1. Халелдің тіл саласындағы орны Ғалымның қазақ тілі жайындағы ойлары Терминдердің қазақ халқына әсері



бет2/2
Дата16.10.2023
өлшемі439,37 Kb.
#116457
1   2
Алаш ұлы қазақ тілі жайында
«Қазақ тілі тексеріліп болған жоқ. Біз жат тілдерге қызығуды қойып, әуелі өз тілімізді дұрыстап тексеруіміз керек. Шындап тексерсек, қазақ тілінің өзінен пәнге жарайтын көп сөздер табылады» 
«Осы күнгі қазақтың әдебиетінде шеттен кірген сөздер көбейіп кетті. Төңкерістен кейін шыққан журнал-газеталардың іші толған жат сөз. Білім, оқу әдебиеті де жат сөзге байыды. Заманымыздың көркем әдебиетіміз де жат сөзден құр емес. Оқушыға да, үйренушілерге де, үгіттеушілерге де, жазушыға да, білімдіге де, шешенге де, ақынға да жат сөзсіз күнелте алмайтын заман туды. Топан судай қаптап тілімізді жат сөздер басып бара жатқан мезгілде ескерілмей, ұмытылуға айналған тіліміздің бір негізгі заңын еске салғымыз келеді».
Қазақ –қырғыз тіліндегі сингармонизм
«Қазақ –қырғыз тілінің сингармонизмы»
Ғалым тілде болып жатқан құбылысты, кірме сөздер тасқынының күшейгенін айта отырып, бұл үрдістен шет қалу мүмкін болмайтын уақыт туындады дейді.
өзге тілдерден сөз қабылдағанда өз тіліміздің заңдылықтарын сақтауды ең басты мәселе ретінде көтереді.
Бұл орайда тіліміздегі үндестік заңы қатал сақталуы қажет деп есептейді. 
Кірме сөздер тілімізге қабылданғанда танымастай болып өзгеріп, қазақ тілінің заңдарына бағынуы керек дейді.
Мысалы, оның авторлығымен жарық көрген оқу құралдарында терминдер неріб (нерв), әмөбі (амеба), дезентерие (дизентерия), мекірескөп (микроскоп), пизиелогійе (физиология), доқтыр (доктор), елемент (элемент), мүлиен (миллион) түрінде қолданылады.
01
02
-өзге тілдерден жұрнақтар алмай, кірме сөздердің барлығына төл жұрнақтарымызды ғана жалғау. 
Халел Досмұхамедұлы бұл тұжырымы арқылы шет тілдерінің сөздерін қабылдауға қатысты екі мәселені атап көрсетеді. 
-кірме сөздердің тек түбірін ғана қабылдау
«Елдің тілін бұзатын – көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған мәдениетті елдердің әсері. Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады. Бұлар жат әсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін өзгертуге жол басшы болады. Оқығандар өзіне лайық әдебиет тілі деген тіл түзейді. Түзеген жаңа тілін ел ішіне жая бастайды, көбіне зорлап кіргізеді» деген ғалым пікірі де шындықтан алшақ кетпейді. Ғасыр басында да мұсылманша оқығандар бір жаққа, еуропаша оқығандар екінші жаққа тартқаны мәлім. Орыс тілінің ықпалы күшейіп, орысша оқығандар саны артқан кеңестік кезеңде біздің ғылым тіліміздің, терминологиямыздың даму бағытын солар белгілеп, үлкен өзгерістер жасағаны белгілі. Ғалым пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге бүгінгі қазақ терминологиясынан жүздеген мысалдар келтіру еш қиындық туғызбайды.
Алаш зиялысының қазақтың өз тілінде термин жасаудың бейнетін көргеніне, ғылыми ұғымдардың атауларын қазақша жасауға шын бас қатырғанына еш күмән келтіре алмаймыз. Өйткені, оның сөзіне істеген ісі нақты дәлел болады. Ғалым қазақ баласына арнап жазған оқу құралдары мен оқулықтарының қай-қайсын ашып қарасаңыз да, кірме атаулар үлесі өте аз. Ондағы терминдердің негізгі басым бөлігін автордың өзі ұлт тілінде жасағанын көруге болады. 
Қорытынды:
Ғылыми ұғымды дәл бейнелеп, тіл тұтынушыларының көңілінен шыға қоятындай термин жасау – тілді жетік білуді, шығармашылық шеберлікті, көп ізденісті қажет ететін өте күрделі шаруа. Ғалым оны жақсы түсінді. Сөйте тұрып, жауапкершіліктен, қиындықтан қашқан жоқ. Ол қазақ ұлтына, оның ғылым тілін, терминдер қорын жасауға қызмет етуді өзіне міндет санады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет