1. геологиялық БӨлім



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата10.12.2023
өлшемі2,95 Mb.
#135710
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Жаңажол-кен-орнында-ұңғыны-газлифтілі-әдіспен-пайдалану-және-оның-тиімді-технологиялық-режимін-орнат - Муслим Хайрамов

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


46 
4.2. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Мұнай газ өндіру өнеркәсібі қоршаған ортаны ластайтын негізгі 
салалардың бірі болып табылады. Мұнай және газ кен орындарын игеріп, 
пайдалану қоршаған ортаға техногендік әсерімен сипатталады.
Қоршаған орта мен жер қойнауын қорғау шаралары Қазақстан 
Республикасының Заңдарына және халықаралық ережелерге сай орындалу 
керек.
Мұнай газ өндіретін және өндейтін өндірісорындарында атмосфераға 
бөлінетін ластаушылардың негізгі компоненті болып күкірттісутек, күкіртті 
ангидрид, көміртек қышқылы, көміртектер, азот қышқылы және басқалары 
табылады.
Еңбекті ұйымдастыру, қоршаған орта мен жер қойнауын қорғау.
Каспий, Қазақстан және Орта Азияның мұнай және газ кен орындарын 
меңгерудің экологиялық проблемаларының өзіндік аймақтық ерекшеліктері 
бар-географиялық, геологиялық, геодинамикалық, сондай-ақ әлеуметтік. Оның 
үстіне қазіргі кезге дейін қоршаған ортаны қорғау мәселесі, мұнай мен газды 
өндіру бойынша жобаның тапсырмалардан кейін тұрғаны және жобаларда 
дұрыс шешім таппауы экологиялық жағдайға ерекше із қалдырады. Мұнай мен 
газды өндіру және өңдеу кезінде табиғатты қорғау бойынша маңызды бағыттар 
экологиялық таза процестер игеру және қалдықтарды азайту, мұнай-химиялық 
өндірістердің газды қалдықтарын тазарту, суларды тазарту, қоршаған ортаны 
мұнай мен мұнай өнімдерінен ластанбауын қадағалау және т.б. болып 
табылады.
Мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай-химиялық кешінін қоршаған 
ортаның ластануы іздеу, барлау және газ өндіретін скважиналар құрылысынан 
басталады.
Ұңғылардың құрылысы кезіндегі негізгі ластану көздері: бұрғылау 
қондырғыларының 
дизелдерінің 
түтіндері, 
бұрғылау 
сұйығының 
дегазаторлары, ұнтақ тәріздессусымалы материалдарды соқтайтын ыдыстар, 
өндірістік-технологиялық қалдықтары бар қоймалар, сондай-ақ циркуляциялық 
жүйелер.
Көп жағдайларда бұрғылау қондырғыларында топырақ пен су 
қоймаларын ластанудан қорғау шаралары жүргізілмейді. Қондырғылар 
аймақтары қатты жабынмен жабдықталмаған және құм төгілмеген. Кейін бұл 
зиянды заттарды еріген сулар жақын жатқан жерлерге және су қоймаларына 
қарай шайын кетеді. Топырақтың ластану процесі топырақтарда өнімді 
қабаттар мен сіңіретін горизонтарға қабат көтеру мақсатында айдалатын 
минералдығы жоғарғы қабат және лассулардың болуымен күрделенеді. Бұрғы 
мұнарасынан 500-800 м радиуста әсемдіктер 70-80%, ал 100м радиуста 
бұрғылау сұйығымен ластанудың нәтижесінде толығымен жойылады. 
Бұрғылаудың өнеркәсіптік қалдықтары бұрғылау алаңындағы қоймаларда 
жиналады және оларда кейін арнайы қалдық сақтау орындарында алып кетіп, 
орналастыруды талап етеді. Бұл кезде қалдықтардың ластау шамасын бағалау 
маңызды орыналады. Жер асты суларында ластағыш заттардың мөлшері мен 


47 
улылығы тәуелді болады. Бұрғылау жұмыстарындағы ең негізгі және күшті 
ластағыш бұрғылау сұйығы. Оны дайындау үшін жиырмаға жақын химиялық 
реагенттер қолданылады, олардың көбінің мүмкін болатын концентрациясы 
орнатылғаннан жоғары.
Кен орындарын пайдаланғануа үлкен жер массивтері бұзылады. Мысалы, 
Қарашығанақ кен орнын игеруде 3000ға жуық егіс, жайылым және орман жері 
пайдаланылмақ.
Теңіз кен орнының ауданы 200км
2
. Аэрологиялық жағдайдың 
тұрақсыздығынан зиянды заттардың таралуы кездейсоқ апатқа ие. 
Атмосфералық күкіртті газдардың концентрациясының аэрокосмостық әдісін 
игеру үшін ұсынылған атмосферадағы ластануларды кешенді тәжірибелік 
зерттеулер жолы қанағаттанарлық нәтижелер беруде және жер үстіндегі 
аэрологиялық өлшеулер бекеттерін жеткілікиі де дұрысорналастыра, сондай-ақ 
жердің жасанды серіктеріне орналатылған қазірдің өзінде-ақ атмосфераны 
ластаудың ірі көздерінің маңындағы үлкен территорияларды аэрокосмостың 
қадағалаудың әдістемесін құруға мүмкіндік бар, ал ластаудың ірі көздеріне 
күкіртсутегі көп кен орындарындағы газ және мұнай өңдеу зауыттары жылу 
және атом электр станциялары, металлургиялық және химиялық зауыттар 
кіреді.
Көрсетілген әдістер әрбір кешен үшін қорғау аймағын анықтап береді.
Ластанудың тұрақты көздерінен шығарылатын зиянды заттардың жалпы 
мөлшерінің 32%-ті мұнай өңдеу зауытына, 37%-ті «Полипропилен» АҚ-на 
келеді. Жылдар бойынша қалдықтарды ұстау және зиянсыздандырудың 
дәрежесі тұрақты немесе төмендеуге бағыт алған. Мысалы облыс бойынша 
1987ж. Бұл көрсеткіш 36,8% болса, мұнай өңдеу зауыты бойынша 17,3%, «Ембі 
мұнай» АҚ-да 1,7% «Теңіз мұнайгаз» АҚ-да 1,3%. Ал, «Ембімұнай» АҚ үшін 
келтірілген 8 жыл үшін зиянды заттарды ұстаудың ең жоғарғы деңгейі 2,7%.
Жабдықтармен шаруашылық әрекет тәсілдерінің моралдық тозуы 
экологиялық қауіп тудырады. Жаңа технологиялық әдістерге көшу жаңа 
проблемалар әкеледі. Мысалы, ұңғыларды жөндегенде қоршаған орта 
ластанады. Бұл кезде ұңғы ішіндегі жабдықтарды жүздеген рет көтеріп-түсіру 
жүргізіледі.[1] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет