Білім беру процесіне және білім беру құрылымын өзгертуге бағытталған әсер ететін ғылым оның барлық компоненттеріне қолданылады: мақсаттар, міндеттер, принциптер, формалар мен әдістер, құралдар, нәтижелер.
Ғылыми дүниетанымның қалыптасуы жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын білім беру жүйесінің арқасында да пайда болады. Білім мен ғылым саласындағы заманауи саясат жоғары білімді мамандар мен бакалаврлардың үлкен әлеуетін дайындауға және пайдалануға бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет