49. Сүт бездерін пальпациялау.
№
|
Қадамдар
|
Орындау критерийлері
|
1.
|
Пациентке өзін таныстырды
|
Өзінің аты-жөнін айтып, науқастың есімін, жасын сұрап, ем-шара барысын түсіндіріп, ем-шараға келісім алу
|
2.
|
Мұқият қолдарын өңдеді
|
Қолдарды қолды жуу техникасы ережесіне сәйкес сабынмен ағынды суда жуу, содан кейін таза, құрғақ сүлгімен сүрту
|
3.
|
Жарықпен қамтамыздандырды
|
Сүт бездерін қарау үшін пациентті терезе алдына келуін сұрау
|
4.
|
Пациентті қарауға дайындалуын сұрады
|
Пациент көкірегін бел тұсына дейін жалаңаштап шешінеді. Тұрған күйде қолдарын шүйде тұсында айқастырады
|
5.
|
Сүт бездерін қарады
|
Визуальды тері жамылғыларының түсін, емізікшелердің жағдайын (тартылуларды, пигментацияларды), қызаруды, «лимон қабықшасы» эффектісін, қатпарлардың немесе төмпешіктердің, бөртпелердің болуын бағалау
|
6.
|
Квадрант бойынша көлемі мен пішінін бағалады
|
Визуальды сүт бездерінің симметриясын (аз ғана ассиметрия болуы мүмкін), пішінінің дұрыстығын, көлеміндегі айырмашылығын бағалау
|
7.
|
Емізікшелердің, емізікше айналасындағы ареоланың пішінін және жағдайын бағалады
|
Визуальды бір деңгейде жатқан әр сүт безінің емізікшелерін және төменгі шекарасын бағалау. Симметрия, қолды төмен жіберумен қатар жоғары көтеру барысында да сақталады
|
8.
|
Пациентті дене қалпын ауыстыруды сұрады
|
Пациентті кеуде бұлшықеттерін қатайта тұрып қолдарын бүйіріне тіреуді сұрау
|
9.
|
Сүт бездерінің пальпациясын бастады
|
Бір қолымен сүт безін ұстап тұрып, ал келесі қолының алақан беткейімен перифериядан орталыққа қарай сағат тілімен сүт безін сипалау
|
10.
|
Пациентті дене қалпын өзгертуді сұрады
|
Пациент дәрігерге қарсы тұрып, қолдарын оның иығына түсіреді
|
11.
|
Кеуде бұлшықеттерінің палпациясын өткізді
|
Лимфа түйіндерінің үлкен кеуде бұлшықеті шелінде және жалпақ арқа бұлшықетінде бар немесе жоқ болуын анықтау
|
12.
|
Бұғана асты лимфа түйіндерінің пальпациясын өткізді
|
Дәрігер науқастың артына тұрып, саусақтарының алақан беткейімен бұғана асты, қолтық асты лимфа түйіндерінің пальпациясын жүргізеді
|
13.
|
Қорытынды жасады
|
Алынған мәліметтердің негізін қорытынды жасау
|
14.
|
Коммуникативтік дағдыларын көрсетті
|
Тексеру барысында пациентпен жылы шырайда болу, өз қорытындыларын әдепті түсіндіру. Пациентке сұрақ қоюға мүмкіндік беру. Пациентпен түсінікті және нақты сөйлесу
|
50. Қарттар мен егде жастағы адамдарда тірек-қимыл аппаратының жиі кездесетін аурулары үшін ұтымды фармакотерапия.
51. Қарттар мен егде жастағы адамдарда қазіргі заман жіктелуі, адамның биологиялық жасын анықтаудың негізгі әдістері, ерте қартаю факторы