Экспериметтік зерттеу дегеніміз жаңа ғылымибілім алуға бағытталған зертеу әдісі. Теориялық зерттеу барысында алынғанғылыми нәтижелерді эксперименттік жағдайдатексеру керек болып табылады.
Эксперименттік зерттеулер лабораториялықжәне өндірістік болып екіге бөлінеді:
1) зертханалық зерттеулер - типтік приборлар, арнайы модельдеуші қондырғылар, стенттер, жабдықтардың көмегімен жүргізеді. Лабораториялық зерттеулер бір жағдайдыбірнеше мәрте қайталамай отырып, негізгіпараметрлерді өзгерте отырып, құбылыстармен процестерді жан-жақты, сапалы және тиімді зерттеуге мүмкіндік береді. Зертханалықзерттеудің мұндай қасиеті олардың нәтижесінөңдеуді жетілдіру мақсатында математикалықжоспарларды пайдаланып ғылыми құндыақпараттар дайындауға мүмкіндік береді;
2) өндірістік эксперимент шын өндірістікжағдайда әртүрлі кездейсоқ факторлардың әсер етуін ескере отырып процестерменқұбылыстарды зерттеу түрі болып табылады. Өндірістік эксперимент көп шығынды қажетететін болғандықтан оны ойластыру, жоспарлау мәселелеріне қатаң талаптарқойылады. Өндірістік эксперимент бірнешетүрлі жүргізуі мүмкін.
29)Теориялық-эксперименттік зерттеулерді талдау және қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау Теориялық – эксперименттік зерттеуді талдаудың негізіне – ғылыми болжамның зерттеуінің мəліметтерімен ортақ біржүйеге қойылуы жатады. Теориялық жəне эксперименттік мəліметтерді сəйкес келетін графиктермен салыстырылады. Талдаудан кейін қорытындылар мен ұсыныстар жасалады. Бұл жағдайда зерттеу нәтижелерінің жаңалығын қысқаша және нақты бөліп көрсету, оларды бағалау және одан әрі ғылыми зерттеулердің бағытын анықтау қажет.Бір тақырыптан 5-8-ден артық емес қорытынды жасау ұсынылады. Егер зерттеу мақсатына сәйкес келетін негізгі тұжырымдардан басқа, басқаларын жасауға болатын болса, олар бөлек тұжырымдалады.
Барлық қорытындыларды 2 топқа бөлген жөн - ғылыми және практикалық ұсыныс.
Ғылыми зерттеулерде орындалған зерттеулер нәтижесінде ғылымға қандай жарна жасалғанын көрсету қажет (Ғылыми жаңалық, жаңа ұсыныстар, қолданыстағылардың түбегейлі алшақтығы, белгілі қағидаттарды теріске шығару және т.б.).Сондай-ақ, тұжырымдар ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін өндіріске енгізу жоспарын ұсынады және экономикалық тиімділікті есептейді.