Әлеуметтік-тұрмыс эпосы , кейде лиро-эпостық поэмалар дейді. Бұнда жекебастың мүддесі — махаббат еркіндігі мәселесі алғашығады. ғашықтық жырлар — архаикалық, қаһармандық эпостанкейін туындаған шығармалар. (фольклортанушылардың пікірінше, лиро-эпостық мұра — көне эпостан жазбаша романга өтержолдағы аралық саты, аралық деңгей)
Лиро-эпос ретінде тек «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан» жырлары ғана ауызға ілініп келген. Соңғы жылдары Шығыс елдерінен келсе де, қазаққа етене жақын болып кеткен жырлар жатқызылады.
«Жүсіп — Зылиха»
«Ләйлі — Мәжнүн»
«Құсрау — Шырын»
«Сейфілмділік»
«Таһир — Зухра»
«Бозжігіт»
Лиро-эпостың жырлардан, әсіресе тіні қазақ топырағында қалыптасқан жырлардан халықтың әдет-ғұрып, салт-санасы туралы мәлімет алуға болады.
Тарихи жырлар. Тарихи жырларда кейде оқиғаларжазба тарихке сәйкес баяндалса, кейде қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі.
Түркі халықтары тарихи жырларына Едіге батыртуралы жыр, аңыздар жатады. Едігенің ұрпақтарысаналатын Орақ, Мамай, Қарасай, Қази жайындағыжырлар, «Шора батыр», «Ер Сайын» тарихта болғанноғайлы елі тұлғаларына арналған жырлар.
«Елім-ай» өлеңі. Бұл мұңлы өлең — 1723 жылыжоңғарлар шапқыншылығынан қырылып, бөкендейауған қазақтың «Ақтабан шұбырынды, Алқакөлсұлама» заманының тарихи шығармасы. Зерттеушілер өлең ұзақ жырдың үзіндісі дейді.
17 ғ с, яғни «Ақтабан шұбырындыдан» бұрынжоңғарлар жорықтар жасаған. Оларға тойтарысберген қазақтарды басқарған Төле би, Жәнібек, Қасым, Әбілмәмбеттердің ерлігі баяндалатын жырларбар.
18 ғ Абылайға арналған жырлар, «Қабанбай батыр», «Бөгенбай», «Шақшақұлы ер Жәнібек», «Олжабайбатыр», «Сырым батыр», «Арқалың батыр» жатады. Жырларда қазақ батырларының жоңғарларға қарсыерлігі баяндалады.
19 ғ Кенесары—Наурызбайға арналғандары — «ҚисаНаурызбай төре», «Кенесары — Наурызбай дастаны», «Кенесары поэмасы». «Қиса Наурызбай төрені» Жүсіпбек Шайхисламұлы, «Кенесары—Наурызбай»Хан Кененің жорықтарына қатысып, оқиғалар куәсіНысанбай жырау шығарған.
19 ғ: «Исатай—Махамбет», «Бекет батыр», «Жанқожа», «Досан батыр», «Еңлік—Кебек», «Қалңаман—Мамыр», «Өтеген батыр», «Сұраншыбатыр» жырларын жатқызуға болады.
Кезінде Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаевжырлаған «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» жырлары Жетісу жерінен шыққан 18 ғ Жоңғаршапқыншылығына, 19 ғ орт Қоқан басқыншыларынақарсы күрескен батырлар жөніндегі эпостық өлеңшежіре.
1916 жылғы ұлт-азаттың көтерілісі жөнінде солкөтерілістерді көзбен көрген Омар Шипиннің, КененӘзірбаевтың, Есдәулет Кәндековтің, СәтЕсенбаевтың, Жамбыл Жабаевтың өлең-жырларытарихи.