1. Глоссарий Абберация мутацияның әсерінен хромосоманың құрылымының



Pdf көрінісі
Дата21.11.2022
өлшемі116,9 Kb.
#51576


1. Глоссарий 
Абберация – мутацияның әсерінен хромосоманың құрылымының 
зақымдануы. 
Аллеломорфты белгілер – бір геннің әр түрлі аллельдерінің әсерінен пайда 
болған белгілер.
Аллополиплоидия – Бір организмнің жасушасында әр түрдің диплоидты 
хромосомалар жиынтығы. 
Антигендер – организмге кірген бөгде заттар иммундық жауап туғызады.
Антидене – жоғары сатыдағы организмдердің иммундық жүйесі бөліп 
шығаратын белок, олар бөгде молекулалық заттарды ерекше түрде байлайды. 
Антидене организмдерде пайда болған антигендерге жауап ретінда бөлінеді.
Антикодон – тРНК молекуласының бөлігі, үш нуклеотидтан тұратын және 
өзіне сәйкес амин қышқылын кодтайтын иРНК ның үш нуклеотидтен 
тұратын бөлшегін таниды.
Аутбридинг – генетикалық туыс емес өкілдерді шағылыстыру.
Бактерофагтар – бактерияларда өсіп-өнетін вирустар. 
Биотехнология - әр түрлі микробиологиялық синтезді, генетикалық және 
клеткалық инженерияны, ферменттер инженериясын қолдану арқылы 
өсімдіктің, жануарлардың организміне ықпал ететін және жасанды 
қосылыстарды өндірістік реакторларда алу үшін көп бағытта жүргізілетін 
ғылыми-техникалық салксы. 
Вектор – дербес еселенетін генетикалық құрылым, оның көмегімен 
өзгертілетін геномға тиісті генді жеткізіп орналастыруға болады.
Ген – тұқым қуатын ақпараттық құрылымдық бірлік. 
Ген инженериясы – алдын ала белгілі жаңа қасиеттері бар тірі оргаизмдерді 
жасау мәселелерін зерттейтін молекулалық биологияның саласы. 
Генетикалық код – белок молекуласына қажетті амин қышқылдарының 
орнын анықтайтын ДНҚ молекуласындағы үш негізден тұратын тізбек. 
Генотип – организмдегі гендер жиынтығы. 
Делеция – мутацияның нәтижесінде хромосоманың орта бөлігінің жоғалуы. 
Иммунитет – генетикалық бөгде белгілері бар заттардан және тірі денелерден 
организмнің қорғану әрекеті. 
Иммундық 
реакция 
– 
генетикалық 
бөгде 
заттарды 
құртуға, 
бейтараптандыруға бағытталған организмнің бейімділік жауабы. 
Инбридинг - өте жақын туыстас өкілдерді шағылыстыру. 
Кариотип – түрге тән хромосома жиынтығы. 
Клеткалық инженерия – қайта құрастыру, будандастыру, өсіру негізінде 
жасушаның жаңа типін жасау әдісі. 
Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен тараған жасушалар 
немесе ұрпақтар. 
Кодон – триплет. 
Комплементарлық – бірін – бірі толықтырушы гендендің болуы, олар бірге 
әсер етіп, белгінің пайда болуына себеп болады.
Локус – хромосомадағы белгілі бір геннің орны. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет