Өсу. Жасушалардың митоздық бөлінуі нәтижесінде дене жасушаларының саны артады. Сондықтан көпжасушалы ағзалар өседі.
Жасушалардың жаңаруы. Жасушаларының митоздың бөлінуі арқылы өлген немесе жойылған жасушалар қалпына келеді. Мысалы, тері жарақаты кезінде
Регенерация. Кейбір жануарлар өздерін қорғау үшін дене бөлімдерін үзіп тастай алады, мысалы шаянтәрізділер аяқтарын, теңіз жұлдызы өзінің бір бөлігін, кесіртке құйрығын тастайды. Осы дене бөліктері жасушалардың митоздық бөлінуі арқылы қалпына келеді.
Генетикалық тұрақтылық. Митоз нәтижесінде хромосома саны бірдей екі ядро пайда болады. Бұл жасушалар ата-анасының ДНҚ- сының көшірілуі нәтижесінде пайда болғандықтан генетикалық ақпараттары бірдей, яғни түзілген жасушаларда генетикалық тұрғыдан ешқандай өзгеріс болмайды. Генетикалық тұрақтылықты сақтау мүмкін болады.
Жыныссыз көбею. Жыныссыз көбею кез-келген ата-ананың біреуінің жасушаларының митоздық бөлінуінің нәтижесінде ұрпақ беруі. Бұл қарапайым біржасушалыларда жүрілетін көбею түрі.
Митоз- генетикалық тұрғыдан және хромосомалық жиынтығы аналық жасушамен бірдей диплоидты екі еншілес жасушаның түзілуі.
Мейоз
Жыныс жасушаларының бөліну жолы.
Хромосоманың диплоидты жиынтығы бар бір жасушадан гаплоидты хромосом жиынтығы бар төрт жасушаның пайда болуы. Гаметаның түзілуі-мейоз