43. Қорқыт философиясындағы «мәңгі өмір» мәселесі. Сонымен, Қорқыт туралы, сол дәуірде Қаратау қойнаулары мен Сыр бойындағы тұрған қалалар, елді мекендер, күмбездер, кешендер туралы аңыздар қазақ халқының арасында осы күнге кейін айтылып жүр. Өйткені бұл аңыздар тарихта болған шын оқиғалармен тығыз байланысты.Қазақ арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Терең ойлар мехнат азабы мен өлмеуді арман еткен Қорқыт мәңгілік өмірді іздеп ел кезеді. Қазақ арасындағы аңыздарда Қорқыт Ата – көпті көрген батагой, сәуегей, атақты музыкант әріі ойшыл қария. Ол айтқан болжам дәл келіп отырған.Адам өмірі, мінез-құлық, тағдыр жайында тұңғұйық, кемелді толғаулар қалдырған. Қорқыт адам тіршілігінің тым қысқалығына, өлім мен апатқа наразы болып, содан құтылудың жолын іздеп, шарқ ұрады, желмаясына мініп шартарапты кезеді. Бірақ қайда барса да алдынан аңырайған көр шығады. Жер қазғандардың бәрі оған: «Қазып жатқанымыз Қорқыттың көрі» – деп жауап қатады.Дүниенің төрт бұрышын кезген сапарында Қорқыт кісі өлімі ғана емес, жүгірген аң, ұщқан құстың жемтігін, тамыры қурап, суалған бәйтеректі көреді. «Осының бәрі де кезінде тіршілік етті, тыныс алды, енді қысқа өмірі тәмәмдалды»- деп соның бәрін көрге санайды. Осының бәріне қатты қапа болып, налыған Қорқыт жападан жалғыз күңіренеді. Сөйтіп жүріп өзгеше бір өнер табады. Су үстіне кілем жайып, өзі жасаған жер бетіндегі тұңғыш күй аспабы қобызбен күңірене сырлы күй шертіп, іштегі шерін тарқатады. Құдіретті күй сазы лезде дүниені түгел баулайды. Өлімге қарсы тартылған, мәңгі тіршілікті мадақтаған Қорқыт күйін етіген бүкіл адамзат, ұшқан құс, жүгірген адам тұра қалып, Сыр үстіндегі ғажайып күйге тосады, ұйып тыңдайдыҚорқыт ата күн демей, түн демей «Өмір жырын толассыз шертеді». Ажал талай рет төніп келеді, бірақ бебеу қаққан қобыз күйі оған Қорқытты алдыртпайды. Ұйқысыз өткен талай күн, талай түндерден қалжыраған Қорқыт ата бір сәт қалғып кеткенде, ажал «Қайрақ жылан» дейтін ұлы жыланның бейнесінде келіп Қорқытты шағып өлтіреді.Екінші бір аңызда Қорқыт Әзірейілмен кездеседі. Әзірейіл Қорқыттың жанын салып алатын сандық істеп ала келеді. Қорқыт Әзірейілмен сөйлесе тұрып, сандыққа оның өзін алдап салып алады да, кілттеп суға ағызып жібереді. Қорқыт жайындағы аңыздарда оптимистік ұғым, толғам басым.Дүние жүзі әдебиеті, әсіресе, ескі мифтік аңыздарда, ежелгі жырларда, көне эпостарда Қорқыт тәрізді өлімге қарсы күрескен соқталы бейнелер болған. Соның бірі грек мифіндегі Прометей.Міне, қазақ арасындағы Қорқыт жайлы аңыздардың негізі осындай. Бірақ, біз үшін Қорқыттың артында қалдырған жырлары мәндірек. Бұл тұста ол жай күйші, бақсы болып қала алмайды. Х ғасырда бір оғыздардың 12 түрлі эпостық жырларын тудырған Қорқыт көбіне дана ақын, үлкен төкпе жыршы болып көрінеді. Ол халық жетекшісі, көне заман, ру тайпа өсиеттерін сақтаушы. Қорыта келгенде «Қорқыт ата» жырдарында Қорқыт исламда жол берілмейтін нәрсе тағдырға мойынсунуға қарсы әрекет жасап өлімге қарсы күреседі, сөйтіп Европада ХІХ ғас. ғана пайда болған экзистенциализмнің негізін ІХ-Х ғасырларда-ақ салды деп айтуға болады. Сонымен қатар, Қорқыт түбінде ажалға жол бергенімен, оның ісі, яғни оның жырлары, музыкасы мәңгі өмір сүре береді. Оның қобыз сырын ғасырдан ғасырға ел жүрегін елжіретіп, осы күнге дейін оның туған жерінде естіледі.