1 Геодезиялық жұмыстардың түрлері мен құрамы



бет1/13
Дата08.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#48567
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1 Ãåîäåçèÿëû? æ?ìûñòàðäû? ò?ðëåð³ ìåí ??ðàìû


Блок 1
1 Геодезиялық жұмыстардың түрлері мен құрамы
. Қазіргі индустральды құрылыс әдістері кезінде, құрылыс жүріп жатқан жер монтаждау алаңына айналып, ондағы істелетін геодезиялық жұмыстар технологиялық үрдістің айырылмас бір бӛлігіне айналады. Сондықтан геодезиялық жұмыстардың (ӛлшеулерге) дәлдігіне қойылатын талаптар арта түседі. Бұл талаптар жалпы құрылыстық, монтаждау және арнаулы жұмыстарға, яғни алаңда істелетін жұмыстардың барлығына бірдей келісілген графикпен атқарылады.
Құрылыс алаңында үрдісті геодезиялық жұмыстар жүргізіледі, солардың ішінде геодезиялық жұмыстардың негізгі тапсырмаларын анықтайтын ең маңыздыларын келтірейік:
-геодезиялық жұмыстарды жобалау, құру және құрылыс салу үшін, оның орынын қадалау (разбивка) негізін қабылдау;
-құрылыс салу кезінде геодезиялық қадалау жұмыстарын атқару;
-құрылыс-монтаждау жұмыстарының дұрыс атқарылуын тұрақты бақылау және оны орындау техникалық құжаттарын құру және толтырып отыру;
-салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың ойысуын, жылжуын бақылау.
Ӛте күрделі және 14 қабаттан биік ғимараттарды салуда, арнаулы геодезиялық жоба жасалады да , ол тӛмендегі ретке бӛлінеді:
Инженерлік ізденіс жұмыстарының түрлері мен атқаратын істері және бағдарламасы
Инженерлік жұмыстарды жобалау және оны ары қарай салу, арнаулы инженерлік ізденіс деп аталатын үрдісті жұмыстар негізінде жүргізіледі. Инженерлік ізденістің негізгі атқаратын істері-болашақ құрылыс салынатын ауданның табиғи және экономикалық жағдайларын, құрылыс нысандарының оны қоршаған ортамен ӛзіндік байланысы, оларды қорғаудың инженерлік жолдары және құрылысты мекендеушілердің қауіпсіз ӛмір сүру жағдайларын зерттеу.
Инженерлік ізденістің әр түрі жобалаудың ӛзіне тән сатысын материалдық қамтамасыз етуі керек. Сондықтан ізденісті бірнеше түрге бӛледі:

  1. алдын алалық, техника-экономикалық негізін анықтау (ТЭН) немесе техника-экономикалық есептеу (ТЭЕ);

  2. жобалау кезіндегі;

  3. жұмыс істеу құжаттарын дайындау кезіндегі.

Ізденіс экономикалық және техникалық болып екіге бӛлінеді. Экономикалық ізденістер салынбақшы құрылысты, сол жерде құрылыс материалдарымен, заттармен, кӛлікпен, сумен, энергиямен, жұмыс күшімен т.с.с. қамтамасыз ете алама және салынып болған соң осы құрылыс экономикалық тұрғыдан тиімдіме, осы аталған шарттарды есепке ала отырып жасайды. Экономикалық ізденіс техникалық ізденістің алдын алып отырады. Техникалық ізденіс құрылыс салынатын жер аумағының табиғи жағдайын егжей-тегжейлі зерттеу және жобалау, құрылыс салу кездерінде сол жердің табиғи байлықтарын мүмкіндігінше толық пайдалану және есепке алу үшін жүргізіледі.
Құрылыс салынатын алаңды бағалау үшін, келесі үрдісті ізденістер жүргізеді: негізгі-инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық; гидрометеорологиялық, климатологиялық және метерологиялық, құнарлы жер қыртысын геоботаникалық тексеру және басқалар. Қандайда құрылыс салынсада негізгі ізденістерді бірінші кезекте жүргізеді.
Инженерлік-геодезиялық ізденіс сол ауданның жер бедері және ондағы құрылымдар туралы деректер бере отырып, жобалау жұмыстарының негізі болып қана қоймай басқа ізденіс түрлерін жүргізуге, тексеруге пайдаланылады. Инженерлік-геодезиялық ізденіс кездерінде геодезиялық негіз түрлерін құру және құрылыс салынатын алаңда әр түрлі масштабтардағы топографиялық түсіріс, сызықтық құрылыстардың трассаларын қадалау, геологиялық, гидрогеологиялық қазбаларды, геофизикалық барлау нүктелерін геодезиялық істермен байланыстыру және де басқа жұмыстар атқарылады.
Инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық ізденіс жұмыстары жер қыртысының геологиялық құрылысы, физико-геологиялық, топырақ беріктігі, құрамы және жер асты сулары т.б. құрылымдар туралы мәлімет береді. Бұл мәліметтер құрылыс салу шартарын дұрыс бағалауға мүмкіндік туғызады.
Гидрометеорологиялық ізденістер ӛзендер мен су қоймаларындағы су жиналу мұмкіндіктері, сол районның климаттық сипаттамалары туралы мәлімет береді. Сонымен бірге гидрометеорологиялық ізденіс кездерінде су деңгейінің ӛзгеруі, кӛлбеулігі, бағыты және ағу жылдамдығы, ақпа су кӛлемі, тереңдігі және су қабаттарының қалыңдығы туралы мәліметтер жинайды.
Құрылыс салу үшін атқарылатын инженерлік ізденіске геотехнологиялық тексеру, табиғи және техногендік қауіптілікті бағалау; территорияны инженерлік қорғаудағы шараларды негіздеу; қоршаған ортаға әсер етуші жергілікті күштерге мониторинг жүргізу, инженерлік ізденісті ғылыми тұрғыдан қарау, ізденіс жұмыстарын атқарушының авторлық құқын қорғау; кадастрлық және де басқа осыған жататын істер және құрылыс салу кезіндегі ғылыми ізденіс, нысандарды пайдалану және оларды істен тыс қалдыру (жабу) жатады.
Инженерлік ізденіс жұмыстарының мазмұны және кӛлемі жобаланбақшы құрылыстың түрі, саласы және ӛлшемдеріне, жергілікті жер жағдайына және құрылыс таным дәрежесіне, сонымен бірге құрылыстың жобалық деңгейіне байланысты болады. Салу технологиялары жалпы бірбірімен ұқсас және ізденіс жұмыстары бір тәсімді әр түрлі құрылыстар (құрылымдар) бір топқа бірігуі мүмкін: алаңдық және сызықтық құрылыстар. Алаңдық құрылысқа жататындар: елді мекендер, ӛндіріс мекемелері, аэропорттар және де осыған ұқсастар. Сызықтық құрылыстарға жататындар: жолдар, электрожелілер, құбырлар және де осыған ұқсастар.
Инженерлік ізденіс жұмыстарын жүргізу әдістері, тәртіптері және дәлдіктері құрылыс нормаларымен анықталады, мысалы СНиП 11-02-96 және 11-04-97 деп аталатын құрылыс нормаларында.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет