2.1-сурет. Триангуляциялық тораптарды дамыту
Жер бетінде үшбұрыштардың тӛбелері топрақ қабатына салынған арнайы центрлермен бекітіледі. Центрлердің үстіне басқа пункттерден кӛрініп тұруы үшін металдан немесе ағаштан жасалған үш қырлы пирамидалар орнатылады. Триангуляция қатарлары орташа ұзындықтары 2025 км үшбұрыштардан тұрады, олар ӛз кезегінде ұзындығы 200 км -кластық звеноларды құрайды. Звенолар меридиандар мен ендіктер бағыттарына сәйкес жүргізіледі. Үшбұрыштағы ав қабырғасы бастапқы қабырға болып есептеледі және де ол ӛте жоғары дәлдікпен ӛлшенеді. Жер бетіндегі 20-25 км ұзындықтарды іс жүзінде ӛлшеу қиынға соғады, сондықтан бастапқы ав қабырғасын емес, оған кӛлденең жатқан, ұзындығы 6 км жақын сd қабырғасы ӛлшенеді `(2.1-сурет).
Триангуляция (трилатерация), полигонометрия және нивелирлеу мемлекеттік (кластар) және жергілікті маңызы бар (разрядтар) тораптарға бӛлінеді. 1,2,3,4 – кластық триагуляция арқылы орындалған мемлекеттік тораптың сипаттамасы 1.1-кестеде келтірілген.
14 Геодезиялық жиілету тораптары
Геодезиялық жиілету тораптары жоғарыда айтылған геодезиялық тораптар пункттері дамытылады және олар жер бетін 1:5000-1:500 масштабтарда түсіру, сонымен қатар әртүрлі маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу үшін қажет. Маркшейдерлік жиілету тораптарын құруды арнайы мекемелер немесе геологиялық барлау экспедициялары мен тау-кен кәсіпорындарының маркшейдерлер орындайды.
Геодезиялық пландық жиілету тораптары аналитикалық және 1, 2 разрядтық полигонометрия түрінде жүргізеледі. Олардың сипаттамалары 2.4кестеде келтірілген.
2.4-кесте . Геодезиялық жиілету тораптары
Аналитикалық тораптар триангуляция немесе қиылыстырулар арқылы құрылады. Егерде жергілікті жерде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізуге қажет 1,2,3,4-кластық геодезиялық пландық негіздеменің бірде-бір пункті болмаса, онда сол жерге жеке 1 және 2- разрядтық түсіріс тораптарын құруға болады.
1 және 2-разрядтық полигонометрия дара жүрістер немесе мемлекеттік геодезиялық тірек пункті болып саналатын –торапты (түйінді) нүктелер арқылы ӛтетін жүйе түрінде жасалынады.
Тірек тораптарын жиілету кезінде, шахта оқпанына жақындауды қамтамасыз ететін, үш қабырғадан аспайтын аспалы жүрістер пункттері, яғни маркшейдерлік жақындау пункттерінің маңызы ӛте зор. Жақындау пункттері шахта оқпанының сағасынан 300 м алыс орналаспауы керек. Олар 1-4 кластық триангуляция, трилатерация, полигонометрия немесе 1 және 2разрядтық аналитикалық тораптар пункттері болуы қажет.
Тау-кен кәсіпорнының ӛндірістік алаңында, биіктік белгілері IVкластық нивелирлеумен анықталған, кем дегенде үш биіктік реперлері орналасуы тиісті.
15 Геодезиялық түсірім тораптары
Пландық және биіктік түсірім тораптары деп толықтыру түсірістерін жүргізуге және әр түрлі тау-кен техникалық есептерді шешуде қолданылатын пункттер мен нүктелер жүиесін атайды. Олар геодезиялық тірек пункттері негізінде құрылады. Кейбір ерекше жағдайларда, мәселен 1:5000 және 1:2000 дық масштабтарда аудандары 20км2 аспайтын учаскелерді түсірімдеуде, түсіріс тораптарын қолдануға тура келеді.
Пландық түсірім негіздемелері пункттерінің орындары теодолиттік, тахеометриялық және де аналитикалық жүрістер негізінде анықталады. Түсіру негіздемесі пункттерінің саны түсірімнің масштабына сәйкес анықталады, мәселен, 1:5000 масштаб үшін тӛрт пункт, 1:2000 масштаб үшін -10, ал 1:1000 – 16 пункт болуы қажет.
Түсірім негіздемелерін қүрудың әдістері жер бетінің бедеріне, кӛлеміне және түріне байланысты таңдалынады Кейбір жағдайларда айтылған әдістердің бірнешеуінен қүрылған қүрама әдіс қолданылады. Түсіру негіздемелері пункттерінің орнын аныктаудың орташа квадраттык қателігі пландағы түсіру масштабынді 0,1 мм-ден аспауы керек.
Түсірім тораптары негізі пункттерден және оларды толықтыратын қосымша түсіру жүйелерінің пункттерінен тұрады. Түсіру жүйелерінің негізгі пункттері үзақ мерзімді, оларды сақтау мүмкіндігі болған жағдайда түрақты центрлермен бекітіледі. Ал кӛп уакыт сақталмайтын, қосымша пункттер уақытша центрлермеі бекітіледі. Биіктік түсірім негіздемелері геометриялықтехникалық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен құрылады. Жер бедерінің қимасы 1 м –ге дейінгі жағдайда геометриялық, ал бедер қимасы 1м жоғары болғанда – тригонометриялық нивелирлеу қолданылады. Пункттердің биіктігін аныктаудың қателігі барлық жағдайда 0,2 мм-ден аспауы қажет.
I – IV кластық нивелирлеу пункттеріне негізделген нивелирлік жүрістердің ұзындықтары 2.5-кестеде келтірілген.
2.5-кесте. Нивелирлік жүрістердің сипаттамалары
Жер бедері қимасының биіктігі, м
Техникалық нивелирлеу жүрістерінің ұзындығы, км
Тригонометриялық нивелирлеу жүрістерінің ұзындығы, км
Жер бетінде жүргізілген түсіріс жұмыстарының нәтижелері бойынша, пайдалы кен орындарын барлауға, тау-кен кәсіпорындарын жобалауға және салуға, кен орнын ұтымды және қауіпсіз игеру мәселелердіне қажет, карталар мен пландар, сонымен қатар электрондық карталар (ЭК) және жер бетінің цифрлы моделі (ЦММ) жасалынады.
Түсірімнің масштабы сол территориядағы жүргізілетін ӛндірістік жұмыстардың сипаттамасына байланысты таңдалады. Мәселен, кӛлемі үлкен кен орындарын жан-жақты барлау және игеру кезінде, жер бедерінің қимасын 1 және 2 м деп алғанда түсірім масштабы – 1:5000 болады және таулы аймақтарда қима 2 м –1:2000 масштаб алынады. Аумағы шағын аудандар 1:1000, 1:2000 масштабтарда түсіріліп, ондағы горизонтальдар 0,5м немесе 1 м арқылы жүргізіледі.
Тау-кен кәсіпорындарын салудың жобаларын жасауға үшін қажет түсірімдер мынандай масштабтарда жүргізіледі:
техникалық жобаларды жасау үшін - М1:5000, қимасы 1 және 2 м;
жұмыс сызбаларын жасау үшін – М1:1000, қимасы 0,5 м;
тау-кен кәсіпорындарын жобалау және салу үшін – М1:1000 және М1:2000, қимасы 0,5 немесе 1 м.
Қолданылатын аспаптарға және жұмыс жүргізу әдістеріне қарай, жергілікті жердегі түсірімдер бірнеше түрлерге бӛлінеді.