1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Халық ауыз әдебиетінің суреттеу құралдары: архаизм, эпитет, теңеу, троп



бет105/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   112
143. Халық ауыз әдебиетінің суреттеу құралдары: архаизм, эпитет, теңеу, троп.
Архаизмнің көркем әдебиетте белгілі бір стильдік мақсат үшін жұмсалатынын айта келіп, ғалым М.Әуезов «Тіл және әдебиет мәселесі» атты мақаласында өзбек, татар, араб, иран тілдерінен енген көне сөздерден қашудың жөні жоқ екенін ескертеді. Р.Сыздық сөздік қорда мағынасы көпшілікке тегіс түсінікті бола бермейтін топтардың бар екенін айта келіп, ол топтарға архаизм деп аталатын көне сөздерді жатқызады. Тілдегі көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай aрхаизм сөздер (көне сөздер) және тарихи сөздер (историзмдер) болып екі топқа бөлінеді. Әр халықтың тұрмыс-салтына, күнкөріс тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп мүлде қолданылмай қалған сөздер – архаизмдер деп аталады.Ұлт тарихындағы өзгерістерге байланысты көнерген сөздер ішінара жаңа мағына алып, сөз дік құрамдағы актив сөздердің үйіріне қайтадан қосылып отыр. Мәселен: жасақ деген сөзді қайтадан қолдану нәтижесінде жасақ, жасақшы деген жаңа сөз қалыптасты. Төре деген архаизм сөзден төреші (арбитр) төраға, төралқа деген жаңа сөздер туып, қолданысқа енді. Демек, ескірген, көнерген (архаизм) сөздер де қоғам дамуының тарихи өзгерістеріне бейім тілдік қажетсіну талаптарына сәйкес өзгеріске ұшырап отыратын лексика — семантикалық құбылыс болып табылады. Кей архаизмдер қазіргі таңда тілдегі синонимдерімен алмастырылып, көнерген сөздердің қатарына енсе, кей архаизмдердің бұрынғы мағынасы сақталғанымен, сөз жасау құрамы, дыбыстық құрамы өзгеріске ұшырайды. Семантикалық архаизмдерге қазіргі тілде сақталған, бірақ көнерген мағынасында қол данылатын сөздер жатады. Көркем әдебиетте архаизмдер сол дәуір тарихын әсірелеу үшін, публицистикалық жанрларда сөзге сал танаттылық беру, тыңдаушыларға қобалжытарлықтай әсер ету үшін, фельетон, памфлеттерде әжуалағанда күлкі шақыру үшін, драматургияда кейіпкерге сөздік сипаттама беру үшін қолданылады. Қорыта айтқанда, көркем әдебиетте кейіпкер тілінің әрлілігін арттыру үшін және өткен заман болмысын айқын таныту үшін стилистикалық тәсіл ретінде қолданылатын, қазіргі кезде басқаша айтылатын баламалары бар, лексика, грамматика салаларының қай-қайсысында болсын кездесетін сөйлеу тілінде қолданудан шығып қалған көнерген сөздер мен сөз тіркестерін архаизмдер дейміз.
Эпитет-заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында «алтын» сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан: түсті (алтын күз); құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ); атақ-дәрежені (алтын жаға); қазына-байлықты (алтын сандық); жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді. Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады. Жүйрік қиял, ақ қайың, ереуіл ат, қоңыр кеш, әсем әуен, т.б
Теңеу – екі нәрсені, құбылысты салыстырудың ең көп тараған тәсілі. Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі болып келетіні байқалады. Бірде теңеу екі нәрсені тұтас алып салыстыру арқылы жасалса, енді бірде айтылып отырған нәрсенің бір сипат-белгісін, түсін, дыбыс-үнін, тағы басқадай жеке ерекшелігін өзге нәрсемен салыстырып бейнелеу негізінде туады. Бір нәрсенібасқа нәрсемен қимыл-қозғалысындағы ұқсастықты тірек етіп салыстыру жолымен жасалған теңеулер де жиі кездеседі. Теңеу - заттың, я құбылыстың сыр-сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айырықша мән-мағына беру. Академик Қажым Жұмалиев теңеулердің жасалу жолын мынадай түрлерге бөледі:
1. -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін жұрнақтары арқылы;
2. -ша, -ше жұрнақтары арқылы;
3. секілді, сияқты, тәрізді сөздерінің көмегімен;
4. бейне сөзінің көмегімен;
5. тең сөзінің көмегімен;
6. ұқсас сөзінің көмегімен.
«...Ожымбай қияда қомданған алып бүркітше екі иығын қозғап қойып сөз бастады.Сыбығыны енді асықпай бозторғайдың үніндей шырылдата бастап, жан-сезімді қытықтағандай әдемі бұлбұл үніне ауысты.» (Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романынан )
Жүрегіңде бар жалын,
Жыры бейне кең дала
... Тегеште тез көпірген сүтке теңбіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет