1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


 Поэтика туралы жалпы түсінік



бет55/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

73. Поэтика туралы жалпы түсінік
Поэтика (грек тілінде poietik fehne — шығармашылық өнер) — әдебиеттанудың пәні, көркем шығарма құндылығын бар болмысымен айқындайтын жүйе туралы ғылым. Поэтика мәтіннің дыбыстық, сөздік, образдық құрылымын зерттейді.

Поэтиканың басты мақсаты — осы үш саланың толық жүйеленген эстетикалық амалдарын анықтау. Кең мағынасында поэтика әдебиет теориясымен үндес ұғымды білдірсе, ал нақтылы мағынада сол теориялық әдебиеттің бір саласы ретінде қабылданады. Әдебиет теориясының саласы ұғымындағы поэтика әдеби тек пен түрдің, ағым мен бағыттың, стиль мен әдістің ерекшеліктерін зерделейді, сондай-ақ көркемдік тұтастық деңгейлерінің ішкі байланыс заңдылықтарын, олардың ара қатынасын зерттейді.


Шығармадағы образ бен сюжет поэтиканың бір бағыты болып табылады. Жеке поэтика жоғарыда аталған нысандарда көркем шығарманың табиғатын ашумен айналысады, сол арқылы шығарманың эстетикалық ықпалды қасиетінің дара жүйесін жасайды. 
Поэтикадағы басты мәселе — композиция, яғни барлық эстетикалық мәні бар элементтердің бір-бірімен үйлесім-үндестігі.
Қазақ батырлар жырын талдау барысында көркемдік уақыт пен кеңістік және автор образының үндестігі шығарма құрылымындағы барлық жайды айқындайды. 
Қазақ әдебиеттануында А.Байтұрсынов поэтика ұғымын қисын деп алады. Ол тіл қисыны яки лұғат қисынына сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу деген анықтама береді. Шығарманың өңді, ұнамды болу шарттарын белгілейді: ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне, көрнекті, әуезді болу жағын да талғайды.
74. Қазақ батырлар жырларының тілі мен поэтикасы
Батырлық жырларға қатысты сөз қозғаған А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов зерттеу еңбектерінде эпитетке қатысты пікірлер айтылған. Батырлық жырларға кеңірек орын берілген «Қазақ әдебиеті тарихы» және белгілі ғалымдар Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Т.Сыдықов, Е.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев т.б. зерттеулерінде эпитеттер мен теңеулерге байланысты тұжырымдар орын алған. Бұл батырлық жырлардағы тіл өрнегі терең қарастырылған поэтикаға қатысты зерттеулер. Бұны белгілі «Қобыланды батыр» жырының поэтикасы жөніндегі О.Нұрмағанбетованың және «Батырлық жырлардың поэтикасын» тереңдей зерттеген Ш.Ыбыраевтың еңбектері дәлелдейді.

Қазақ батырлар жырлары қазақ тілінің сөздік құрамына өзгеріс енгізді. Өзіне дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қолданылмайтын тұрмыс-салттық лексиканы, қарапайым сөздерді, терминдік мәнге ие болған ескі, жаңа атауларды өлең тіліне қосып, оларды поэзия тілінің құралына айналдырды. Қазақ батырлар жырлары тақырыбының бірі және бастысы - адам, оның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі, іс-әрекеті. Қазақ батырлар жырларында көзге елестетіп берілетін образдау тән.


Қазақ батырлар жырлары қазақ жырларының бұрынғы көркемдік дүниесі ғана емес, жаңа кезеңінің, классикалық жазба түрінің бастамасы, кейінге жол салған үлгісі болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет