1 глоссарий бөлім пән бойынша глоссарий этностық дискриминация


Қазіргі замандағы алғашқы қауымдық қоғамдар



бет13/24
Дата08.11.2022
өлшемі435,5 Kb.
#48556
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
«Отбасы педагогикасы дәріс (1)

Қазіргі замандағы алғашқы қауымдық қоғамдар. Жаңа кезең басындағы алғашқы қауымдық қоғамдардың жағдайы туралы мәселе екінші дүние жүзілік соғыстан соң империализмнің колониялық жүйесі құлағаннан кейін, артта қалған көптеген елдер жеке өз алдарына бөлініп шыққаннан бастап аса маңызды болды. Олардың кейбірінде ішкі алғашқы қауымдық периферия әлі күнге дейін сақталуда, дегенмен дәл қазіргі таңда олардың саны өте аз.
Алғашқы қауымдық тайпалардың тіршілік ету ареалдарының ең ірісі – қазіргі заманғы техниканың да күші жетпейтін Оңтүстік Америка ормандары, негізінен, Бразилия сельвасы. Шамамен есептегенде, бразилиялық үнділіктердің 1/5 бөлігі үнділік емес халықтармен тұрақты қатынаспай, өздерінің қарапайым шаруашылықтарын жүргізіп, алғашқы қауымдық мәдениеттерін сақтап қалды, тіпті кейбіреулері соңғы кезге дейін тастан жасалған құралдарын пайдаланады.
Алғашқы қауымдық қоғамның басқа ареалдары біршама аз болса да, бірқатар елдерде сақталуда. 1960 жылдары Филиппин аралы Минданаоның таулы ормандарының бірінде сол кезге дейін белгісіз болған тасадай тайпасы табылды. Тайпаны зерттеуші этнографтар олардың тастан және бамбуктен жасалған құралдарды пайдаланғанын анықтады. Сол кездері Папуа – Жаңа Гвинеядағы Сепик және Мэй өзендері бассейндерінде таскөмір дәуірінде өмір сүрген бірнеше папуасс тайпалары табылды. Осы кезде Намибия территориясының оңтүстік африкалық Калахари шөлінде тіршілік еткен бушмендерді зерттеу басталды: олар көршілес тайпалардан алған темірден жасалған пышақ, т.б. құралдарды пайдаланған, ал жалпы алғанда, олардың мәдениеті мезолиттегі аңшылық сипатта болған.


5.5 Қазіргі заманғы дүниедегі алғашқы қауымдық
құрылыстың қалдықтары

Алғашқы қауымның қалдықтары алғашқы қауымдық құрылымның жойылуына байланысты таптық пайда болған қоғамдарда, яғни ертедегі шығыс және феодалдық қоғамдарда көбірек сақталып қалғаны түсінікті. Антикалық қоғамдарда алғашқы қауым қалдықтары оларға қарағанда төмендеу дәрежеде сақтана, капиталистік қоғамда ешқандай белгісі қалған жоқ. Осыған сәйкес, алғашқы қауымның қалдықтары дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарға тән болды. Алғашқы қауымның қалдықтары таптар түзілу кезеңдерінің құрылымы, нормалары мен түсініктері болып саналады. Осылардың көбі одан әрі трансформацияланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет