2-45. Жасуша цитоплазмасындағы трофикалық қосындыларға жататыны: a. билирубин
b. гемосидерин
c. гликоген
d. липофусцин
e. меланин
2-46. Рибосомальді РНҚ синтезіне қатысатын ядроның құрылымы қайсы: a. ядро қабығы
b. ядрошығы
c. кариоплазмасы
d. эухроматині
e. гетерохроматині
2-47. Жасуша ядросының ядрошығы митоздың қай сатысында жойылады: a. интерфазада
b. профазада
c. метафазада
d. анафазада
e. телофазада
2-48. Митозда ядро қабығы майда фрагменттерге, кейде мембраналы көпіршіктерге айналатын мына сатылардың қайсысы: a. интерфаза
b. профаза
c. метафаза
d. анафаза
e. телофаза
2-49. Жасушадағы ядроның сыртқы мембранасы мына органеллалардың қайсысының мембранасымен жалғасады: a. эндоплазмалық тордың
b. лизосоманың
c. пероксисоманың
d. митохондрияның
e. Гольджи кешенінің
2-50. Жасуша ядросында гетерохроматині эухроматиннен басым болса ненің көрсеткіші болып табылады: a. жасушаның бұзылуының
b. жасушаның митозға өтуінің
c.+жасуша транскрипциясы белсенділігінің төмендеуінің
d. жасуша транскрипциясы белсенділігінің жоғарылауының
e. жасушалар полиплоидиясының
2-51. Жасушадағы ядроның эухроматині гетерохроматиннен басым болса, ол ненің көрсеткіші: a. жасушаның бұзылуының
b. жасушаның митозға өтуінің
c. жасуша транскрипциясы белсенділігініңтөмендеуінің
d.+жасуша транскрипциясы белсенділігінің жоғарылауының
e. жасушалар полиплоидиясының
2-52. Жасушаның тіршілік цикліндегі ДНҚ редупликациясы мен жасуша орталығының екі еселенуі мыналардың қайсысына тән: a. митозға
b. тыныштық кезеңіне
c. пресинтетикалық кезеңіне
d. синтетикалық кезеңіне
e. постсинтетикалық кезеңіне
2-53. РНҚ, тубулин белоктарының АҮФ-тың және жаңа жасуша орталығының пісіп жетілуі өтетін жасуша циклін табыңыз: a. митоз
b. тыныштық кезені
c. пресинтетикалық
d. синтетикалық
e. митоздың алдында