1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Сөйлеу. Сөйлеу функциялары. Адамда сөйлеудің дамуымен байланысты ми қыртысының фунцкионалды ассиметриясы. 100%



бет74/79
Дата21.03.2023
өлшемі243,73 Kb.
#75638
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
физиология сессия Nazarkul E.S. 2021surak

86.Сөйлеу. Сөйлеу функциялары. Адамда сөйлеудің дамуымен байланысты ми қыртысының фунцкионалды ассиметриясы. 100%
Адамдағы негізгі байланысу, ақпарат алмасу құралы – тіл, оның көмегімен сөйлеу жүзеге асырылады. Адамдардың сөйлеу қабілеті қоршаған ортадағы дыбыстарды қабылдау, көру арқылы бала кезінен бастап дамиды.
Сөйлеудің арқылы атқарылатын функциялар – регуляторлық, коммуникативтік, түсіндіру/ұғындыру функциялары.
-Сөйлеудің коммуникациялық функциясы – адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыру барысында орын алады. Коммуникациялық функция – экспрессивті және интенсивті сөйлеу арқылы жүзеге асады. Эксперессивті сөйлеу- белсенді түрде сөйлеу, суреттеу болса, интенсивті сөйлеу – суреттеліп жатқан бейнені түсіну. Тіл арқылы лингвистикалық және экстралингвистикалық ақпараттар беріледі.
-Сөйлеудің түсіндіруші/ұғындырушы функциясытілді ойлау, түсіндіру құралы ретінде пайдану, ақпараттарды талдау кезінде жүзеге асырылады.
-Сөйлеудің регуляторлық функциясы – сөйлеу арқылы ішкі органдардың , органдар жүйесінің қызметін реттеу. Сөз өз кезегінде, физиологиялық активті фактор ретінде және сөздік тітіркендіргіш ретінде ішкі органдардың функциясы мен метаболизмнің қарқындылығын өзгерте алады. Дәрігерлер арасында бұл функция аса маызды роль ойнайды, себебі, дұрыс айтылмаған сөзден пациенттерде ятрогендік аурулар пайда болуы мүмкін.
Сөйлеу әрекетінің формалары – кинестезиялық, акустикалық, оптикалық болып бөлінеді.
-Акустикалық форма – дыбыс сигналдары ретінде болады. Бұл сөздерді жіктеп немесе интеграциялап түсінуген көмектеседі.
-Оптикалық форма – сөздің символдық мәнін, сөзді бөліктерге бөліп қабылдауды қамтамасыз етеді. Мидың шүйде аймағы зақымданса – әріптерді тану, самай бөлімі зақымданса – әріптерді қабылдау бұзылады.
-Кинестезиялық формасы – дыбысшығаратын артикуляциялық аппараттар бұлшықеттердің көмегімен жүзеге асырылады.
Сөйлеу 3 процесстен тұрады : сөздік тітіркендіргішті түйсіну, танып білу, ақпаратты түсіну. Әрбір процесс белгілі бір ми бөліктерінде жүзеге сырылады.
-Сөзді айту, түйсіну орталығы – Брока орталығында жүзеге асырылады. Ол мидың маңдай бөлігінің 2 және 3ші қатпарларында орналасады.
-Сөзді танып білу орталығы – мидың бұрыштық қатпарында жүзеге асырылады, мұнда сөзді тану, тыңдау, оқу процесстері жүзеге асырылады.
-Сөзді түсіну орталығы – Вернике орталығында жүзеге асады, ол оң жақ мидың самай аймағында орналасады.
Сөйлеу кезінде жиі кездесетін патологиялар: афазия-сөйлей алмау, аграфия – жаза алмау, алексия – оқи алмау , агнозия – сөзді түсінбеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет