1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Мақал – мәтелдердің жанрлық белгілері мен класификациялаудың принциптері



бет24/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

30. Мақал – мәтелдердің жанрлық белгілері мен класификациялаудың принциптері

Мақал – мәтелдер – халық шежіресі, ғасырдан – ғасырға ұласып келе жатқан ауыз әдебиетінің үлгілеріне жататын халықтың асыл қазынасы, халық шығармашылығының көне жанры. Мақал – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжіребес жинақталып берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты, згі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам сөз. Мұнда өмірдің са – алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Олар қолдану әдісі мен аясына қарай, мазмұн мен мәні жағынан сан – саққа құбылып отыратын көне де күрделі жанр.


 Мақалдар объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай қорытады.
 Мақалдардың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында қолдану ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
 Мақалдардың тура және ауыспалы, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң ескере отырып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу процесін белгілі мәселеге халықтың көзқарастық өзгеру құбылысымен байланысты.
 Мақалдар дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтары арқылы бейнелейді.
Мақал мен мәтел егіз жанр, тіпті бір жанр деп қарастыруға болады. Дегенмен мағынасына, құрылысына, атқаратын қызметіне қарағанда кейбір өзіндік айырмашылықтары бар. Мақал аяқталған ойды білдіреді, өз алдына тұрып та дербес мағына береді. Ғалым К. Аханов пен М. Ғабдуллиннің пікірлеріне сүйенсек, мәтел синтаксистік құрылымы толық емес, жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайтын, тек айтылған ойды ажарлай, айқындау үшін қолданылатын, сөз оралымы қалыптасқан сөйлем, пікірдің элементі деуге болады. Мақал мен мәтел бір – біріне ұқсас болғанымен, құрылымы, білдіретін мағынасы жағынан бірдей емес. Мақал – өмір құбылыстарын жинақтап көрсететін және оларға баға беріп, қорытынды пікір айтылатын халық даналығы. Көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа, аллитерацияға, ассонансқа құрылады.

Ал мәтел - өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Сыңары тармақ болып келіп, сөз үстемелене мақалға айналады. Мақал шендестіруге құралады, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады. Ал мәтелде ғана бар мағына ашық емес, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ болады. Жалпы мақал мәтелдер - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Мақал жанрындағы тура және ауыспалы мағыналар өзара диалектикалық байланыста болады. Оның басты ерекшелігін ашу – осы байланысты көрсетуде.


«Сөздік көркі – мақал» дегендей мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады. Сондықтан да мақал-мәтелдердің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақты кездестіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет