3. Жердің қай мұхиты ең терең және ең үлкен болып табылады? Жауаптың бір нұсқасын таңда.
А)Тынық мұхиты
В)Атлант мұхиты
С)Солтүстік Мұзды мұхит
Д)Үнді мұхиты
4.Дүние жүзіндегі мұхиттың аумағы:
А) 472 млн. км ²
В) 250 млн. км ²
С) 370 млн. км ²
Д) 361 млн. км ²
5.Дүние жүзі мұхиттағы ең терең шұңғыма:
А)) Пуэрто–Рико
В) Зонд
С) Мариан
Д) Гренланд
6.Мұхит бөліктері:
А) Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар
В) Аралдар, түбектер, көлдер
С) Өзендер, батпақтар, мұздықтар
Д) Жауын–шашын, қар, бұршақ
7.Мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесінен оқшауланып тұратын бөлігі?
А) Шығанақ
В) Теңіз
С) Бұғаз
Д) Көл
8.Ішкі теңіздер:
А) Беринг, Чукот
В) Жапон, Шығыс Сібір
С) Саргасс, Фиджи
Д) Қара, Жерорта
9.Дүние жүзілік мұхиттың бөліктері бір–бірімен не арқылы жалғасады?
А) Шығанақ
В) Теңіз
С) Бұғаз
Д) Түбек
10.Ені ең кең және терең бұғаз:
А) Мозамбик
В) Дрейк
С) Гибралтар
Д) Ла–Манш
11.Мұхит суы қанша градус температурада қатады?
А) - 1ºС
В) - 2 ºС
С) -3 ºС
Д) -4 ºС
12.Дүние жүзілік мұхиттың беткі суларының орташа температурасы қанша?
А) 17,5 ºС
В) 18,7 ºС
С) 14,3 ºС
Д) 15,6 ºС
13.Еріген тұздардың 1 л. Судағы граммен алынған мөлшерін не деп атайды?
А) Судың температурасы
В) Судың буы
С) Судың тұздылығы
Д) Судың қысымы
14.Қай теңіздің тұздылығы жоғары:
А) Қара
В) Азов
С) Қызыл
Д) Охот
15.Тұздылық қандай өлшем бірлігімен өлшенеді?
А) Грамм
В) Промилле
С) Литр
Д) Килограмм
16.Жер сілкінудің нәтижесінде пайда болатын ірі толқындар?
А) Толысу
В) Қайту
С) Дауыл
Д) Цунами
Достарыңызбен бөлісу: |