28. Лирикалық өлеңдер қара өлең, тарихи өлең, ән-өлең үшке бөлінуі. Қара өлең, тұрмыс-салт, этикалық және эстетикалық мұрат, сенім мен таным салауаттарының поэтикалық жиынтығы ретінде, ежелден халықтық шығармашылықтың методологиялық-көзқарастық бағытын бағдарлап, өсіп-өрбуіне ырықсыз ықпал жасап отырғаны байқалады. Қара өлең– халық арасында мейілінше кең тараған дәстүрлі поэзияның іргелі жанры. Оны білмейтін қазақ болмайтын. Ол шарықтап бір кеткенде, шөл мен шөлейт жер жазирасына айналып кетеді.
Тарихи өлеңде ел мен жер тағдыры, қоғам психологиясы жатқаны рас. Тарихи өлең өте жедел, оқиға болған сәттен туындап әлеуметтік өмірдің тыныс-тіршілігін көз алдыңа жайып тастайды. Сол себептен онда көңіл-күй ахуалы лирикалық тұрғыдан беріліп, әділетсіздіктің шынайы сипаттамасы беріледі.Тарихи өлеңдерді дәуірлік жағынан былайша бөліп қарастырған жөн:
1. Тарихи өлеңдердің көне дәуірде хатқа түскен үлгілері.
2. Қазақ хандығы кезеңіне байланысты тарихи өлеңдер.
3. Ақтабан шұбырынды оқиғасына қатысты туған.
4. 1916 жылғы ұлт азаттыққа қатысты
5. 19 ғасырда туған тарихи өлеңдер.
Ән өлеңі - муз. әуенмен айтылуға лайықталған сөз өнерінің бір түрі.
Ән өлеңі халықтық және әдеби болып екіге бөлінеді. Халықтық деп кім шығарғаны белгісіз Ән өлеңдерін айтады: Мысалы: "Жайдарман", "Жиырма бес", т.б.
Ән өлеңдерінің екінші түріне авторы белгілі шығармалар жатады. Мысалы: "Сегіз аяқ", "Бойы бұлғаң", "Жанбота", "Ақ сиса", "Құлагер", "Ардақ", "Айпамкөз", "Қаракесек", "Майра", "Қорлан", "Гәкку", "Жас қазақ", "Ақ маңдайлым", т.б. Әдебиеттануда дербес зерттелетін сал-серілер өнернамасы, негізінен, олардың Ән өлеңдерінен тұрады. Абайдың, Мағжанның әуені мен сөзі егіз өрілген. Ән өлеңдер - ұлттық поэзиямызға да, ұлттық музыкамызға да олжа салған туындылар. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Н.Шакенов, М.Әлімбаев, Н.Әлімқұлов, Т.Молдағалиев, Қ.Шаңғытбаев, т.б.
Ән өлеңдері жұртшылыққа кеңінен мәлім болады.