1. Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары


Сингармологияның нысаны, бірліктері



бет3/5
Дата22.12.2022
өлшемі46,95 Kb.
#58981
1   2   3   4   5
Байланысты:
ФОНЕТИКА сессия

3. Сингармологияның нысаны, бірліктері
Сингармология-қазақ (түркі тілдері) тілінің дыбыстық құрылымының құрылымын және қазақ (түркі) тіл жүйесіндегі дыбыстардың қызметін зерттейтін түркология бөлімі. Сингармологияның негізгі бірлігі-сингема, негізгі зерттеу нысаны – сингармонизм, қазақ (түркі тілдері) тілінің сингармологиялық жүйесін құрайды.
Сингармонизм (грек. sun - бірге және harmonia -- байла- ныс, үндесу)- түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақыт- қа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді: «түбірдегі дауысты жуан (не жіңішке) болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан (не жіңішке) болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылапфонологиялық қызметі алдымен буын деңгейінде айқын көрі- неді. Дауыстылардың ролі тек буын жасау ғана болса керек, ал әртүрлі дауыстылар - сингармотембрдің өмір сүру вариант- тары. Қазақ тілінде дауыстылардың сингармотиптерінің (тип. гр. tupos - форма, үлгі) саны олардың сингармониялық ва- ринаттарынан (реңінен) әлдеқайда аз. Дауыстылардың син- гармотиптері жақтың қызметіне сай келеді де, үш түрлі бола- ды: 1) қысаң дауыстылар (Дқ), 2) ашықтар (Да), 3) дифтон- гілер - жартылай ашықтар (Дд). Бұлар - сингармобуын дең- гейінде өзара қарсы қою арқылы ажыратылатын дауыстылар- дың топтары. Сонымен қысаң дауыстылар өз алдына бір сингармотип құрайды. Мысалы: тыз -- тіз, түз -- түз. Дауысты ы, і, ұ, ү бір дауысты дыбыстың төрт сингармореңі болып табылады. Бұлар бас-басына буын жасайды, алайда бір дауысты ретінде қыз- мет етеді. Ашық дауыстылар да сингармотип құрайды, бұлар да бас- басына буын құрап, бір дауысты дыбыстың екі сингармореңі болады. Жартылай ашық дауыстылар -- дифтонгілер - бір сингар- мотип құрап, бас-басына буын жасайды, бір дауысты дыбыс- тың (дифтонгінің) үш сингармореңі түрінде көрінеді. Бұл үш типтегі сингармореңдер өз ішінде бірін-бірі алмас- тыра алмайды. Бұлардың бәрі де сингармобуынның дауысты сингармокомпоненті ретінде көрінеді. Ашық, қысаң, дифтонгі- лер бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Әр сингармотиптегі сингармодауыстылардың әрқайсысы екі тембрден құралады. Қысаңдар: ы - жуан, езулік; і - жіңішке, езулік; ұ - жуан, еріндік; - жіңішке, еріндік. А шықтар: a - жуан, езулік; ә - жіңішке, езулік. Дифтонгілер: e - жіңішке, езулік; - жіңішке, еріндік; - жуан, еріндік. Сонымен, қазақ тілінің дауыстылар жүйесін (анықтауға) сипаттауға қажетті екі принцип қарастырылды. Бірінші прин- цип сингармонияға қатыссыз: мұнда дауыстылар үш дыбыстық типке - қысаң, ашық, дифтонг жіктеліп, қысаңдар - төрт, ашықтар - екі, дифтонгілер - үш барлығы тоғыз дауыстыдан тұратыны баяндалды. Ал екінші принцип дауыстыларды сингармония тұрғысы- нан сипаттауға негізделген. Төрт түрлі сингармотембрге тән белгілер айқындалды. Олардың әрқайсысы бірнеше сингармо- дауыстылардан тұрады; жуан езулік - 2, жіңішке езулік үшеу, жуан еріндік - екеу, жіңішке еріндік - екеу, барлығы тоғыз сингармодауысты. Сонымен қазақ вокализмі дауыстылардың үш сингармоти- пінен және тоғыз сингармодауыстыдан тұратын болды. Сингармониялық тілде әрбір дауыссыз - төрт сингармо- дыбыстан тұратын жүйе. Әрбір дауыссыздың сингармотембрі жуан - жіңішке, еріндік - езулік қасиеттердің қарама-қарсы- лығынан құралады. Тек буын деңгейінде ғана қарама-қарсы қоюға келетін дауыссыз дыбыстар жеке сингармотипке біріге- ді. Сонда т сингармотипі төрт түрлі сингармодыбыстан тұра- ды: т (ат), т' (ет), т° (от), т" (өт). Яғни бұл төртеуі бір ды- быстың төрт сингармореңі болып табылады. Бұлардың әрқай- сысы белгілі бір фонетикалық позицияда (буында) ғана ұшы- райды. Бұдан шығатын қорытынды: сингармонизм - тіліміздің бүкіл дыбыстық жүйесін қамтитын кең ұғым және мұның өзі тіліміздің ғасырлар бойы дамуының нәтижесінде қалыптасқан қалпын, өзіндік өрнек, үнін дәл танытатын заңдылық. Сингармонизм туралы тың тұжырымдарды тыңғылықты қабылдап, тиянақты қалыптастыруда осы ұғымға орай қолда- нылатын терминдердің де маңызы зор. Қ. Жұбанов: «Сингармонизм - грек сөзі. Қазақшалаған- да - үндесу деген болады» - дейді. Сингармонизм ендігі жер- де дауыстыларды ғана емес, барлық дыбыстарды, тұтас сөзді қамтып, үндестік заңына синоним болып отыр. Ә. Жүнісбеков сингармонизмге байланысты қолданылатын терминдерді де ұсынады, тек орыс тілінде. Соның кейбірін қа- зақша ұғымды етіп алу керек сияқты. Сонда: Сингармонизм - үндестік Сингармония - үндесСингармема -- үндеспе Сингармовариант - үндесвариант Палатальный сингармонизм - тіл үндестігі Лабиальный сингармонизм - ерін үндестігі Сингармоязык - үндестіл Сингармослог - үндесбуын Сингармогласный - үндесдауысты Сингармосогласный - үндесдауыссыз Сингармотип - үндестип Сингармоструктура - үндес құрылым Сингармозвук - үндесдыбыс Сингармотембр - үндестембр Сингармсомоним - үндесомоним «Соны сүрлеу» біраз дайындықты керек етеді. Сондықтан бұл жұмыста оқушыларды ойландыра отырып, қалыптасқан программа ауқымынан ұзамау жағы ескерілді. Яғни дыбыстар үндестігі төртке бөлінеді: 1. Сингармонизм - дауыстылар тіркесі -- үйлестік. 2. Аккомодация - дауысты-дауыссыздар тіркесі - бейім- дестік. 3. Ассимиляция - дауыссыздар тіркесі - ұқсастық. 4. Диссимиляция. Сингармонизм тіл және ерін үндестігі түрінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет