2-34. Жасуша органеллаларының ішіндегі мембранасы жоғы қайсы: a. митохондрия
b. пероксисома
c. микротүтікше
d. лизосома
e. эндоплазмалық тор
2-35. Мембранасыз органелла болып саналатыны: a. Гольджи кешені
b. жасуша орталығы
c. пероксисома
d. лизосома
e. эндоплазмалық тор
2-36. Жасуша органеллаларының ішіндегі мембранасы жоғы қайсы: a. Гольджи кешені
b. микрофиламенттер
c. пероксисомалар
d. лизосомалар
e. эндоплазмалық тор
2-37. Рибосомалардың қызметі: a. белокты синтездейді
b. гликогенді синтездейді
c. фагоцитозға қатысады
d. гликозаминогликандарды синтездейді
e. заттарды тасымалдайды
2-38. Жасушадағы белок молекуласын синтездейтін органелла қайсы: a. рибосома
b. лизосома
c. пероксисома
d. митохондрия
e. микротүтікше
2-39. Жас, әрі тез өсетін жасушалардың цитоплазмасында болатын, негізгі бояулармен боялатын органелланы табыңыз: a. лизосомалар
b. митохондриялар
c. рибосомалар
d. пероксисомалар
e. Гольджи кешені
2-40. Жасуша қаңқасын түзетін органеллаларға жататыны қайсы: a. митохондрия
b. жасуша орталығы
c. лизосомалар
d. Гольджи кешені
e. микротүтікшелер
2-41. Жасушадағы пигмент қосындысы болып табылатыны: a. меланин
b. бейтарап май
c. гликоген
d. сарыуыз
e. зимогенді түйіршіктер
2-42. Бейтарап май тамшысы жасуша қосындыларының қайсысына жатады: a. секреторлы
b. экскреторлы
c. пигментті
d. трофикалық
e. фагоцитарлы бөтен заттар
2-43. Эритроциттердің цитоплазмасындағы гемоглобин мына қосындылардың қайсысына жатады: a. трофикалық
b. секреторлы
c. экскреторлы
d. эндогенді пигментті
e. экзогенді пигментті
2-44. Ұйқы безінің жасушаларының құрамындағы зимогенді түйіршіктері мына қосындыларының қайсысына жатады: a. секреторлы
b. трофикалық
c. экскреторлы
d. эндогенді пигментті
e. экзогенді пигментті