1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Ауыз әдебиетінің суреттеу құралдары: метафора, метонимия, символ, аллегория



бет106/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

144. Ауыз әдебиетінің суреттеу құралдары: метафора, метонимия, символ, аллегория.
Метафора Метафора - суреттеліп отырған зат не құбылсты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап айту. Метафораны ауыстыру деп те атайды. Метафоралық тіркестер бейнелеп суреттеуге шеберлікті аңғартады. Айтайын деген ойдың әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де құбылту тәсілі керек. «Құбылту – сөздердің тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті ойды өңін айналдырып айту.Фариза Оңғарсынованың «Түн» өлеңінен мысал:
Түн.
Аспан-жасыл жайма.

Жұлдыз-ақық,


Бұлақ-қыз,шолпы таққан сылдыратып.
Көк- заңғар.
Дала-шалқар.
Бұл сұлулық
Тұр менің жүрегімнен жыр құлатып.
Метафоралау түрлері:
Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт — есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау — бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т. б.Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі — аң, айлакерлік белгісі; қой — мал атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т. б.).Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, құрықталды деп жылқыны айтады, бірақ тілшілердің сөзінде адам құрықталды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолдынылып жүр.Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, алау сезім. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым. Көбіне ондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі емеурінмен білдіріледі.етафора – метафоралық ауыс мағына туғызу, сыртқы не ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап, бір заттың атауы басқа бір затқа атау болуы. Бұл – ұқсасту заңына негізделеді. 1. Тілдік метафора. 2. Поэтикалық метафора.
1. Тұлға ұқсастығы: адамның көзі – бұлақтың көзі, істің көзі
2. Қимыл ұқсастығы: тіл – адамның тілі, сағаттың тілі, техниканың тілі
3. Заттың қызыметіндегі ұқсастық: адамның басы – ел басы
4. Ұғымның бір-біріне қатынасынан туған ұқсастық: жіңішке – жіп, бел
Поэтикалық метафора – ойды әсерлі, әрі айқын етіп жеткізудің бір тәсілі, ой көркемдігі, жалпыхалыққа таныс белгілі суретке негізделген болады: шөл кемесі – түйе, ақ алтын – мақта, сары алтын – бидай, қара алтын – көмір.
Метонимия (гр. 'metonymіa' – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады.
Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады. Мысалы, Абай “Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға” дегенде сүйінші сұраған жандардың баспанасын емес, адамдарын айтады.
Символ (грекше шартты белгі) - астарлау, яғни – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестьленіп отырған шындыққа әсем жар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл писать береді. Отырмин теңіз бойында, Достарым қандай көп еді, Ойнайды дауыл ойымда, Көбісі соның жоқ енді. Соғады толқын шың, нарды, Көпірген теңіз төңірегім, Шертеді көңілім мұңлы әнді, Күрсінбейді жел тегін! (Ә.Тәжібаев). Аз ғұмырында әрқашан ақылды болу үшін әркім-ақ айырықша ескеруге тиіс бір шындықты ақын көз алдында дөңбекшіп жатқан теңіздей ағыл-тегіл философиялық сырға шомылдырып, үлкен шабытпен жырланған. Бұл өлең – символ мен бірге психологиялық параллелизмнің де үлгісі. Абай «Жартас» аты аударма өлеңінде кәрі жартасты мешеу қарт бейнесінде, оның басы на қонып кетіп тұратын ұшпа бұлтты таңсығы басылмаған жас қыз бейнесінде суреттеп, сол табиғат құбылысы мен адам мінезінің құбылмалық писатьын ортақ символ мен белгіледі. Ал өзінің «Сегіз аяқ» өлеңінде: «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық, Естісем үнін, Білсем деп жөнін, Көп іздедім каңғырып. - Баяғы жартас - бір жартас, «Қаңқ» ветер, түкті байқамас», - деп жартас бейнесін жалаң табиғат көрінісі емс, адам мен табиғатқа ортақ қоғамдалған шындықтың деректі бейнесі ретінде суреттеді.
Аллегория (көне грекше: allёgorіa — астралап, пернелеп айту), — оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл. Аллегорлау көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Түлкі — қулық, арыстан — зорлық, қасқыр — қастық, қоян — сужүректік, есек — ақымақтық, аққу — адалдық, махаббат т.б. түрінде бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді. Әлемдік сөз өнерінде ғасырлар бойы қалыптасқан типология ортақ бейнелер Аллегорлау арқылы беріледі.
Әдеби шығармаларда жансыз табиғат құбылысы тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелетіні көптеп кездеседі. Құбылтудың мұндай түрі кейіптеу деп аталады. Мысалы, Абайдың "Қыс" өлеңіндегі:
« Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,---
еп, қыстың кәрі құда бейнесінде бейнеленуі суреттелуі, сылқ-сылқ күлгені" - кейіптеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет