1 Горбология қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау


Қоқыс Зиянды (химиялық, биологиялық)



бет2/12
Дата04.11.2023
өлшемі1,29 Mb.
#122068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1573495948 3

Қоқыс





Зиянды (химиялық, биологиялық)

Зиянсыз (пластмасса, қағаз т.б)



І зерттеу
Қоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Менің ауылымның экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі, ауыл халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді. Шелек селолық округі 38 450 адамнан құралған. Менің зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1,2-1,4 кг. қоқыс шығарса сонда 1 адам 1 айда 42 кг, жылына 1 адам жылда 504 кг қоқыс, 38450 адам 1 жылда 19378800 кг қоқыс полигонына апарылады екен. Шелек ауылында күл-қоқыс төгетін орын белгіленіп, 12 гектар жерге құжаттандыру жұмыстары аяқталды. Шелек ауылының тұрмыстық күл-қоқысын шығарумен 2 мекеме жұмыс жасауда : ЖШС « Фито Санитар» және ТОО « Шелек Таза». Шелек ауылында 2000-2020жж.арналған қоқыс полигонының сызбасы және қалдықтарды көму технологиясы көрсетілген. Әр 20 жыл сайын қоқыс полигонының орнын ауыстырып өзімізді - өзіміз жұбатамыз. Егер ауылдың күндіз –түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар.

Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімсіз-ақ өзін-өзі тазартып ала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалауға табиғатта шама жоқ. Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қо­қысқа тастайтын пластмасса құты­­лар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құрт­ша» топырақ құнарын жеп жатады.Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады . (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет