Кең мағынада табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн



Дата18.02.2022
өлшемі450,37 Kb.
#25837
Байланысты:
капитал (1)


Капитал

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Гүңшебай М

Қабылдаған: Ыбышова С

Алматы 2021 ж

Капитал  (басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.

Ақша айналымға пайда түсіру

үшін, яғни бастапқы жұмсалған

сомадан артық сома алу мақсатында

жұмсалған жағдайда капитал болады.

Капитал айналымының жалпы

формуласы мынадай: А-Т-А’;

мұндағы А’=А+DА,

ал DА – ақша өсімі.

Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Өндірістік капитал екіге бөлінеді:

1 негізгі

2 өзгермелі

Негізгі капитал-өндірісте ұзақ мерзім бойына қатысатын өндірістік капитал үлесі ол өз құнын дайын өнімге біртіндеп аударады. Оған өндірістік ғимарат, еңбек құралы, машина, техника және т.б жатады. Өзгермелі капитал- бұл өз құнын жаңадан жасалған өнімге бірден толық мөлшерде аударатын өндірістік капитал үлесі. Ол ақшалай формада өз иесіне 1айналым кезінде қайтарылады. Оған шикізат, жанармай т.б жатады. Кәсіпкерлер негізгі капиталды сақталып қайта қалпына келуге ерекше мүмкіндік береді. Негізгі капитал тозуы амартизация деп аталады.

Негізгі қорлар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысып, жәй-жәй тоза бастайды, яғни физикалық күштің, техникалық және экономикалық факторлардың әсер етуімен өзінің құрамын жоғалтады және жарамсыз болып қалады.



Тозу – моральдық және физикалық сипатынан айыратын процесс. Негізгі қорлар тозуының екі түрі бар физикалық және моральдық.

Физикалық тозуда негізгі қорлардың тұтыну құнының жоғалтуы болады, яғни еңбек процесінің, табиғат күштерінің әсер етуімен технико-экономикалық және әлеуметтік сипатының нашарлауы, сонымен қатар негізгі қоррларды пайдаланбау есесінен.

Өндірісте тозған негізгі қорлардың көпшілік бөлігі, мысалға өнеркәсіпте халық шаруашылығында елеулі шығындарға алып келеді, себебі біріншіден – құрал-жабдықтың көнеруі оны жұмыс жағдайында сақтап тұру үшін капиталдық жөндеуге қаржы салуды көбейтуді қажет етеді; екіншіден – ескірген өндіріс түгелдей жаңа техниканы пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан өнім және қызмет көрсету көлемі азаяды. Техникалы қартта қалған және моральды тозған шығынды өндіріс ғылыми техникалық прогресске бөгет жасайтын тоқырау аймағын тудырады.

Моральдық тозу көбінесе физикалық тозудан ерте келеді, яғни әлі пайдалануға болатын негізгі қорлар экономикалық тиімсіз болады. Өз кезегінде моральдық тозу екі түрге (немесе екі факторға) бөлінеді:

Моральдық тозудың бірінші түрі – машиндердің жарты бөлігінің құнын физикалық тозусыз жоғалту, яғни сол машиндердің жаңа жағдайдағы дайындалуының арзандау нәтижесінен (ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін пайдаланып). Бұл түрдің моральдық тозуы дәл сондай конструкциялы машиндерді шығару үшін жұмыс уақытының азаюынан болып тұр. Моральдық тозудың бірінші түрі құрал-жабдықтың қызмет ету уақытының ұзақтығымен, оның физикалық тозуының дәрежесімен байланысты емес, ол өнімді дайындау құнын төмендететін техникалық прогресстің қарқынына байланысты. Моральдық тозудың бірінші түрінде негізгі қорлардың тұтыну құны, құрал-жабдықтың өнімділігі өзгермейді, тек негізгі қорлар құны өзгереді.

Моральдық тозудың екінші түрі — бұл бар машиндердің, құрал-жабдықтардың әрекет ету ұзақтығының қысқаруы, оның өнімділігінің және қуаттылығының төменделуімен, ал көне машиндердің жаңалармен салыстырғандағы эксплуатациясы өндірісті үлкен шығындарға алып келетіменен серттелген.



Негізгі қорлардың инвентаризациясы.

Инвентаризация – бұл мүліктің және міндеттемелердің нақты барлығын бухгалтерлік есеп мәліметтерінен сәйкестігін тексеру.

Есептік жылдағы инвентаризация мөлшері, оларды жүргізу уақыты, мүлік тізімін шаруашылық субъектімен орнатылады, мына жағдайларда инвентаризацияны жүргізу міндетті болып саналады. ●   жылдық бухгалтерлік есепті құрастырудан бұрын, есептік жылдың 1 ноябірінен кейін; ●   кәсіпорын мүлігін арендаға, сатуға, сатып алуға берерде, сонымен қатар шаруашылық объектінің өзгерісінде; ●  ұрлық немесе қиянат, сонымен қатар құндылықтарды бүлдіру фактілері анықталғанда тез арада жүргізеді ; ●    жойылу балансын құрудан бұрын субъектінің жойылуы кезінде; ●  экстремальды жағдайлардан болған өрт немесе апаттардан кейін тез арада жүргізеді; ● субъекттің есептік саясатпен анықталған мезгілінде негізгі қорларды қайта бағалау кезінде және басқа да Қазақстан

Әдебиеттер

1. Әубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.

2. Әкімбеков С, Баймухаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет.

3. Жүнісов Б.А., Комягин И., Байжомартов Ү., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994.

4. Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.

5. Симкина А. Общая экономическая теория. П, 2002.



Назарларыңызға

рахмет !

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет