133. Атақты ақындар айтысының даралық сипаты, әдебиетке ұласуы.
Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес. Осы орайда ауыз әдебиеті үлгілерінің кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу, ғылыми негізден айқындап көрсету - әлемдік әдебиеттануда тек қазақ әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып көрінеді. Қазақ әдебиетінің тарихындағы фольклор дәстүрі әдебиеттану ғылымында бастапқы кезеңнен гөрі ауқымды зерттеулерге ұласып отыр. Мұның мәні — қазақ әдебиет тарихының сарқылмайтын, таусылмайтын көркемдік негіздерден құйылған шығармашылық өзгеше жаратылыс сырында. Ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі хатқа түскен, тасқа басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде, дәстүр үрдісінде, жанрлық өзгешелігінде жатыр. Сол өзгешеліктердің бірі - XIX ғасырдағы Сақындар айтысы, жалпы айтысөнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді. Бірте-бірте зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген зерттеушілер ХІХ ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты. Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын өзгешеліктер, әрине аз емес. Айтыстың дәстүрлі сипатына қарай, мазмұн, мәніне, орындалу орны, мақсатына қарай түрге бөлінуінде айтыстың табиғатын зерттейтіндердің бәрінің көзқарасы бірдей емес. Әрине, Олай болуы мүмкін де емес. Осы орайда А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары ХІХ ғасыр айтысының табиғатын тануда таптырмайтын өлшем үлгісі. А.Байтұрсынұлы XX ғасыр басындағы айтыс күйінен Жазу жайылған сайын айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады деп хабар береді. Бұл түйін - айтыстың, дара ақындар айтысының аса жанданған әдеби үлгі, жаңа көркемдік арна екендігін айғақтай түсетін түйін. Мысалыға Мұхтар Әуезов Әдебиет тарихында қазақ әдебиеті үлгілерін қарастырудың негізін салды. Әдебиеті ауызша әдебиет, жазба әдебиет деген үлкен екі салаға бөліп, ауызша әдебиеттің жазбаша әдебиеттен айырмашылығын атап көрсетіп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |