1 глоссарий пән бойынша глоссарий


ДӘРІСТЕР Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар



бет3/9
Дата12.07.2023
өлшемі148,5 Kb.
#104269
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 ДӘРІСТЕР
Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.


Міндеттері:
- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;
- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.
Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.
Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.
Дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Модуль 1. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті және жеке тұлғасы
Тақырып 1. «Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы» пәні, мақсаты мен міндеттері
«Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі теориясы мен приктикадағы пәннің рөлі мен орны. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет