1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану


Өздік етіс. Өздік етіс – субъектінің қимылы сол субъектінің өзін қамтығанын білдіретін етістің түрі



бет40/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61
Байланысты:
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

Өздік етіс. Өздік етіс – субъектінің қимылы сол субъектінің өзін қамтығанын білдіретін етістің түрі. Мысалы, Бала пәлтесін киді деген сөйлемдегі қимылды атаған сөз – ки етістігі, кию қимылының логикалық субъектісі – бала, сөйлемде бұл затты атаған сөз бастауыш қызметінде тұр, аталған қимыл қамтыған объект-зат – пәлте, бұл сөзді атаған зат есім тура толықтауыш қызметінде тұр. Енді сөйлемдегі етістікке өздік етіс жұрнағын қосып, сөйлемді қайта құрастырайық: Бала киінді. Енді киіну етістігі арқылы аталған қимылдың субъектісі мен объектісін анықтап көрейік: киіну қимылын жасаған – бала, яғни логикалық субъекті өзгерген жоқ, ал осы киіну қимылының объектісіне келсек, яғни, қимыл қамтыған зат – баланың өзі болып тұр. Басқаша айтсақ, кию қиымылының логикалық субъектісі – бала, объектісі – пәлте болса, киіну қимылының субъектісі де, объектісі де – бала. Бұл мағына етістікке өздік етіс жұрнағын қосу арқылы алынды. Ендеше өздік етіс дегеніміз – қимылдың субъектісі де объектісі де бір зат екенін білдіретін етіс болып шығады.
Өздік етісті анықтауда етістіктің негізі білдіретін қимылдың логикалық субъектісі мен объектісін анықтап алып, оны етіс жұрнағы жалғанғанн кейінгі етістік атаған қимылдың субъектісі мен объектісімен салыстыру әдісін қолданамыз. Мысалы, таран, боян, т.б. Таран етістігінің негізі – тара: бұл қимылдың логикалық субъектісі – кез келген зат (адам) бола алады, ал объектісі – шаш, немесе тарауға келетін басқа заттар; тара етістігінен алынған таран сөзі атайтын қимылдың логикалық субъектісі де - кез келген зат (адам) бола алады, бірақ тарану қимылы енді шаш, немесе тарауға келетін басқа заттарды емес, субъектінің өзін қамтығанын көреміз, яғни тарану әрекетінің субъектісі мен объектісі – бір зат. Сол сияқты бояну әрекетінің субъектісі – қыз десек, объектісі – сол қыздың көзі, шашы, беті, т.б. болуы мүмкін. Ал бояну әрекетінің субъектісі мен объектісі – қыздың өзі, өйткені бояну әрекетін қыз өзіне жасады.
Етістіктің өздік етіс тұлғасы тек сабақты етістіктерден ғана жасалады. Дегенмен сабақты етістіктердің бәрі бірдей өздік етіспен түрлене бермейді. Тек тура объектісін атайтын зат субъектінің бөлшегі немесе меншігі болатын етістіктерден ғана өздік етіс формасы қалыптасады. Мысалы, бояу қмиылының тура объектісі болатын бет, көз, шаш, т.б. қимылды жасаушы адамның бөлшегі- дене мүшелері, кию қимылының тура объектісі – киімнің түрлері –субъектінің меншік заттары. Салт етістіктер өздік етіс жұрнағын қабылдамайды.
Белін буынды, шашын таранды сияқты етістіктің негізі атайтын қимылдың тура объектілерін өздік етіс тұлғаларымен тіркестіріп қолдана беруге болады, бірақ бұл – қазақ тілінің сөйлеу нормасына сай емес, стильдік мақсаттағы нормадан ауытқу болып табылады.
Өздік етіске беріліп жүрген анықтамалардың бірі – «қимылды субъекті өзіне жасағанын, немесе өзі үшін жасағанын білдіретін етістің түрі өздік етіс деп аталады». Мұндағы «субъекті қимылды өзі үшін жасағанын білдіретін етіске» сұран, қаран, ойлан, тебін, көрін, т.б. с.с. қатардағы етіс тұлғасындағы сөздер жатқызылып жүр. Бұл етіс тұлғаларындағы етістік арқылы аталған қимылдарда субъектілер әрі объекті ретінде көрінбейді. Яғни, субъектінің қимылы өзін қамтымайды. Есесіне қимылды субъекті өзі үшін жасағанын байқаймыз. Өзі үшін сұранады, өзі үшін қаранады, өзі үшін ойланады, т.б.
Өздік етіс жұрнақтары кейде етістік тудырушы құранды жұрнақ құрамында кезедседі: намыстан, ауыздан, т.б.. Сондай-ақ бүгінгі таңда түбірін анықтау қиындаған сөздердің құрамында да ұшырасады; оян, үйрен, т.б..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет