Бірінші кезең - ұрық басының бүгілуі. Жатыр мойнының ашылу дәрежесіне және омыртқа бойымен берілетін жатырішілік қысымның өсуіне байланысты ұрық басы мойын бөлігінде бүгіледі. Бастың бүгілуі біртекті емес иінтірек ережелерін ескере отырып, жүзеге асады. Бұл заңның пайда болуы омыртқанын ұрық бас сүйегінің негізімен косылған жері бас сүйек ортасында емес, иекке қарағанда, шүйде аймағында бекуіне байланысты болуы мүмкін. Сол себепті босану кезінде күшену күшінің көп бөлігі иінтіректің кысқа бөлігі - шүйдеге түседі. Ұзын иінтіректің соңында ұрыктың беті мен көлемді бөлігі - маңдайы болады. Бастын бет бөлігі жамбастың атаусыз сызығы жағынан карсылыққа тап болады. Нәтижесінде жатырішілік кысым төмен түсіп келе жатқан ұрык шүйдесіне басады, ал иегі кеудеге кысылады. Кіші еңбек жамбастың өткізгіш сызығына жакындап, үлкен еңбектен төмен орналасады. Қалыпты жағдайда ұрық басы жамбас жазықтығынан тар бөлігіне дейін өтуі үшін қажет өлшемге дейін бүгіледі. Бүгілу кезінде бас өлшемі қысқарады. Ұрық басы осы кезде кіші өлшемге сәйкес (9,5 см) немесе соған жакын өлшеммен жамбас жазықтығынан өтеді. Бастың бүгілуінің дәрежесіне байланысты бастауыш нүкте кіші еңбек облысында немесе асинклитизм түрін ескере отырып, төбе сүйектерінің біріне жақын орналасады.
Екінші кезең - бастың ішкі бұрылысы. Ұрық басы жамбас куысының кен бөлігінен тар бөлігіне жылжу кезінде, бүгілумен бір уақытта ішкі бұрылысын жасайды. Осы кезде ұрық басы өзінің жебе тәрізді жігімен жамбастың тік өлшеміне сәйкес орналасады. Шүйдесі қасағаға жакындайды, бет бөлігі сегізкөз ойысында орналасады. Шығаберіс куысында жебе тәрізді жік тура өлшемде болады, ал шүйде ойығы - қасаға астында орналасады.
Бастың бұрылуы үшін жамбас сүйектерінің алдыңғы және артқы қабырғаларының түрлі қарсылығының маңызы бар. Алдыңғы қысқа қабырға (қасаға сүйегі) артқы кабырғаға (сегізкөз) қарағанда аз карсылык көрсетеді. Нәтижесінде жамбас қабырғаларымен тығыз қамтылған, түсіп келе жаткан ұрық басы оның бетімен сырғи отырып, өзінің кіші өлшемдерімен жамбастын үлкен өлшемдеріне бейімделеді. Аралык бұлшыкеттері де жиырыла отырып, бастың бұрылысына себепші болады.