1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Наным-сенімге байланысты өлеңдер



бет21/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

26. Наным-сенімге байланысты өлеңдер.
.Байырғы қазақ халқы не түрлі заманды бастан кешірген, әсіресе жаугершілік пен пен табиғаттың қаталдығынан зор зардап шеккен.Сол кездің өзінде ақ дүниеніңі жұмбақ сырласына шолу жасаған. Соның бірі қазақ халық әдебиетінде өте ерте заманда пайда болған наным -сенім өлеңдері. Наным –сенім өлеңдеріне үш түрлі ерекшелік байқалады:

Бірінші: адамдар әлі аңғалдау, табиғатқа тәуелді.


Екінші: ол кездегі адамдар табиғаттың алдында әлсіздік көрсетеді.
Үшінші: аталған наным-сенім өлеңдерінде алғашқы қауымдық дәуірдегі адамдардың жаратылысты танудағы алғашқы қадамдары көрінеді.
Адам ауруға шалдықса да, мал басы көлденең келген кеселге тап болса да- соның бәрін әлдеқандай бір кереметтің күшімен болып жатыр деп есептеген. Айға- күнге табынған.
Халық ауыз әдебиетінде наным-сенім өлеңдері үшке бөлінеді:
Алдау-арбай өлеңдері.
Бақсы сарыны.
Бәдік өлеңдері.
Ал Мұхтар Әуезов оларды өзгеше жолмен үшке бөлген:
1. Ел салтындағы шер өлеңдері( жоқтау, естірту, көңіл айту)
2. Дінмен байланысты өлеңдер(наурыз, бақсы сарыны, жарапазан)
3. Қыз ұзатуда айтылатын өлеңдер( жар- жар, қоштасу, беташар)
Арбау, бәдік, бақсы сарыны өлеңдері түрлі магиялық, анимистік, шамандық наным-сенімдерге тұяқ тірегенімен атқаратын қызметтері ұқсас: яғни ауру мен дерттен қорғану, құтылу мақсатында оқылады.


27. Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері.
Әр халықтын лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар жарда, сыңсу мен беташарда немесе мұң-шер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.Лириканың жанрлық сипатын сөз еткенде, оның белгілі бір нақты түрін бөліп көрсету мүмкін бола бермейді, дегенмен шартты түрде бөлінген түрлері бар екенін де жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, мысал, мұң өлеңі (элегия), мадақ өлең (ода), төрттаған (рубай), нәзира т.с.с. бұрыннан бар, дау тудырмайтын лирика түрлері бар. Ал, жоқтау, арнау, айтысты т.с.с. А. Байтұрсыновтың 1926 жылғы «Әдебиет танытқыш» кітабынан бастап ұлттық өлең түрі, ұлттық үлгі деп қарастырып келгеніміз белгілі. Сонымен бірге, ойлану (медиативті), жұмбақ, хат өлең түрлері де кеңінен жайылған.

ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ лирикасының жанрлық сипаты дегенде, азаматтық( Болыс болдым мінеки, Сегіз аяқ), табиғат, махаббат( Кейде есер көңіл құрғырың), философиялық лирика(Құтты білік) деп жіктеп қарастырамыз. ХХ ғасырдың 20-40 жылдары жемісті еңбек еткен қазақ лириктерінің шығармашылықтарына көз салғанда олардың қай-қайсысының да айналып өтпейтін нысанасы бар екенін көруге болады. Ол – табиғат. Ал Ы. Алтынсариннің табиғат суретін жырлаған екі өлеңі жазба поэзиядағы табиғаттың реалистік қалпын берген алғашқы туындылар болып саналады.(Өзен, Жаз) Дәл осы кезеңдегі бұл саладағы үлкен жаңалық ұлы Абайдың өлеңдері еді. «Ыбырай мен Абайдың жаз мезгілін бейнелеген өлеңдерінде табиғаттың сұлу суретін жалаң суреттемей, ел тіршілігімен байланыстыра жырлауын және тақырып ауқымынан шықпауын олардың жетістігідепбілеміз»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет