1) Өз күшімен немесе келісім шарт бойынша зиянкестерді және карантиндік арамшөптерді (арам шырмауық, айраншөп, соралар) жою бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізу; 2) Көппәтерлі үйлердің подъездерін тазалықта әрі тәртіпте ұстау, олардың тиісінше жарықтандырылуын, лифтердің, қоқыс құбырларының жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету; 3) Бөлінген аула аумақтарына жиі жөндеу жұмыстарын жүргізу, тазалау, суғару, құм себу, суағарлар, қоқыстар мен жапырақтарды жағуға жол бермеуі; Қышқыл сүт өнімдерінің стакандарын көшет отырғызуға пайдаланады. Пластикалық бөтелкелерді воронка, баубақша үшін қол жуғыш жасауға болады. Біздің қала бойынша жүргізген зерттеуімізге назар аударсақ қазір тұрғын үй секторында 1662 контейнер орналасқан, бұл Қалдықта рды жинау Тасу Іріктеу Қайта өңдеу Көмуқоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау қолға алынғанын білдіреді.
Күнделікті тіршілікте 1 адам соңынан қаншама тұрмыстық қалдықтар шығарылады, оған әр үйде қажеткежарамайтын қаншама материалдар мен заттар қосылады. Біз ауылдан шығарылатын тұрмыс қалдықтарының құрамы зерттелді. Зерттеу нәтижелерін кесте түрінде көрсетілді.
Қазақтың жері дархан, киелі, қасиетті. Оны көздің қарашығындай қадірлеу- бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты. Осыған орай жұмыр жердің ризығын алып, ауасын жұтып отырып, оған қатыгездік жасау пенденің күнәһарлығы. Қай уақытта да ғұмыр кешіп отырған ортамызды таза ұстау, Жер-Ананың жүрегін жараламау-бізге міндет. 1986 жылы маусым айында Мюнхенде экологияға арналған 11 қағида мен 11 ұстаным қабылданды. Мен осы ұстаным бойынша жұмыс жасап келемін.
Ауаның ластануына жол бермеймін.
Судың таза болуы үшін бар жағдайды жасаймын.
Мен жер ландшафттарын сақтауға бар күшімді жұмсаймын. Жердің құнарын кетіретін зиянды заттарды пайдаланбаймын. Мен өзімнен кейін тұрмыстық қалдықтарды қалдырмаймын.
Мен үнемі жануарларды қорғаймын.
Энергия көздері мен шикізаттарды үнемді пайдалануға тырысамын.
Өсімдіктердің түрлерін сақтауға және оны қорғауға жұмыстанамын.
Мен тек биологиялық таза көкөністер мен жемістерді өсіріп, сатуға еңбектенемін.
Тұрмыс қалдықтарының азаюны ықпал жасаймын.
Мен шудың азаюы үшін бар мүмкіндікті пайдаланамын. 10. Мен саналы тұтынушы болуға жұмыстанамын. 11. Мен осы қағидаларды үнемі ұстануға уәде беремін.
Қазіргі таңда ауылымызда қолға алынған жұмыстардың бірі сәуір-мамыр айларында экологиялық-санитарлық тазалық айлығы жарияланып, көптеген көшелер жиналып,
Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинақтау,оны жою,өңдеу өте күрделі және өзекті мәселе.Қоқыспен тиімді жұмыс жасау үшін шарттар: -табиғат пайдаланушылардың қалдықтарды есепке алу,өңдеу және залалсыздандыру жұмысындағы жеке жауапкершілігін күшейту,әрі шығарылатын қалдық мөлшерін азайту шараларын еңгізуді талап ету; -қалдықтарды залалсыздандыру мақсатындағы инфражүйелер мен өндірістік қуатты дамыту,өндірісте пайдаланылған үлкен қалдықтарды екінші қайтара игеруді жүзеге асыру; “Тазалық-2015” ұраны бойынша жыл сайын сәуір айында барлық ауыл тұрғындарының атқаратын қызметі –қыс бойы жиналған қоқыс қалдықтарын шығару болып табылады.Алайда тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін Шелек ауылы бойынша ешқандай зауыт,кәсіпорындар болмағандықтан, барлық қалдықтар ауыл сыртынан 2 шақырымда орналасқан арнайы орындарға төгіледі. Сонымен қатар,қыстан шыққан мал қилары арнайы орындарға төгіліп, сәуір-мамыр айларында қайта өңделі (суқұйып,езуарқылы), кептіріліп, қысқы отын ретінде қайта қораға кіргізіледі. Сонымен қатар,қыстан шыққан мал қилары арнайы орындарға төгіліп, сәуір-мамыр айларында қайта өңделіп (суқұйып, езу арқылы) кептіріліп, қысқы отын ретінде қайта қораға кіргізіледі. Қоқысты жинақтау мәселесін шешу үшін алғышарттар жасау керек. Оның ішінде: -Арнайы бағдарлама қабылдау; -Қаржыландыру көздерін қарастыру; -Семинарлар өткізу; -Шелек ауылы бойынша өңдейтін зауыттар ашылып,әр зауыт өзіне керекті қоқыстарды өздері тасымалдау; Қоқыс проблемасы жайында Алматы қаласы табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық ақпарат бөлімінің бастығы Аухинова Нəзия Нұртазақызының айтуынша, қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау министрлігінің стратегиялық екі басты индикаторы бар. Яғни, əртүрлі қалдықтардың ауаға таралуын азайту жəне қалдықтарды өңдеу мəселесі. Осы күні Қазақстанның барлық облысында соңғы технологиямен салынған қалдықтар полигоны мен шикізат өндірісі деген мүлде жоқ. Кішігірім түрлі-түсті, қараметалмен, макулатурамен айналысатын өнеркəсіптер бар. Болашақта менің басты ойым- қоқыстарды далаға шашпайтындай етіп,тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өңдейтіндей кәсіпорындар салғым келеді.Ең алдымен,мұндай мәселелерді шешуші басты құрал –қаржы болып есептеледі.Ал,қазіргі кезде қаржы мәселесін сылтау ғып алға тартпауға болады. Себебі, үкімет ”Қазақстан-2020” бағдарламасы бойынша қаншама жеңілдіктер жасап жатқанын білеміз.Ол үшін ең алдымен,өзімнің даму (бизнес) жоспарымды жасап алуым қажет.Сосын барып,үкіметтің қолдауын пайдаланып осы жобаны іске асырғым келеді және іске асырамын деп сенімді түрде айта аламын. Біздің облыс бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру, тасымалдау, жинау және жою жүйелері қазіргі талаптарға сай келмейді. Сондықтан бұл мәселе шұғыл шешулерді талап ететін мәселеге айналып отыр.
Облыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар ағындарын басқару жүйесі қоршаған ортаның жағдайын жақсартады және оны экономикалық, энергетикалық жағынан дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
Шелек ауылында қоқыс жинайтын алаңдар мен энергетикалық станциялардың салыну мүмкіндігі келтірілген. Ол үшін Шелек ауылында 1 тәулікте, 1 айда, 1 жылда шығарылатын қоқыс мөлшері анықталды. Сол мөлшерден шыққан экономикалық және энергетикалық эффектілері көрсетілді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің оптималды қызметін қамтамасыз ету үшін, келесі міндеттерді шешу қажет:
•қалдықтарды олардың пайда болу көздерінде қысқарту;
•қатты тұрмыстық қалдықтарын іріктеу және қайта қолдану мәселесін шешу;
•қоршаған ортаға әсерін максималды түрде азайтуға жол беру үшін
• қолданбайтын қалдық бөлімін көму мәселесін шешу.
•полигонға жақын жерде қоқысты өртеу үшін энергетикалық станция тұрғызу.
•қоқысты дұрыс сұрыптау мақсатында әрбір контейнерлері бар жерлерде қоқыс жинайтын алаңдарын салу.