1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану



бет41/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61
Байланысты:
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

Өзгелік етіс. Өзгелік етіс қимылды субъектінің өзі емес, өзге субъекті (агенс) жасайтынын білдіретін етістің түрі. Етістің бұл түрінде логикалық субъект қимылды өзі атқармайды, қимылдың жүзеге асуына түрткі, себепші болып, сөйлемде бастауыш қызметінде көрінеді. Ал қимылды басқа субъекті, яғни, агенс, жүзеге асырады. Оның сөйлемге қатысуы міндетті емес, қатсыса қалса, барыс септігі арқылы жанама толықтауыш қызметінде келеді. Мысалы, Әкем хат жазғызды. Жазу қимылының иесі – әкем, жазғызу қимылының да негізгі субъектісі – әкем, бірақ қимылды өзі жасаған жоқ, хатты басқа біреу жазды. Әкем хатты әпкеме жазғызды деп сөйлемге істі орындаушыны қатыстырсақ, ол барыс септігі арқылы жанама толықтауыш қызметінде көрінеді. Яғни, хатты жазған – әпкем, оған түрткі болған – әкем. Сөйтіп, өзгелік етіс тұлғаларында логикалық субъекті саны кемінде екеуден кем болмайды. Оның бірі – негізгі логикалық субъект – істі өзі орындамайды, қимылдың жүзеге асуына түрткі болады, сөйлемде бастауыш қызметінде келеді; екіншісі – істі тікелей орындаушы, агенс, сөйлемге барыс септігі арқылы жанама толықтауыш қызметінде қатысады.
Өзгелік етіс тек сабақты етістіктерден ғана жасалады. Сабақты етістіктерге өзгелік етіс жұрнағын қосқанда ғана істі тікелей атқарушы қосалқы субъект, агенс, пайда болады. Мысалы, Мен ініме сабағын оқыттым. Қимылдың атқарылуына түрткі болған субъект – мен, сөйлемде бастауыш қызметінде келген, тікелей орындаушы агенс – інім, сөйлемде жанама толықтауыш қызметінде тұр. Ал етістіктің негізіндегі тура объекті етістік өзгелік етіске айналғанда өзгеріссіз тура толықтауыш қызметінде қалады: сабағымды оқыдым – сабағын оқыттым. Басқаша айтсақ, сабақты етістікке өзгелік етіс жұрнағын қосқанда, ол сабақтылық мағынасын сақтап қала береді.
Салт етістіктерге өзгелік етіс жұрнағын қосқаннан бірден өзгелік етіс пайда болмайды. Өзгелік етіс жұрнағын салт етістікке қосқанда төмендегідей семантикалық өзгерістер орын алады:

  1. Салт етістік сабақтыға айналады: кел –келтір, шық – шығар, піс –пісір, т.б.. Бұл құбылыс келесі өзгерістерге себеп болады.

  2. Салт етістіктің субъектісі сабақты етістіктің тура объектісіне айналады: ет пісті – етті пісірді. Салт етістіктің субъектісі болған сөйлемдегі бастауыш ол өзгелік етіс жұрнағы арқылы сабақты етістікке айналғанда тура толықтауыш болып келген;

  3. Сабақты етістіктің өз субъектісі пайда болады. Әйелдер етті пісірді. Мұндағы логикалық субъекті істі тікелей атқарушы да.

Сөйтіп, өзгелік етіс жұрнақтары салт етістікке бір қайтара қосылғанда, оны тек сабақты етістікке ған айналдырады, өзгеліс етіске тән грамматикалық мағынаны білдіре алмайды. Өйткені Әйелдер етті пісірді дегенде істі атқарушы субъекті саны – біреу-ақ, Мен ініме сабағын оқыттым деген мысалдағы сияқты екінші субъект көрінбейді. Ал осы салт етістіктен сабақтыға айналған етістікке тағы бір өзгелік етіс жұрнағын қоссақ, ол енді өзгелік етістің мағынасын білдіріп, логикалық субъект саны өседі. Әйелдерге ет пісіртті. Енді мұнда әйелдер істі тікелей орындаушы агенске айналып, толықтауыш қызметінде келген де, пісірту қимылына басқа субъект түрткі болған.
Сөйтіп, өзгелік етіс жұрнақтарының бір ерекшелігі – бір сөзге бірнешеуі бірінің үстіне бірі қосыла алады. Әкем хат жаздыртқызды. Бұл кезде енді істі орындауға қатысатын субъектілер саны да өсе береді. Әкем – істің жүзеге асуына түрткі болған негізгі субъект, ол әпкеме тапсырма берді, әпкем үшінші біреуден осы істің орындалуын сұрады, үшінші адам төртінші тұлғаға орындатты. Яғни хатты жазу әрекетін тікелей орындаған тек төртінші қатысушы болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет