1. Физиологиялық және сөйлеу кездегі дем алудың айырмашылығы. Салыстырмалы кесте толтыру. Сөйлеу аппаратының орталық, шеткі бөлігі.


Тілше түтігінің сызбанұсқасыОсылай дауыс қатпарлары да тербеледі



бет3/5
Дата03.03.2022
өлшемі473,52 Kb.
#26936
1   2   3   4   5
 Тілше түтігінің сызбанұсқасыОсылай дауыс қатпарлары да тербеледі.

Олардың тербелісінің


нәтижесінде қысымның әсерінен трахея бойымен қозғалып жатқан
ауа ағынының қозғалысы дыбыс қатпарларының астында ауа
бөлшектерінің тербелісіне айналады; осы тербелістер жұтқыншақта,
ауа қуысында және мұрын қуысында сәйкес өзгерістерге ұшырап,
сыртқы ортаға беріліп, дауыс дыбыстары ретінде қабылданады.
Фонация кезіндегі олардың тербелісінде дауыс қатпарларының
әр бір ажыраған уақытында өте аз мөлшерде ауа шығады. Сондықтан
дыбыс толқынының сыртқы ортаға түсетін қысымы, қалыпты дем
шығару кезіндегі ауа ағынының қысымымен салыстырғанда төмен.
Осындай тәжірибе негізінде соған көз жеткізуге болады: қалыпты
дем шығарған кезде ауыз алдына әкелінген қағаз алға қарай
қозғалады, ал фонация кезінде ауызға әкелінген қандай болсын
жеңіл зат мүлдем қозғалыссыз қалыпта қалады.Сыбырлау механизмі.

Егер дыбыс шығару кезінде


дыбыс қатпарларының жанасуы көлденеңқалпақты бұлшық еттердің қатысуынсыз жүрсе,
онда сыбырлау кезінде дыбыс қатпарлары өзінің
тартылысымен жанаспайды, түйіспейді: олардың
сыртқы бөлігінде кішкентай тік бұрышты үшбұрыш
пішінді саңылау қалады, ол арқылы дем
шығарылатын ауа ағыны өтеді . Осы кезде дауыс
қатпарлары тербелмейді, бірақ үшбұрышты
саңылау шетінде ауа ағынының үйкеленуі шуды
тудырады, бұл сыбырлау түрінде қабылданады.
Сыбырлау кезінде дауыс қатпарының
орналасуы. Сыбырлау кезінде дауыс қатпарының орналасуы Фальцет механизмі

Фальцет механизмі. Фальцет дегеніміз


(итал. falso – шынайы
емес, фальшивті) табиғи емес жоғары еркек
дауысы. Фальцеттің пайда болу механизмі
осыда: дауыс қатпарлары өзінің қалыңдығы
бойынша емес, тек оның жұқа шет жағының
тербелісі және тербеліс көлденеңнен емес,
ұзыннан, яғни үстінен астына қарай
бағытталып іске асады. Фальцетті дыбыста
дауыс қатпарлары толығымен жанаспайды,
олардың арасында ұршық тәрізді саңылау
қалады. Дауыс күші, биіктігі және тембрі

Дауыс күші, биіктігі және тембрі. Дыбыс сияқты


дауыстың күші, биіктігі және тембрі
болады.Дауыстың күші негізінен ауа қысымының
мөлшерімен анықталатын дауыс қатпарларының
тербеліс амплитудасына, яғни дем шығару күшіне
тәуелді. Өкпеге көп мөлшерде ауа толған кезде
және жоғары интенсивтілікте дем шығарған кезде
дауыс қатты шығады. Бірақ жұтқыншақта пайда
болатын дауыс барлық жағдайда салыстырмалы
әлсіз болып келеді. Дауыс күшіне дыбысты
күшейтетін жұтқыншақтың, ауыз қуысының және
мұрын қуысының резонаторлық қуыстары
маңызды әсер етеді. Дауыстың биіктігі дауыс қатпарларының тербеліс жиілігіне

тәуелді, олар өз алдына ұзындыққа, қалыңдыққа және оның


кернеуіне тәуелді. Дыбыс қатпарлары неғұрылым ұзын,
соғұрылым олар қалың және неғұрылым кернеу аз, соғұрылым
дауыс дыбысы төмен болады.
Дауыс биіктігінің өзгерісін көмейдің бұлшық етті аппараты
қамтамасыз етеді. Төмен дыбыстарды шығарған кезде (өлең
айтқанда) дыбыс қатпарларының тартылуы сондай жоғары
емес: дыбыс қатпарларын тартып тұратын сақиналы-қалқанша
тәрізді бұлшық еттер жұмыс істемейді; дауыс бұлшық еттері
(қалқанша-қалпақ тәрізді бұлшық ет) белсенді болады, олар
жиырылған кезде қалыңдап, соның салдарынан дауыс
қатпарларының қалыңдығын жоғарлатады. Дыбыстың жоғарлауы сақиналы-қалқанша тәрізді

бұлшық еттің жиырылуынан пайда болатын дыбыс


қатпарларының тартылуы арқылы жүзеге асады. Осы
механизм белгілі бір шекке дейін жүреді. Сақиналықалқанша тәрізді бұлшық еттер максималды
жиырылғаннан кейін дауыс қатпарларының тартылуы
мүмкін емес, осы кезде басқа механизм жүре бастайды
– дауыс катпарларының тербелетін бөлімінің
қысқаруы. Бұл көлденең бұлшық еттердің жиырылуы
арқылы іске асады. Егер дыбыс қатпарларының
тербеленетін бөлімінің тартылуы мен қысқаруы белгілі
бір шекке жетсе, сонда фальцет механизмі іске кіріседі. дауыс қатпарларының тербеліс

Сонымен, дауыс қатпарларының тербеліс жиілігі,


яғни дауыс биіктігі екі фактордың өзара әсеріне
тәуелді – дыбыс қатпарларына ауа ағынының
қысымы және дауыс қатпарларының құрылымы
(ұзындығы, қалыңдығы, тартылу дәрежесі).
Француз физиологы Р.Юссон (P.Husson) дауыстың
пайда болуының басқа бір теориясын ұсынды. Осы
теорияға сәйкес дауыс қатпарларынң тербеліс
саны, яғни жиілігі дауыс бұлшық еттеріне төменгі
көмей жүйкесінің талшықтары арқылы жететін
жүйке импултстерінің санымен анықталады. Юссон
теориясын қазіргі кезде емкім мойындамай отыр.Дауыс қатпарларының

тербеліс жиілігі негізгі


тонның биіктігін көрсетеді. Көмейде негізгі
тоннан басқа қосалқа, немесе обертондар
пайда болады. Олардың дыбысталу жиілігі
мен күші көмейдің құрлыс ерекшелігіне,
сонымен қатар резонаторлық қуыстардың
көлемі мен пішініне (жұтқыншақ, ауыз қуысы,
мұрын қуысы) тәуелді. Обертондардың
белгілі бір үйлесуі жеке адамның дауысын,
немесе тембрін анықтайды, яғни осы дауыс,
немесе тембр арқылы адамды даусынан
айырып, тани аламыз. Дауыс диапазоны

Дауыс диапазоны. Адам дауысы


шамамен екі окт аралығындағы биіктік
бойынша өзгеруі мүмкін. Қалыпты
жағдайда сөйлеу үшін 4-6 тон жеткілікті.
Дауыс диапазоны, яғни биіктік бойынша
дауыстың өзгеруге мүмкін аралығы әртүрлі
адамдарды әрқилы.Дауыстардың негізгі типтері

үшін осы
аралықтар орташа шамамен алғанда


осындай:
Бас 80-340 гц
Баритон 96-426 гц
Тенор 128-512 гц
Контральто 170-680 гц
Меццо-сопрано 216-864 гц
Сопрано 256-1024 гц. Балаларда дауыс диапазоны

ересек адамдарға


қарағанда төмен болады. Жас ұлғайған сайын
дауыс диапазоны жоғарлайды (қыз бен ұлдарда
бірдей):
8-ден 10 жасқа дейін 320-512 гц
10-нан 12 жасқа дейін 290-580 гц
12-ден 14 жасқа дейін 256-680 гц
Қыз балалар да, ұлдарда да одан жоғары (дискант)
және төмен (альт) дауыстар кездеседі.
Балалар даусының диапазоныңда шектеу
болғандықтан, ән күй сабағында және әртүрлі
қойылымдарда репертуарды таңдау
барысында ескерген жөн. Регистрлер.

Дауыс регистрі дегеніміз пайда болу


механизмі
мен дыбысталу сипатына қарай ұқсас дыбыстар
қатарын айтады. Үш регистр түрлерін ажыратады:
кеуделік, басты және аралас (микст). Кеуделік
регистр деп аталу себебі: кеуде клеткасының
қабырғасы қолмен сезілетін қозғалысты,
вибрацияны береді. Кеуделік дауыс обертондарға
бай. Кеуделік дауыс кезінде дауыс қатпарлары
тығыз жанасады, бүкіл массасымен ауа ағынына
перпендикуляр бағытта тербеледі, яғни көлденең
бағытта. Кеуделік регистрге дауыстың төменгі
тондары жатады.Басты регистр

қолды төбе бөліміне


қойған кезде ми сауытында вибрация
түрінде болатын бас резонансымен
сипатталады. Бас регистріне қарапайым
үлгі болатын бұл фальцетті дауыс. Фальцет
обертондардың аз болуымен
ерекшеленеді. Фальцеттің пайда болу
механизмі жоғарыда айтылған бас
регистрін жоғары тонды диапазондарда
қолданады Аралас дауыс (микст) фальцетке

қарағанда


обертондарға бай, бірақ кеуделік дауысқа
қарағанда аз болады. Дауыс саңылауы толық
жабылмайды, фальцет кезіне қарағанда
дауыс қатпарлары кең беткейде тербеледі, ал
кейде барлық массасымен. Микстке дауы
диапазонының орташа тондары жатады. Ән
айтқан кезде барлық үш регистр
қолданылады, ал сөйлегенде микст басым
болып келеді (ересек адамдарда). Балаларда
жыныстық жетілуге дейінгі кезеңде тек
фальцетті дауыс қызмет етеді. Дыбыс шабуылы.

«Шабуыл» деген ұғым тыныштықта жатқан


дауыс қатпарларын іске келтіру сөйлейтін немесе ән айтатын
қабілетті білдіреді. Кейде дыбыс шабуылын дыбыс бастамасы
дейді. Үш түрлі шабуылды ажыратады: қатты, жұмсақ және дем
алуға дейінгі. Қатты шабуыл кезінде дауыс қатпарлары
дыбыстың басталуына дейін тығыз жанасады, содан
шығарылатын ауа бітелген дауыс саңылауы арқылы күшпен
шығады және дауыс қатпарларын тербеліске әкеледі. Қатты
шабуыл үшін дыбысталудың басында анық дыбыстың шығуы
тән. Қатты шабуылға мысал бола алатын, бұл
канағанатсыздықты білдіретін одағай сөздерінің айтылуы.
Мысалы, «Ах, бұл қандай жайсыздық!». Жұмсақ шабуыл кезінде дауыс

қатпарларының жанасу уақыты


мен ауа ағынының өте бастауы сәйкес келеді, және жанасудан кейін
дауыс қатпарлары вибрациялана бастайды. Жұмсақ шабуылды
қанағаттанарлық сезімді айту үшін қолданады. Мысалы: «Япырай,
осында қалай жайлы!». Дем алуға дейінгі шабуылда дауыс
қатпарларының жанасуына дейін дауыс саңылауы арқылы дем
шығарылатын ауа өте бастайды, осы кезде ауаның қатпар шетіне
үйкеленуі естіледі, тек содан кейін дауыс қатпарлары жанасып,
дірілдей бастайды. Украиннің г әрпін және ағылшынның, немесе
неміс тілінің һ әрпін дауысты дыбыспен айту дем алуға дейінгі
шабуылға мысал бола алады. Мысалы, Ганна (украинша айтқан
кезде) немесе неміс тілінде haben. Нәрестелердің даусын шығарып
шынғыруы қатты шабуылмен, ал олардың былдырлап мәз болуы
жұмсақ шабуылмен іске асады. Гигиеналық жағынан жұмсақ
шабуылдың маңызы зор, өйткені қатты шабуыл кезінде дауыс
қатпарлары шамадан тыс жиырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет