1. Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары


Қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері



бет2/5
Дата22.12.2022
өлшемі46,95 Kb.
#58981
1   2   3   4   5
Байланысты:
ФОНЕТИКА сессия

2. Қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері
1.1 Қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері Қазақфонетикасыныңзерттелутарихыныңөзіндікерекшеліктері бар. Ондай ерекшеліктер зерттеушілердің заманына сай әртүрлі теория-практикалық ұстанымынан туындап отырды. Сөйтіп қазақ фонетикасының зерттелім желісі бірнеше тарихи дәуірлерден өтті. 1.1.1 XIX ғ. зерттелімдері Алғашқы дәуір XIX ғасырдың орта тұсы мен екінші жарты- сын қамтыды. Қазақ жерін саяси-әскери игерудің басты бір амалы ретінде қазақтың тілін зерттеу басталды. Ондағы мақсат қазақ тілінің қарапайым оқулықтарын жазып, сөздіктерін құрас- тыру болды. Ол кезде зерттеушілердің [Ильминский, Мелиоранский, Радлов т.б., (зертеушілердің толық аты-жөні мен еңбектерінің тізімі кейінірек арнайы беріледі)] қолында дайын тілдік материал болған жоқ. Сондықтан да олар қазақ тілінің сөздерін ел аралап жүріп жинап, қалай естісе, солай жазып алып отырды. Соның нәтижесінде қазақ сөзінің таза ауызша айтылым үлгісін тап басып, қағазға түсіріп алып отырды. Олар құрастырған сөздіктерге қазақ сөзінің үндесім (сингармониялық) үлгісі сол таза ауызша айтылым күйінде (үнтаспаға жазғандай болып десе де болады) ендіріліп жатты. Қазақ тілі дыбыстарының сөз құрамындағы (сөйлеу үстіндегі) түрленім үлгілерін айны-қатесіз көрсетіп отырды. Әсіресе, ерін үндестігіне қатты көңіл бөліп, көп буынды сөздердіңсоңғы буынына дейін таңбалады. Бірінші дәуір зерттеушілерінен қалған жазба мұрағаттарды, қазіргі тілмен айтқанда, қазақ тілінің орфоэпиялық жазбасы деп қабылдауға болады. Алғашқы дәуірге қатысты жетістіктер деп. зерттеушілердің үндесім (сингармонизм) құбылысының сырын дұрыс түсініп, ол туралы теориялық пайымдаулар ұсынғанын, сондай-ақ қазақ тілінің дыбыс құрамын дәл анықтап, ерін үндестігін сөздің аяғына дейін жеткізіп бергендігін айтуға болады. Сонымен қатар, кейбір сөздердің жазылымындағы үнді й, дауыссыздарының дауыстылармен (әсіресе, қысаң дауыстылармен) тіркесін дұрыс анықтай алмаған сәттері болғанын да айта кету керек. Алғашқы зерттеушілердің ғылыми зерттеу әдісі қазақтардың сөзін бетпе-бет тыңдап алып, дыбыс құрамын естілім түйсінімі арқылы анықтау болғандықтан, қазақ фонетикасының бастапқы зерттелім дәуірін естілім зерттелім (слуховая фонетика) дәуірі деп атаймыз. Өйткені естілім дәуірінің жазба мұрағаттары қалай естілсе, солай жазылған күйінде бізге жетіп отыр. Сол кездегі қазақтардың сөйлеу әрекетін көз алдымызға елестетіп, сол кездегі сөздің дыбыс құрамын құлағымызбен тыңдап отырғандаймыз. Оның басты құндылығы да осында. 1.1.2 ХX ғ. басындағы зерттелімдер Қазақ фонетикасының келесі зерттелім дәуірі XХ ғасырдың басы болып табылады. Бұл кезде қазақ фонетикасын зерттеуге ұлт өкілдері [Байтұрсынұлы, Досмұхамедов, Жұбанов т.б.] кірісті. Ұлт зерттеушілері үшін қазақ фонетикасы ана тілінің етене дыбыс жүйесі болып табылды. Сондықтан да олар ана тілінің дыбыс заңдылықтарын көкірек көзімен (интуиция) пайымдай білді (олай дейтін себебіміз, мысалы, А.Байтұрсынұлының арнайы теориялық дайындықтан өткені жайлы әзірге біздің қолымызда мәлімет жок). Соның нәтижесінде өзге ұлтзерттеушілерінің көзіне іліне қоймаған жаңа нәтижелер алынды. Екінші дәуірге тән жетістіктер деп, қазак сөзінің жуан/жінішке үндесім әуезінің нақты анықталғандығын, қазақ тілінің төл дыбыс кұрамының тиянақталғандығын, морфем және буын түрлерінің сипаттамасын, үндесім жазудың қалыптасқандығын айтуға болады. Ал, казақ тіліне тән төл фонетикалық құбылыстардың бірі ерін үндестігінің ескерусіз қалып, жазу емле-ережесіне енбей қалғанына тек өкінішпен қарауға тура келеді. Екінші дәуір зерттеушілерінің зерттеу әдісі ана тілінің дыбыс жүйесін көкірек көзімен түйсіну болғандықтан, қазақ фонетикасының екінші зерттелім дәуірін тол зерттелім (интуитивная фонетика) дәуірі деп атаймыз. Өйткені өзге ұлт зерттеушілерінің түйсініміне іліне бермейтін, қазақ тілінің өзіне ғана тән фонетикалық құбылыстардың басы ашылып, қазақ жазуының өзіндік үлгісі қалыптастырылды. Нағыз мағынасындағы қазақы фонетика ғылымы бастау алды. Оның басты құндылығы осында. 1.1.3 XX ғ. екінші жартысындағы зерттелімдер Қазақ фонетикасын зерттеудің үшінші дәуірі ХХ ғасырдың 50- 70-ші жылдары болды. Бұл кезде қазақ тілтанымында академиялық тұрғыдағы толық фонетика қалыптасып болды. Өйткені ғылымда европалық тіл (фонетика) теориясының жаппай тарап және зерттеушілердің батыс тілтанымынан (лингвистикасынан) мол хабардар болған сәті еді. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыс жүйесінің зерттеу әдісі ретінде "европа-өзімшіл" (европацентризм) талданым амалы кеңінен қолданыла бастады. Зерттеушілер [Кеңесбаев, Талипов, Аралбаев, Шварцман, Түркбенбаев т.б.] қазақ тілінің дыбыс құрамын үнді-европа тілдернің фонем жүйесіне салып, қазақ фонетикасына фонем ұғымын ендіріп, атауын орнықтырды. Оның үстіне сөз просодикасына қатысты сөздік екпін енгізілді, ал қазақ тілінің іргелі заңдылығы болып табылатын фонологиялық үндесім құбылысы (үндестік заңы) көп фонетикалық құбылыстардың бірі ретінде қарастырылды. Қазақ тілі дыбыстарын фонем мәртебесінде қарастырудың нәтижесінде қазақтың төл сөздерінің жазылымына орыс тілінің и, у, я, ю, щ таңбалары енгізіліп кетті. Мұның өзі қазақ тілінің морфем, буын және тасымал жүйесін бұзып кетті. "Орыс сөздері қалай айтылса, солай айтып, қалай жазылса, солай жазу керек" деген тоталитарлық (әкімшіл-әміршіл) емле-ереже алынды. Соның нәтижесінде казақтың төл әліпби құрамына оннан аса кірме әріптер (дыбыстар) енгізіліп, қазақ әліпбиі екі тілдің - қазақ-орыс (тіптен, орыс-қазақ) әліпбиі болып шыға келді. Кірме әріптердің жазылымын реттейтін отыздан аса жаңа ереже орынсыз қосылды. Үшінші дәуірге тән жетістік деп, әлеми тілтаным ұстанымдары- мен таныс болып, казақ фонетикасының құрылымын біршама қамтыған алғашқы "академиялык фонетиканын" калыптасқанын айтамыз. Ал казақ тілінің дыбыс жүйесін түгелдей фонема мен сөздік екпінге теліп қарастырғанын, соның нәтижесінде қазақ тілінің морфем, буын және тасымал желісіне, ең бастысы, қазақ сөзінің айтылым әуезіне нұқсан келтіргенін, әрине, құптай қою қиын. Үшінші дәуір зерттеушілерінің қолданған ғылыми әдісі фонемалық талдау болғандықтан, қазақ фонетикасының үшінші зерттелім дәуірін екпін-фонемалық зерттелім (акцентно- фонемная фонетика) дәуірі деп атаймыз. Өйткені негізгі зерттеу әдісі ретінде екпін мен фонемалық талдау алынды. 1.1.4 ХX ғ. соңғы ширегіндегі зерттелімдер Қазақ фонетикасын зерттеудің төртінші дәуірі ХX ғасырдың 70-90-жылдары мен ХXI ғ. басы болып отыр. Бұл кезде ғасыр басындағы қазақ зерделілерінің (интеллектуалдарының) жабық еңбектерінің беті ашылып, көпшілік оқырман қолына тиіп, олардан зерттеушілердің жаңа тобы [Мырзабеков, Қалиев, Жүсіпов, А.Жұбанов, Уәли т.б.] тәлім алды. Оның үстіне олардың екінші бір тобы [Исаев, Әбуов, Базарбаева, Қошқаров, Тайлақбаев, Райымбекова, Татубаев т.б.] Ресейдің белгілі ғылыми орталықтарына барып, кәсіби-тәлімгерлік тәрбиеден өтіп, жаңа зерттеу әдістерін меңгеріп келіп жатты. Соның нәтижесінде казақ тілінің дыбыс құрамы мен оның жүйесіне деген жаңа көзқарас калыптасты, жаңа нәтижелермен толықты. Қазақ фонетикасының әртүрлі бағыттары бойынша зерттеу жұмыстарына зерттеушілердің жас ұрпағы (үндесім фонетика саласына - Нәзбиев, Сәдуакас, Өтебаева, Талдыбаева, Асанова, үйлесім фонетика саласына - Бәйімбетова, Баймұқанов, Исаева, Қайдарова, Молдашева, Оразалин, Аймырзаев, тарихи фонетика саласына-Әлімбаев, Жұмабаева, салыстырма фонетика саласына- Андабаева, әуен фонетика саласына - Фазылжанова, Аманбаева, Т.Кеншінбай, Ж.Кеншінбай, жазылым мәселелері - Күдеринова, жазба мұрағаттар - Жұбаева, Ахымбек, Шнайдер, қолданбафонетика - Жексенғалиев, Зәуірбекова, Көкенова, Жұбанова, A.Жүнісбек, Үкібасова, Қаршығаева) келіп жалғастырып жатыр. Ең бастысы, қазақ тілінің іргелі заңдылығы, үндесім (сингармонизм) құбылысы, зерттеу амалының негізіне айналды. Соның нәтижесінде қазақ тіліндегі екпін мен фонемаға деген көзқарас өзгерді, үндесімнің жуан/жіңішке әуезі мен еріндік/езулік әуезі фонологиялық мәртебесі тең бірліктер ретінде қарастырылды. Қазақ тілі дыбыстарының әліпби кұрамының сыртында олардың үндесім және үйлесім құрамы анықталды. Жасалым (артикуляциялық) фонетикаға зерттелімнің негізі ретінде көңіл бөлініп жатыр. Қазақ тіліндегі кірме әріптердің дыбыс құрамының басы ашылып, айтылымы (орфоэпиясы) тиянақталды. Фонетикалық зерттеулердің жаңа нәтижесі негізінде жазу реформасының жобасы ұсынылып отыр. Үшінші дәуірге тән жетістік деп, фонетикалық мұраларды пысықтап, жетістіктерін жинақтап-жетілдіріп, жаңа зерттелім нәтижелерін қосып, қазақ тілінің өзіндік бірегей белгілерін бағамдайтын жаңа тұрпаттағы академиялық фонетика дайындағанын және болашақта оны толықтыра түсетін жаңа зерттелім нәтижелерінің үздіксіз жалғасын айтуға болады. Төртінші дәуір зерттеушілерінің ұстанымы үндесім (сингармонизм) заңдылығы болды, сондықтан да бұл дәуірді үндесім зерттелім (сингармоническая фонетика) дәуірі деп атауға болады. Алайда, жылдар бойы қордаланып қалған, құлаққа сіңіп, көз үйреніп калған кірме әріптер мен дыбыстардың ықпалынан арыла алмай, оларды төл сөздердің жазылым ережесіне ұсынып жүрген фонетика және фонетика төңрегіндегі мамандар әлі бар екенін де естен шығармаған жөн. Сонымен, фонетика зерттелімінің төрт дәуірінің даму желісін салыстырып шығуға боладыбарып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздегі барлық буындарға арқау түбірдің дауыстысы»1. Яғни қосым- шадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады. Бұл, әрине, негізінен дұрыс. Ә. Жүнісбеков өз зерттеулерінде түркологияда сингармо- низм туралы ертелі-кеш айтылатын пікірлерді елеп-екшеп, со- ны бір қорытындыға келді, тілімізді басы артық қоспалардан арашалап, осы уақытқа дейін еленбей келген тың арнаның көзін ашты. Атап айтқанда: Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі - қазақ (түрік) сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің (франц. tembre- дыбыстың сапасы, бояуы) сақталуында. Бұлай болмаған жағ- дайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады. Үндіевропа тілдеріндегі фонеманың конститутивтік (франц. constitutif -- мағына айқындаушы) қызметін түркі тіл- дерінде сингармонизм (сингармема) атқарады. Бір ғана дыбыс түрінде түсінетін т: ат, ет, от, өт сөздерін- де т, т , т , т , болып төрт түрлі (езулік - жуап, езулік - жі- ңішке, еріндік - жуан, еріндік - жіңішке) реңге ие болаты- тынынан хабарымыз бар. Олардың әрқайсысы құрамындағы дауыстылармен жымдасып, тембр жағынан орайласып, сөзді сөз етіп тұр. Оларды бірінің орнына бірін қолдану сөзге зор нұқсан келтірер еді. Дыбыстардың үйлесімі сол сөздің өзіндік тембрін айқындайды. Байырғы қазақ сөздері мынадай сингармониялық белгі- лермен ажырайды. 1)жуан езулік - жіңішке езулік: тыс - тіс, бас- бәс. 2) жуан еріндік - жіңішке еріндік: сол - сөл, жон - жөн, от - өт. 3) жуан еріндік - жуан езулік: тот - тат, сұр - сыр, от -ат. 4) жуан еріндік - жіңішке езулік: тон - тін, тұс - тіс, өт - ет. 5) жіңішке еріндік - жіңішке езулік: өн -- ін, түр - тер, от - ет. 6) жіңішке еріндік - жуан езулік: түс - тас, өр - ар, өт - ат. Бұдан тіл және ерін сингармонизмдерінің сөз мағынасын ажыратудағы қызметінің бірдей екендігі байқалады. Қазақ тіліндегі дауыстылардың да, дауыссыздардың да




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет